Алматы. 24 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда автокөлік құралдарымен 20 литр бензинді шығаруға тыйым салынды.
"ҚР аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрыққа сәйкес, тыйым алты ай мерзімге енгізіледі және 2019 жылғы 2 қарашада күшіне енеді.
"ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарының 2709, 2710, 2902, 3403, 3811 топтарына жататын тауарларды, автокөлік құралдарын дайындаушы зауытпен қарастырылған және техникалық шарттарға сәйкес орнатылған бензобактарда, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларын қоспағанда, ҚР аумағынан автомобиль көлік құралымен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.
Бұған дейін энергетика министрі Қанат Бозымбаев Ресеймен шекарада 3-4 тоннаға дейін бактары бар жүк көліктері арзан қазақстандық бензинді шет елге шығаратынын мәлімдеді. Ол Энергетика, МКК және ҰҚК осы бағытта шаралар қабылданғанын айтты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024