
Алматы. 11 сәуір. 7kun.kz – 2018 жылы Қазақстан әлемде кең ауқымды интернеттің ең төменгі орташа құны бойынша 13-ші орынды иеленді. Мұндай деректі британдық Cable компаниясы жариялады.
Компанияның зерттеуіне сәйкес, республикадағы кеңауқымды интернеттің орташа тарифі айына 16,14 долларды құрады.
Сондай-ақ, зерттеуде төрт посткеңестік мемлекетте баға Қазақстанға қарағанда арзанырақ екені анықталды. Олардың ішінде ЕАЭО-қа мүше Ресей (9,77 доллар) мен (Беларусь 10,46 доллар) бар.
ЕАЭО-дағы интернет құнының ең жоғары орташа көрсеткіші Қырғызстанда (108,22 доллар) тіркелді. Алайда, егер интернет үшін ең арзан ұсыныстарды салыстырсақ, онда Қырғызстанның мұндай пакеті бар болғаны 1,27 доллар тұрады.
Қазақстанда интернет үшін ең арзан ұсыныс 5,3 долларға бағаланады. Еліміз бұл санатта әлемде 21 орынды алады.