
Рубльдің құнсыздануы экономикасы Ресейден келетін миллиардтаған долларға тікелей байланысты елдерге қауіп төндіруі мүмкін, деп жазады британдық The Guardian басылымы.
Әлемдік банктың бағалауынша, 2015 жылы бұл елдер әлсізденген рубльдің кесірінен 10 млрд доллар жоғалтуы мүмкін.
Мақалада Ресейдің азаматтарынан келетін ақшаға тікелей тәуелді 9 ел көрсетілген. Ақша аударымдарының көлеміне Армения экономикасының 21%-ы, Грузия экономикасының 12%-ы, Қырғызстан -31,5%-ы, Молдавия -25%, Тәжікстан -42%, Украина -5,5%, Литва -4,5%, Әзірбайжан экономикасының 2,5%-ы және Өзбекстан экономикасының 12%-ы тәуелді.
Ресейдегі нашарлаған экономикалық ахуалдың себебінен мигранттар елден кетуде. Сонымен қатар мигранттардың қайта оралуы Ресейден келетін ақшаға өмір сүріп отырған елдерде әлеуметтік жарылыс тудыруы мүмкін, деп атап өтті The Guardian.
Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025