Алматы. 8 қазан. 7kun.kz - Интерполдың бұрынғы басшысы Мэн Хунвэй Қытайда пара алып, "басқа да қылмыс жасады" деген күдікпен ұсталған. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мүшесі және Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрлігі партиялық комитетінің басшысы Чжао Кэчжи 8 қазан күні мәлімдеді.
Кэчжидің айтуынша, Хунвэйге қатысты мемлекеттік қадағалау ведомствосында тексеру жүргізіліп жатыр. Le Parisien газеті дереккөздерінің ақпараты бойынша, Интерполдың экс-басшысы киберқауіпсіздік саласындағы компаниялардың бірінің келісім-шарттарын алуға көмектесті деген күдікке ілінген. 64 жасар Мэн Хунвэйдің жұбайы оның жоғалғаны туралы 5 қазанда хабарлады, ол қыркүйек айының соңында Интерполдың штаб-пәтері орналасқан Лионнан Қытайға ұшып келгеннен кейін бірден жоғалып кетті. Кейін қытай билігі Хунвэйге қатысты тергеуді растады,ал ол өзі осы ұйымның басшысы қызметінен босату туралы өтініш берді.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024