Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері. 1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі:
1984 жылы - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі ҚазҰУ) заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша тәмамдаған.
2003 жылы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін экономист мамандығы бойынша бітірді.
Ғылыми атақтары:
Заң ғылымдарының кандидаты
Диссертация тақырыбы: "Билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілік".
Еңбек жолы:
1984-1986 жылдары - Қарағанды облысы Саран қалалық атқару комитетінің Ішкі істер бөлімінің қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел уәкілі болды.
1986-1993 жылдары - Алматы қалалық Алатау АІІБ жедел уәкілі, тергеу бөлімінің тергеушісі, аға тергеушісі, бастықтың орынбасары, тергеу бөлімі бастығының орынбасары, ІІББ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
1993-1995 жылдары - Алматы қаласы ІІББ тергеу басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
1995 жылы - Алматы қалалық ІІББ Калинин АІІБ бастығы болды.
1995-1996 жылдары - Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша МТК бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды.
1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитеті Салық полициясы бас басқармасының салықтық тергеу басқармасының бастығы болып еңбек етті.
1997 жылы - Алматы қаласы ІІББ тергеу басқармасының бастығы,
Алматы қалалық ІІББ Жетісу АІІБ бастығы лауазымын иеленді.
1997-2000 жылдары - Алматы қаласы ІІББ бастығының орынбасары болды.
2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 9-департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды.
2001-2002 жылдары - "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" ЖАҚ басқарушы директоры болып сайланды.
2002 жылы (ақпан - қыркүйек) - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 9-департаментіне басшылық етті.
2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды.
2003-2006 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы ІІБ бастығы болып жұмыс істеді.
2006 жылы (мамыр - тамыз) - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тергеу комитетінің төрағасы болды.
2006-2012 жылдары - Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы лауазымын иеленді.
2012-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болып еңбек етті.
12.02.2019 жыл - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалды.
Әскери шені:
Полиция генерал-майоры (2007 жыл)
Марапаттары:
- ІІ дәрежелі "Даңқ" ордені
- ІІ дәрежелі "Айбын" ордені (2005)
- І дәрежелі "Қайсар" белгісі
- III дәрежелі «Александр Невский» (РФ) ордені
- 11 медалі бар
- ҚР ІІМ Құрмет грамоталары
Еңбектері:
«Билік немесе қызмет өкілеттілігінің шегінен шыққаны үшін қылмыстық жауапкершілік» монографиясының (2004), сондай-ақ 14 мақаланың авторы.
Отбасы:
Әкесі - Тұрғымбаев Заманбек Есімбекұлы (1937 жылы туған), зейнеткер, ҚазКСР Министрлер кеңесі кабинетінде, ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеген.
Анасы - Темірбекова Күлжамал Мұхтарқызы (1939 жылы туған), зейнеткер, Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында қызмет еткен.
Әйелі - Рима Еренатқызы Жансараева, заң ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің доценті.
Балалары: ұлдары - Марлен (1987 жылы туған), Марғұлан (2001 жылы туған)
Дереккөздер: online.zakon.kz, kk.wikipedia.org.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024