Қазақстанның сақтық рыногы қалыптасу стадиясында тұр: Экономикалық және құқықтық негіздемелері бойынша (ұзақ дағдарыс, жетілмеген заңнамалық база) ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай арта қалып келеді. Дамыған нарықтық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда ол не бары 40 түрін қамтиды. Жеке басты сақтандыру және азаматтардың мүлкін сақтандырудың көптеген түрлері нашар дамыған, бұл халықтың табысының төмен болып отырған деңгейіне байланысты.
Дүниежүзілік тәжірибе сақтық ісі бизнестің кең таралған және пайдалы сферасы екендігін дәлелдеп отыр, ал қуатты сақтық компаниялары өзінің қызметін бизнестің шектес салаларына әртараптандыра отырып, негізгі және қаржылық орнықты рыноктық құрылым бола отырып, нарықтық экономикада тұрақты жайғасымдарда алып отыр.
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасындағы сақтық қызметтің монополиясы өзгерді, сақтандыру кеңістігі едәуір кеңейді, сақтық қызметтердің кең спектрін ұсынатын мемлекеттік емес акционерлік сақтық компаниялары пайда болды.
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мамлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын олыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.
Қазіргі заманғы сақтық рыногының толыққанды жұмыс істеуі, сонымен қатар актуариилерлер (сақтық міндеттемелерінің экономикалық-математикалық есеп-қисабы саласындағы мамандар) институтын енгізуді, уәкілетті аудиторлар мен басқа да мамандарға қойылатын тиісті талаптарды қажет етеді.
Ерекше сақтық қатынастар, сақтық қызметінің рыногын дамыту, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғау «Сақтық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңымен, сақтандыру мәселелері жөніндегі Үкімет қаулыларымен және Ұлттық банктің сақтық қадағалау департаментінің нормативтік актілерімен реттеліп отырады.
- Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері
1.1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастардың айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс стерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
- қатынастардың ықтималдық сипаты;
- қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда – мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:
сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру – қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.
1.2. Сақтандыру функциясы
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен – қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланысылған және жалпыұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпымемлекеттік материалдық резервтерден, Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдырылуы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның объектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.
Қатынастырдың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қоларды - әлуметтік қорларды мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағыттылығы болады. Бұл қатынастардың іс-әрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен байланысы.
Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып және олардың осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалылығына жете отырып, адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын, олардың мүлкін, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады. Бұл – жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру және шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін мүліктік сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістері.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады.
Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде – қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте - әлеуметтік сақтандыруда – қос әдіс, үшінші бөлікте – жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтық әдіс пайдаланылады.
Ірі апаттар мен нәубеттердің зардаптарын жою жөніндегі шараларды қаржыландыру үшін қайырымдылық қайыр көрсету алымы немесе белгілі бір уақиға шалмаған қатысушылар арасында қаражаттарды бөлу сияқты көмекші әдістер қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге, өзін-өзі сақтандыру негізінде ақша қаражаттарын немесе материалдық босалқы қорларды қалыптастыру әдісі де болуы мүмкін. Мұндай әдіс ауыл шаруашылығында (босалқы қорлар – жемшөп, тұқым, отын және т.т. қорлар), материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындарында (шикізаттың, шала фабрикаттардың, басқа материалдардың босалқы қорлары) қолданылады; азаматтардың жекеше жинақ ақшалары олардың сақтық босалқы қорлары ретінде қаралуы мүмкін.
Сақтандыру экономикалық категориясының материалдық-ақшалай иелері сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері, сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекетік бюджет қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету және сақтық қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрықшалықты төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың резервтері болып табылады.
Сақтық қорлары – қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қоры материалдық немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол – табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден-бір бөлігі.
Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі коммерциялық қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық қызметтерін көрсетуге түрленеді және мұндай қызметтер көрсетудің еркін рыногында ұсынылады. Бұл қызметтер көрсетудің бағасы сақтық тарифтері мен жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтерін көрсетуге сұраным олардың сапасымен және бағаның деңгейімен анықталады.
Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары клиентураға қызмет көрсетуді жақсартады, қызметтер көрсетудің ассортиментін кеңейтеді, ысыраптар мен зияндарды өтеу жөніндегі кепілдіктерді арттырады.
Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары белгілі бір уақытта тікелей арналымында – сақтық төлемдерін төлеу үшін (сақтық жағдайының болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтерін көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдарының осыған ұқсас операциясы сақтық рыногында пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.
Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.
Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауырпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі.
Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуы, экологиясының денгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Сақтық жүйесі республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты.
Сақтандыру, табыс (пайда) түсіру мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі ретінде болып көрінеді.
