Алматы. 1 қазан. 7kun.kz - Республикалық бюджеттің кірістерін салықтық түсімдер есебінен 12 миллиард теңгеге және салықтық емес түсімдер есебінен 83 миллиард теңгеге, оның ішінде дивидендтердің түсімін 50 млрд теңгеден 66 млрд теңгеге дейін және нақты түсімдерді 33 миллиард теңгеге ұлғайту есебінен 95 миллиард теңгеге арттыру ұсынылды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында мәлімдеді.
"Жалпы, 2019 жылы республикалық бюджеттің кірісі 7 трлн 81 млрд теңгені құрайды. Түсімдердің түрлері бойынша кірістер құрылымы сақталады. Ең үлкен көлем ҚҚС (2,8 трлн теңге), КТС (2 трлн теңге), Халықаралық саудаға салынатын салыққа (1,5 трлн теңге) тиесілі. Республикалық бюджеттің тапшылығы бұрын бекітілген 1 трлн 365 млрд теңге деңгейінде сақталады. ЖІӨ-ге қатысты бұл 2,1% - ды құрайды. Мұнайға қатысты емес тапшылық, яғни мұнай кірістерін есептемегенде, ЖІӨ-нің 8,5% - ын немесе 5,5 трлн теңгені құрайды. Мұнай емес тапшылықтың параметрлері белгіленген фискалдық ережелерге сәйкес келеді", - деді Дәленов.
Оның айтуынша, жалпы кіріс 95 млрд теңгеге артып, 10,7 трлн теңгені құрайды. Трансферттердің кірістері, оның ішінде Ұлттық қордан аударымдар өспейді. Шығындар табыстың 95 млрд теңгеге ұлғаюына сәйкес өседі.
"Республикалық бюджет шығындарының көлемі 12 трлн теңгеден асады. Осылайша түсімдер 10,7 трлн теңгені, шығындар 12 трлн теңгені, тапшылық 1,4 трлн теңгені құрайды", - деп түйіндеді ҰЭМ басшысы.
Айта кетейік, 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштерін сақтау ұсынылады. Бұл - ЖІӨ-нің 3,8% деңгейінде өсуі, мұнай өндіру көлемі 89 млн тонна болуы.
Мұнайдың болжамды бағасы барреліне 55 АҚШ доллары деңгейінде сақталды. Жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 4-6% шегінде сақталған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024