Нұр-Сұлтан. 8 маусым. 7kun.kz - Қазақстанда вейптерді сатуға және шегуге тыйым салынады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.
"Қазақстанда вейптерді сатуға және пайдалануға тыйым салатын түзетулер туралы шешім қабылдадық. Темекі қоспасы, сұйықтық, газ – бұлардың бәрін Қазақстанда сатуға және пайдалануға толық тыйым салынады", - деді депутат.
Осыған байланысты Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекске Қазақстанда вейптерді сатуға және пайдалануға тыйым салатын түзетулер енгізілмекші.
Сонымен қатар, Жамалов атап өткендей, Қазақстанда қазіргі уақытта қыздырылған темекіге (Эйкос және ГЛО) ешқандай салық салынбайды.
Олардың ағзаға әсер етуі, никотин мөлшері және басқа да параметрлер бойынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тұжырымдарына сәйкес, зияны темекіден кем емес.
"Бүгін депутаттар бұл стиктерді акциздермен жабу туралы шешім қабылдады. Оларға кәдімгі темекіге қойылған акциздердің 70%-ы мөлшерінде акциздер енгізу туралы шешім қабылданды", - деп нақтылады Мәжіліс депутаты.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024