Сақтандыру – сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы)сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтандыру сомасының) шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:
міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті;
сақтандыру объектісі бойынша – жеке және мүліктік;
сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және жинақтаушы емес.
Міндетті сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.
Ерікті сақтандыру – тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.
Сақтық қызметі – сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.
Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді. Сақтық ұйымының сақтық қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады.
Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: өмірді сақтандыру; аннуитеттік сақтандыру.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысаныда мынадай сыныптарды қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; медициналық сақтандыру, көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су көліктерін) сақтандыру; жүктерді сақтандыру; мүлікті сақтандыру (көлік құралдарын қоспағанда); кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру; шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру; зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру (көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын қоспағанда).
- Сақтандыру түрлері
2.1. Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
Сақтандыру түрі сақтық ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және беретін сақтық өнімі болып табылады.
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процес дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарға қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларын құрайды.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Мүліктік сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарына туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген зияндар үшін жауаптылықты сақтандыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін сақтандыру.
Зиян келтігендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде сақтанушының өз жауаптылығы да, осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін болатын өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады.
Зиян келтігендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі ғана сақтандырылуы мүмкін. Бұл талаптарға сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептеледі.
Шартты бұзғандығы үшін азаматтық-құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық-құқықтық жағынан жауапты болуға тиіс тарап болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы ретінде іс-қимыл жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып есептеледі.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде іс-қимыл жасайтын келісімшарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі , соның ішінде күтілген кірісті ала алмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты бойынша тек осы сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін.
Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның (пайда алушының) пайдасына жасалған шарт жарамсыз болады.
2005 жылдың басынан бастап “Сақтық төлемақыларына кепілдік беру қоры” өзінің тікелей қызметін бастады. Қор “Сақтық төлемақыларына кепілдік беру қоры туралы” заңға сәйкес жарғылық капиталында Ұлттық банктің 100%-дық қатысуы болатын акционерлік қоғам нысанында құрылған. Қордың қатысушылары сақтандырудың тек міндетті түрлерін жүзеге асыратын сақтық компаниялары болады. Бүгінге сақтандырудың оншақты түрі бар (қабылданған заңдарға сәйкес): әлеуметтік сақтандыру, көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы, жекеше нотариустар мен аудиторлардың азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру, турагенттер мен туроперацияларды, еңбек міндеттіліктерін атқару кезінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауаптылығын сақтандыру, қызметі үшінші тұлғаға (зауыттар, скважиналар, заправкалар және с.с.) зиян келтіру қауіпі бар объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығын, өсімдік шаруашылығында сақтандыру, экологиялық және медициналық сақтандыру.
Қазақстанда сақтық ұйымдары шет елде инвестицияларды және экспорттық кредиттерді төлемеу тәуекелдігінен сақтық қорларға қатыспайды. Осыған байланысты, республиканың экспорттық мүмкіндіктері өсуінің жекеше сақтық ұйымдарының капиталдану қарқынан озық қарқынын ескере отырып, отандық инвесторлар мен экспотерлары сыртқы қауіп-қатерден қорғау саласында мамандырылған корпарацияны құру және оның жұмыс істеі өте деркезділік болып табылады.
Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтық корпорациясы Қазақстан Республикасының дамыту институттарының бірі болып табылады, оның негізгі мақсаты – 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға жәрдемдесу. Корпорацияның орнықты қызметін қамтамасыз ету үшін 7,7 млрд. теңге мөлшерінде жарғылық капиталы қалыптастырылған. Қоғамның бірден-бір акционері мемлекет болып табылады. Корпорация қызметінің негізгі бағыты – бұл сатып алушылардың дәрменсіздігімен және сыртқы саяси, тәуекелдіктермен байланысты зияндарды сақтық қоғауға қамтамасыз ету. Корпорация экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру (қайта сақтандыруды) жүзеге асырады, сақтық төлемдерін төлейді және контрагенттерден өтеуді алады. Өз қызметтерінде корпорация сондай-ақ сыртқы экономикалық ---- жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдарға экспорттық кредиттер мен инвестициялық сақтандырумен байланысты мәселелер бойынша консультациялық, маркетингтік және ақпараттық қызметтер көрметуді жоспарлайды.
Корпорация жоспарлайтын тәуекелдерді сақтандыру шеңберіне мыналар кіреді: алушының дәрменсіздігі, өзара шартты орындауға қатысушы импортшы (реципиент) елінің немесе үшінші ел үкіметтрі тарапынан экспортшыға немесе инвесторға қатысты дескриминациялық сипаттағы шешімдер, іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер); импортшы (реципиент) елі өкіметтерінің шетелдік валютамен операцияларды жүзеге асыруға, валютаны айырбастауға шектеу енгізуі; экспроприациялау, мемлекет меншігіне айналдыру, тәркілеу; революциялар, қоғамдық тәртіпсіздіктер, соғыстар және с.с.
