Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда наурызда ең жоғары инфляция тіркелді

Қазақстанда наурызда ең жоғары инфляция тіркелді

Жыл басынан бері наурызда елімізде ең жоғары инфляция тіркелді. Бұл туралы Ұлттық Банк хабарлады.

Ұлттық банк дерегінше, наурызда инфляция 3,7% деңгейінде, ал жылдық ифнляция 12% деңгейінде болды.

«2022 жылғы наурызда тұтыну бағалары 3,7%-ға өсіп, 1996 жылдан бастап осы ай үшін ең жоғары мәнді көрсетті. Жылдық мәнде баға 12%-ға дейін өсті», – деп хабарлады Ұлттық банк өкілдері.

Наурызда азық-түлік тауарлары бағасы жылдық мәнде 15,4%-ға дейін жеделдеді. Ал азық-түлік емес тауарлардың жылдық инфляциясы 10,9%-ға дейін жеделдеген.

«Теңге бағамының әлсіреуі тауарлардың барлық топтары бойынша бағаның өсуіне әсер етті. Микрочиптердің жетіспеушілігі аясында автомобильдердің құны өсті. Импорттық бағаның өсуіне байланысты киім мен аяқ киім мен дәрі-дәрмек бағасының өсуі жеделдеді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ақылы қызметтер бағасының жылдық өсуі 2022 жылғы наурызда 8,3%-ға дейін жылдамдаған.

Похожие материалы