Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытай билігі Мэн Хунвэйді сыбайлас жемқорлықпен айыптады

Қытай билігі Мэн Хунвэйді сыбайлас жемқорлықпен айыптады

Алматы. 8 қазан. 7kun.kz - Интерполдың бұрынғы басшысы Мэн Хунвэй Қытайда пара алып, "басқа да қылмыс жасады" деген күдікпен ұсталған. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мүшесі және Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрлігі партиялық комитетінің басшысы Чжао Кэчжи 8 қазан күні мәлімдеді.

Кэчжидің айтуынша, Хунвэйге қатысты мемлекеттік қадағалау ведомствосында тексеру жүргізіліп жатыр. Le Parisien газеті дереккөздерінің ақпараты бойынша, Интерполдың экс-басшысы киберқауіпсіздік саласындағы компаниялардың бірінің келісім-шарттарын алуға көмектесті деген күдікке ілінген. 64 жасар Мэн Хунвэйдің жұбайы оның жоғалғаны туралы 5 қазанда хабарлады, ол қыркүйек айының соңында Интерполдың штаб-пәтері орналасқан Лионнан Қытайға ұшып келгеннен кейін бірден жоғалып кетті.  Кейін қытай билігі Хунвэйге қатысты тергеуді растады,ал ол өзі осы ұйымның басшысы қызметінен босату туралы өтініш берді.

Похожие материалы