Сақтық ұйымы бола отырып, корпорация “Сақтық қызметі туралы” заңға сәйкес іс-әрекет етуге міндетті. Осыған байланысты сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың жеке келісім-шарты бойынша сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелердің ең жоғары көлемі меншікті капитал мен сақтық резервтерінің 10%-ын құрайды. Тәуекелдікті сақтандыруға корпорация алатын көлемдердің әлеуетін көбейту мақсатымен, сондай-ақ алапаттың сипаттағы уақиғалар кезінде төлем қабілетсіздігі тәуекелдігін болдырмау үшін жетекші халықаралық қайта сақтандыру ұйымдарына тәуекелдіктерді ішінара қайта сақтандыру практикасы жүзеге асырылады.
Сақтандырылған мүліктің түріне немесе тобына қарай сақтандарудың мынадай түрлерін ажыратады: ауыл шаруашылығы дақылдарын, малдарды, құрылыстарды, мемлекеттік, жеке меншік, кооперативтік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың мүлкін, көлік құралдарын, қаржылық тәуекелді (соның ішінде банк салымдары мен банк операцияларын, бағалы қағаздар рыногындағы операцияларды), жүктерді, мұнай операцияларын (мұнай шығару, оны өңдеу және тасымалдау жөніндегі) және т.т. сақтандару. Мүліктік сақтандыруға міндетті нысанда көліктің барлық түрімен тасу жасалғанда тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауаптылығы мен автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығы сақтандырылады. 1996 жылдан бастан ауыл шаруашылығы өндірісін: көп жылдық екпелерді, ауыл шаруашылығы малдарын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді, ауыл шаруашылығы өнімдері мен тауарларын қолайсыз табиғат-климат жағдайларынан, эпизоотиялардан және басқа дүлей апаттардан міндетті сақтандыру қайта қалпына келтірілді.
Өмірді сақтандыру – азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттігін және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін залалдан қорғаудың нысаны, ол жеке басты және әлеуметтік сақтандыру қызметтерінің көмегімен жүзеге асады.
Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтық төлемді жүзеге асыруды көздейтін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Аннуитеттік сақтандыру сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек қабілетін (жасына, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жеке басты сақтандырудың сан алуан түрлері бар: өмірді аралас сақтандыру, балаларды сақтандыру, некені сақтандыру, шаруашылық жүргізуші субъектілер есебінен олардың қызметкерлерін сақтандыру, әуе, темір жол, теңіз, ішкі су және облысаралық, халықаралық автомобиль көлігінің жолаушыларын сақтандыру және т.с.с.
Жеке басты сақтандырудың аталған түрлері жолаушыларды сақтандырудан басқасы ерікті нысанда жүргізіледі. Міндетті нысанда сондай-ақ көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауптылығы, әскери қызметшілердің жеке құрамы, ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік, салық службасы қызметкерлері сақтандырылады.
Сақтандырудың экологиялық тәрізді түрі жіктемеде аралық жағдайда болады: ол жеке басты және мүліктік, міндетті және ерікті болуы мүмкін.
Сақтық қатынастарының бұл бөлігінің баяндалған ерекшеліктері мүлікті және жеке басты сақтандыру өзіндік өзгешелігі бар дербес экономикалық категория ретінде болып танылады деп түйін жасауға мүмкіндік береді.
2.2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру
Міндетті әлеуметтік сақтандыру - азаматтарды еңбек ету қабілетін жоғалтуына және (немесе) жұмысынан айырылуына, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты кірістің бір бөлігінөтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және керілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған.(13.3 бөлімді қараңыз)
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының іс-әрекетінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің, атап айтқанда, оның құрамдастарының бірінің – жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін қаражаттардың негізгі көзімен – еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс істейді.
Әлеуметтік арналым қорларын қалыптастырудың екі қағидаты бар:
- ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде; жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс істемейтіндерді қамтамасыз етеді, ал, өз кезегінде, еңбекке жарамдылықтан айырылуына қарай оларды еңбек қызметіне кірген жаңа ұрпақ ауыстырады. Бұл қағидатқа негізделген жүйе Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылды;
- әлеуметтік қорларға, көбінесе әлеуметтік қорға азаматтардың дербес аударымдарының негізінде; бұл қағидаттың іс-әрекеті кезінде төлемақылардың мөлшері нақты тұлғаның бүкіл жұмыс істеген кезіндегі салған сомасына байланысты болады. Бұл қағидаттың іс-әрекетіне негізделген жүйе Қазақстандағы зейнетақы реформасының негізіне қойылған.
