Астана. 16 қараша. 7kun.kz – Алекс Лесли лақап атымен танымал Александр Кирилловтың Қазақстанға кіруіне бір жылға тыйым салынды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Алматы қаласының полиция Департаменті, қабылданған шаралармен РФ-ның азаматы А.Кирилловтың Қазақстанға келуіне бір жылға тыйым салынғанын хабарлайды», – деп хабарланды Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында.
Айта кетейік, Алекс Лесли әлеуметтік желіде Алматыда тренинг өткізетінін, онда ерлерге «қазақ әйелдерін еліктіруді» үйрететінін айтқан. Оның бұл сөздері қоғамда үлкен резонанс туғызды.