ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Нидерланд, Польша және Швейцариядағы Қазақстан елшілері тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі және Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып;
Алтай Ибрагимұлы Абибуллаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.