Бірінші қағидатқа негіздедген және Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылған жүйе мынадай ерекшеліктермен сипатталады:
- зейнетақымен қамсыздандыруға мемлекеттік монополия;
- әлеуметтік қамсыздандыру қорларына түсетін міндетті зенетақы жарналарының топтастырылуы;
- жүйе ішінде қаражаттарды қайта бөлу.
Мұндай жүйе жоспарлы дерективалық экономика, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен толық қамтылуы, мемлекет тарапынан жан-жақты бақылау, зейнеткерлерге жұмыс істейтін халықтың жоғары ара қатынасы жағдайында тиімді болды. Өмір сүрген жүйе азаматтардың түрлі кәсіптік және әлеуметтік санаттарына арналған жеңілдіктердің көптеген түрлерінің болуымен сипатталады.
90-жылдардың басы мен ортасындағы экономиканың дағдарысы әлеуметтік сақтандыру жүйесінің де дағдарысына қозғау салды, бұл жарналарды төлеудің базалық көрсеткіштерінің құлдырауына да, сондай-ақ әлеуметтік қорларға оларды толық және уақтылы аударып отыруға төлеушілердің мүдделігінің болмауын да әлеуметтік сақтандыруға төленетін жарналардың жиналымдылығының төмен деңнейінде көрінетін еді; бұл зейнеткер мен жәрдемақылар алатындар алдында берешектің үлкен көлеміне жеткізді; әлеуметтік қорлар қаражаттарының инфляциялық құнсыздануы зейнеткерлердің күнкөріс минимумдағы қажеттіліктерін қамтамасыз етпеді және қолар қаражаттарының аса шектеулілігі жағдайында әлеуметтік төлемақыларды өнбойы индексациялап отыру қажеттігін тудырады.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақы реформасының негізіне қойылған екінші қағидаттың іс-әрекетіне негізделген жүйе мыналармен сипатталады.
- зейнетақымен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;
- зейнетақы қорын қалыптастыруға қатысқан 30 жастан төмен емес азаматтар үшін ең аз белгілінген күнкөріс минимумын сақтау жөніндегі мемлекеттің кепілдіктері;
- зейнетақы жинақ ақшасын және әлеуметтік қамсыздандырудың басқа нысандарын межелеу;
- зейнетақы қорланымдарын қалыптастыруға еңбек етуге қабілетті жастағы барлық азаматтардың міндетті қатысуы;
- еңбек етуге қабілетті азаматтардың қартайғанда өзін зейнетақымен қамсыздандыруы үшін жеке жауапкершілігі;
- инвестициялаудың тиімділігін және зейнетақы жинақ ақшасының қауыпсіздігін қамтамасыз ету;
- жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қорланымдарға азаматтардың мұралану құқығын белгілеу;
- қосымша ерікті зейнетақымен қамсыздандыруға азаматтарға құқық беру;
- зейнетақы жинақ ақшасын экономикаға инвестициялау, бұл оның дамуына жәрдемседі.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру мынадай түрлерге бөлінеді:
еңбек ету қабілетін жоғалытқан жағдай;
асыраушысынан айрылған жағдай;
жұмысынан айрылған жағдай;
Міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі қағидаттары болып табылады:
Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын сақтау мен орындаудың жалпыға бірдейлігі;
әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету үшін қолданылатын шараларға мемлекеттің кепілдік беру;
міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндеттілігі;
заңға сәйкес әлуметтік аударымдарды әлеуметтік төлемдерге пайдалану;
әлеуметтік төлемнің көзделген шарттар бойынша міндеттілігі;
әлеуметтік төлемдердің мөлшерін саралау;
міндетті әлеуметтік сақтандыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың қызметіндегі жариялылық;
Жұмыс істейтін қызметкерлерді қоспағанда, қызметкерлер, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар міндетті әлеуметтік сақтандырылуға тиіс.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына төленуге тиісті әлеуметтік аударымдар мынадай мөлшерде белгіленеді:
2005 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 1,5 пайыз;
2006 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 2 пайыз;
2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 3 пайыз.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режімі қолданылатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін олардың өз пайдасына төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері белгіленген (2005, 2006 және 2007 ж.ж. 1-ші қаңтарынан бастап ҚР-ның заңнамалық актісімен белгіленетін ең төмегі жалақының тиісінше 1,5, 2 және 3 пайызы).
Еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда әлеуметтік төлем өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға, әлеуметтік төлем алуға өтініш берген уақытта жұмысы тоқтатқанына немесе істеп жатқанына қарамастан тағайындалады.
Еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің мөлшері әлеуметтік аударымдар объектісі ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі табыстың заңнамалық актіде белгіленген ең төменгі жалақының сексен пайызын шегергендегі орташа айлық мөлшерін табысты алмастырудың, еңбек ету қабілетінен айрылу мен қатысу өтелінің тиісті коэффиценттеріне көбейту арқылы айқындалады.
Бұл ретте табысты алмастыру коэффиценті – 0,6 болады.
Еңбек ету қабілетінен айрылу коэффиценті: жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесі сексеннен 100 пайызға дейін дейін болатын еңбек ету қабілетінен айрылған адамдар үшін – 0,7; жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесі алпыстан сексен пайызға дейін болатын еңбек ету қабілетінен айрылған адамдар үшін – 0,5; жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесі отыздан алпыс пайызға дейін болатын еңбек ету қабілетінен айрылған адамдар үшін – 0,3.
Қатысу өтелінің коэффиценті міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы үшін: алты айдан кем болғанды – 0,1; алты айдан он екі айға дейін – 0,7; он екі айдан жиырма төрт айға дейін – 0,75; жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін – 0,85; отыз алты айдан қырық сегіз айға дейін – 0,9; қырық сегіз айдан алпыс айға дейін – 0,95; алпыс және одан да көп айларға – 1,0 болады.
Алушы жасына қарай зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа жеткен кезде еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайында берілетін әлеуметтік төлемдер тоқтатылады.
Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының - өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушысының мына отбасы мүшелері асыраушынан айрылған айрылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындалу және алуға құқылы:
- он сегіз жасқа толмаған болса, олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қаса, осы жастан асқан балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері мен немерелірі. Бұл ретте аға-інілерінің, апа-сіңлілері мен немерелірінің еңбек етуге қабілетті ата-аналары болмаған немесе олар ата-аналарынан алимент алмаған жағдайда. Егер жоғарыда аталған адамдар жалпы орта, бастауыш кәсіби білім беретін оқу орындарының орта кәсіби және жоғары кәсіби білім беретін күндізгі нысанында оқыған жағдайда, әлеуметтік төлем оқу орнын бітіргенге дейін беріледі;
- жасына және еңбек қабілеттілігіне қарамастан, ата-анасының біреуі немесе жұбайы, не атасы, әжесі, аға-інісі немесе апа-сіңлісі, егер ол қайтыс болған асыраушысының бір жарым жасқа толмаған балаларын, аға-інілерін, апа-сіңлілерін немесе немерелірін күтіп-бағумен айналысатын болса.
Өздері үшін міндетті әлеуметтік аударымдар жүргізілген ата-ананың - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының қамқорлығынсыз қалған балаларға тағайындалған әлеуметтік төлемдер заңнамалық актіге сәйкес айрылып қалған әрбір ата-ана үшін асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға)төленеді.
Бала кезінен І немесе ІІ топтағы мүгедектер деп танылған адамдарға әлеуметтік төлемдер мүгедектер белгіленген мерзімге тағайындалады.
Қайтыс болған асыраушысының асырауында болған, асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындалуына және алуға құқығы бар отбасының барлық мүшелеріне бір әлеуметтік төлем тағайындалады.
Асыраушысынан айрылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің мөлшері әлеуметтік аударымдар объектісі ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі жалақының сексен пайызы шегерілген орташа айлық мөлшері табысты алмастыру, асырауындағылар санының және қатысу өтілінің тиісті коэффиценттеріне көбейту арқылы айқындалады.
Асыраушылар санының коэффиценті міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушы қайтыс болғанға дейін асырауында болған адамдар санына қарай айқындалады және асырауында бір адам болса – 0,4, екі адам болса – 0,5, үш адам болса – 0,6, асырауында төрт және одан да көп адам болса – 0,8 болады.
Бұл ретте табыстарды алмастыру коэффиценті мен қатысу өтілінің коэффиценті Міндетті әлеуметтік сақтандыру заңының 21-бабына сәйкес есептеледі.
Жұмысынан айрылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға адам жұмыссыз ретінде тіркеуге өтініш берген күннен бастап тағайындалады және оның мөлшері әлеуметтік аударымдар объектісі ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі табыстың орташа айлық мөлшерін тиісінше табысты алмастыру коэффиценттеріне және қатысу өтілінің коэффиценттеріне көбейту арқылы тағайындалады. Бұл ретте кірісті алмастыру коэффиценті – 0,3 болады, алқатысу өтілінің коэффиценті аталмыш заңның 21-бабына сәйкес есептеледі.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда, оның жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдерді күнтізбелік есептеумен алғанда:
алты айдан он екі айға дейін – кемінде бір ай үшін;
он екі айдан жиырма төрт айға дейін – екі ай бойы;
жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін – үш ай бойы;
отыз алты айдан жоғары – төрт ай бойы алуға құқығы бар.
Өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жұмысынан айрылуы бойынша төлемдердер алып тұрса, бірақ жұмысына орналасуына байланысты жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алу құқығынан айрылған жағдайда, кезекті әлеуметтік төлемдер жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлем алған әр бір айы үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің әлеуметтік аударымдар жүргізілген мұндай қатысушысы үшін он екі ай шегеруді негізге ала отырып тағайындалады.
Дүниежүзінің көптеген елдерінде жұмысынан айырылғанда әлеуметтік қорғау шаралары қолданылады. Бұл шаралар қызметкерлердің еңбек қызметінен жоғалтқан табыстарына өтемақы төлеудің әр түрлі әдістерін кіріктіреді; олардың біліктілікке, жұмыс өтіліне, жұмысынан айрылу себептеріне, отбасының табысы денгейіне және т.т. байланысты саралануы мүмкін. Тиісінше, жұмысынан айрылғандарға төлемақылар үшін қорларды қалыптастырудың әдістері, бұл қорлардың деңгейі және олардан төленетін төлемақылардың мезгілдері ажыратылады.
Жұмысынан айрылғандар қысқартылғандар және жұмыссыздар мәртебесіне бөлінуі мүмкін. Бірінші жағдайда жаңа жұмыс іздеу кезінде (белгілі бір мезгілде) орташа жалақысының, жұмыс өтілінің сақталуына рұқсат етіледі, әлуетті жұмысқа орналастырудың басқа мүмкіндіктері болуы мүмкін.
Жұмыс іздеуші, жұмыспен қамтудың мемлекеттік службасында тіркелген және өзінің біліміне, кәсібіне, еңбек машығына сай келетін жұмыс алуға нақты мүмкіндігі жоқ еңбекке жарамды азаматтар жұмыссыздар деп саналады.
Жұмыссыздарға жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақылар төленеді. Жәрдемақы жұмыссыз ретінде тіркелген мезеттен жұмысқа орналастыру туралы мәселе шешілгенге шейін, бірақ заңнамен белгіленген мезгілден аспайтын уақытқа төленеді.
Басқа елдерде жұмысынан айрылғанда әлеуметтік қолдауды қаржыландыру үшін қаражаттарды қалыптастырудың әр түрлі механизмдері қолданылады. Бірақ негізінен жұмыссыздық бойынша жәрдемақыларды (зейнетақыларды) қаржыландыру еңбекке ақы төлеу қорынан жұмыс берушілердің сақтық жарналары есебінен жүргізіледі. Мұқтаж адамдарда жұмыссыз мәртебесі болмаған жағдайда (мысалы, өтілі бойынша) олар әлеуметтік көмекті көбінесе жергілікті бюджеттерден немесе қайырымдылық қорларынан алады. Жұмыссыз мұқтаж адамдарды қодаудың тап осы нысаны Қазақстанда 1999 жылдан бастап Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры қайта ұйымдастырылғаннан кейін қабылданған болатын. Бұл акция мемлекеттің қаржы ресурстарын басқаруды жүргізіліп отырған орталықтандыру жағдайында амалсыз акция болып табылады.
Жұмысынан айрылғанда әлеуметтік қолдаудың ерекше өзгешеліктері оның уақытша сипаты, харакетшіл халыққа бағдарлануы, мұқтаж адамдардың өздерінің меншікті проблемаларын шешуге қатысуы, яғни өзін-өзі қолдау элементтерінің барлығы болып табылады.
Қазақстан Республикасының “Міндетті әлеуметтік сақтандыру” туралы заңына сәйкес “Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры” акционерлік қоғамы құрылған, ол бірден-бір құрылтайшысы мен қатысушы мемлекет болып табылатын коммерциялық емес ұйым. Қор Орталықтың әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге, Қордың уақытша бос қаражатын Ұлттық банк арқылы қаржы құрамдарына орналастыруға, жыл сайын аудит өткізуді қамтамасыз етуге, заңнамалық актілерге сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.Қордың өз қаражатын оның жарғылық капиталынан және Комиссиялық сыйақыдан құраллады және солардан тұрады.
Қордың активтері, әлеуметтік аударымдар төлеумерзімін өткізіп алғаны үшін алыеған өсімпұл, Қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақылар шегерілген инвестициялық табыс, заңнамада көзделген өзге де көздер есебінен құрылады. Олар әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруға, тізбесін Үкім айқындайтын қаржы құралдарына орналастыруға, артық төленген әлуеметтік аударым сомалары мен өзге де қате есептелген қаражатты қайтаруға пайдалана алады.
Міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандырумен қатар мемлекеттік емес зейнетақылық сақтандыру – зейнетақы келісімшартына сәйкес қызметкерлердің және (немесе) олардың жұмыс берушілерінің ерікті жарналары есебінен қосымша зейнетақыны қалыптастыру арқылы және мамандырылған мемлекеттік емес зейнетақы қорлары арқылы зейнетақыларды төлеу жолымен азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қатынастары қолданылады.
Қорланымдардың ынтымақтастығы негізіндегі жүйеден дербес қорланымдардың жүйесіне көшу кезеңі еңбегі сіңген зейнетақыларды алуға шыққан зейнеткерлердің құқықтарын сақтауды талап ететіндігімен, сонымен бірге зейнеткерлік алдындағы жастағы көптеген азаматтардың мемлекеттік зейнетақы жүйесінде зейнетақының жеткілікті жинақ ақшасын қордалаудың мүмкін еместігімен сипатты болып отыр. Сондықтан шыққан зейнеткерге мемлекеттік зейнетақы қорларынан алатын зейнетақыларының мөлшерінің сақталуына мемлекет кепілдік береді. Зейнетақы реформасы басталғаннан кейін зейнеткерлікке шыққан азаматтардың мемлекеттік зейнетақыларының мөлшері мемлекеттік емес зейнетақы жүйесінде олардың мүмкін болатын қатысу жасының санына үйлесімді түрде қысқаратын болады.
Медициналық сақтандыру – бұл жұмыс берушілердің, азаматтардық сақтық жарналарда мен бюджет қаражаттары есебінен сақтандырылған адамдарға зиянның орнын өтеу үшін және медицина мекемелерінің шығындарының өтемақысын төлеу үшін ауырған, жарақат алған жағдайда денсаулықты қаржыландыру жөніндегі қатынастар. Ол әлеуметтік бағдарланған экономикасы бар елдердің сақтық қорғауы тұтас жүйесінің міндетті атрибуттарының бірі болып табылады. Мысалы; АҚШ-та “Медикэр” жүйесі – егде адамдар үшін, “Медикэйд” жүйесі – кедейлер жұмыссыздар мен мүгедектер үшін; ГФР-де – сырқатты сақтандыру. Медициналық сақтандыру шетелдік жүйелері, әдеттегідей, өзін-өзі сақтандыру қағидатында (жұмыс берушілердің, қызметкерлердің және мемлекеттің негізінен төменгі әкімшілік буынның қатысуы) жұмыс істейді және нысандары мен әдістерінің сан алуандығымен ерекшеленеді. Медициналық сақтық қорғаудың ұжымдық (салалық), қоғамдық (мемлекеттік) және жеке (жекеше) жүйелері бар. Медициналық сақтандыру қорларына сақтық жарналарын төлеуде жұмыс берушілердің міндетті қатысуы заңнамада қарастырылған. Сақтық қоларын қалыптастыру, қызметтер көрсету сияқты, сақтаушылардың табыстарына, қор мекемесінің мәртебесіне, кейде сақтандырылғандардың жасына қарай сараланған.
Қазақстанда медициналық сақтандыруды ұйымдастырудың белгілі бір тәжірибесі жинақталған еді, бірақ жүйені басқару саласының төмендегідей және жұмылдырылған қаражаттаржы мақсатты және тиімді пайдалануды бақылаудың жеткіліксіздігінен.
Медициналық сақтандыру ұйымдастырудың жұмыс істеуі медициналық қызмет көрсетудің рыногын тудырады, онда бұл қызметтер көрсетуді жасаушылардың – медициналық мекемелердің, олардың қызметкерлерінің, жеке машықтанушы дәрігірлердің нақтылы бағалауы болатын өз еңбегінің саны мен сапасына тікелей мүдделігі пайда болады. Басқа жағынан, медициналық көмекті тұтынушылар ретіндегі пациенттердің емдеу-профилактикалық мекеме мен нақтылы дәрігерді таңдау құқығы пайда болады. Бұл Міндетті медициналық сақтандыру қоры тарапынан пациенттердің мүддесін қорғаумен қосарланады: ол медициналық қызметтер көрсетудің сапасы мен көлеміне сараптық баға бере алады, емдеу нәтижелеріне кінәрат-талап таға алады, ал қажеттік кезінде емдеуші мекемеге немесе жеке машықтанушы дәрігерге экономикалық санкциялар қолдана алады.
Сөйтіп, медициналық сақтандыру сақтандыру жүйесінің маңызды құрамды буыны болып табылады және қоғамдық өндірістің аса маңызды факторы – еңбек ресурстарының ұдайы толықтырылуының әлеуметтік-экономикалық процесстерінде оның рөлі салмақты. Бұл рөл медициналық сақтандыру қорларының жұмыс істеунің қағидалық ерекшеліктеріне негізделген: қалыптастырудың қоғамдық ынтымақтастығы, іс-әрекеттің орталықсыздандырылуы (бөлшектенуі), ұйымдастырудың міндетті нысаны – бұлар барлық азаматтарға қажетті медициналық көмек берудің кепілдіктерін қамтамасыз етеді.
- Сақтық рыногы
Сақтық келісімшарттарын жасауға және сақтық операцияларының нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс-қимылы сақтық рыногында жүргізіледі.
Сақтық рыногы дегеніміз ақша қатынастарының сферасы, онда сатып алу-сату объектісі «ерекше тауар» - сақтық қызмет болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады.
Қазақстан Республикасы сақтық рыногының қатысушылары мыналар болып табылады:сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы; сақтық брокері; сақтық агенті; сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы; актуарий; уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор); өзара сақтандыру қоғамы; сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңи және жеке тұлғалар.
Сақтық қызметі сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады; бұл қызметтен басқа ол қызметтің мынадай түрлерін: инвестициялық қызметі; тиісті жинақтаушы сақтық шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді (сақтық ұйымы үшін); сақтық (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды; ақпарат берілімдерінің кез келген түрлерінде сақтық ісі және сақтық қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды; бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған (сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы үшін) немесе оның қарамағына сақтық шарттарын жасауға байланысты келіп түскен (сақтық ұйымы үшін) мүлікті сатуды немесе жалға беруді; сақтық қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді; сақтық (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқуды ұйымдастыру мен жүргізуді; сақтық агенті ретінде сақтық делдалы болуды; консорциум немесе жай серіктестік құруға қатысуға құқылы.
Сақтық ұйымдары таратылған жағдайда сақтық ұйымдары, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтық төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қор құруға құқылы. Жұртқа мәлім, Сақтық төлемақыларын кепілдендіру қоры құрылған.
Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкімет арқылы ғана сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы және акционері бола алады.
Жарғылық капиталының 50 пайызынан астамы мемлекетке тиесілі ұйымдар сақтық (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлері бола алмайды.
Мемлекет өзі құрылтайшысы немесе акционері болып табылатын сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелері бойынша, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, оның жарғылық капиталына салған қаражаты шегінде жауапты болады.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы міндетті түрде мынадай алқалық органдар құра алады: директорлар кеңесі – басқару органы; басқарма – атқарушы орган; тексеру комиссиясы - бақылау органы.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары мен акционерлері сатып алатын акцияларына ақшаны тек қана ұлттық валютамен төлеуге міндетті.
Құрылатын сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең аз мөлшерін оның құрылтайшылары оны мемлекеттік тіркеуден өткізген кезге дейін толық төлеуге тиіс.
Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасында тұрақты сақтық жүйесін жасау мен қолдау және ұлттық сақтық рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру; сақтық рыногын реттеу және сақтық қызметін қадағалау; сақтандырудың негіздерін заңдармен баянды ету, міндетті сақтандыру жүйесіне Қазақстан Республикасының қатысу қағидаттарын белгілеу; сақтанушылардың, сақтандырушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
3.1. Қазақстанда сақтық рыногына мемлекеттік бақылау жасау
Сақтық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, сақтық рыногындағы істің жайына мемлекеттік бақылау жасауды қамтамасыз етуді қоса, уәкілетті орган және мемлекеттің өзге де органдары өз құзыры шегінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтық брокерінің сақтандыру қызметіне араласуына тыйым салынады.
Уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтық рыногын реттеу және сақтық қызметін қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттігі оның өз қаржылық міндеттемелерін уақтылы және толық орындау қабілетімен анықталады. Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы төлем қабілеттігінің көрсеткіштері, активтердің өтімділігі ескеріле отырып, қабылданған міндеттемелер арасындағы нормативтік арақатынастардың сақталуы болып табылады.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы сыртқы қаржылық және өзге де факторлардың қолайсыз әсер етуі мүмкіндігін ескере отырып, сақтық және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде өзінің төлем қабілеттігін сақтау қабілетімен айқындайды.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық трақтылығының көрсеткіштері мыналарды кіріктіреді: жарғылық және өз капиталының ең аз мөлшерін; активтердің құны және олардың әртараптандырылу дәрежесін; сақтандыру резервтерінің және өзге де міндеттемелерінің мөлшерін; төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін; сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша міндеттемелер көлемінің арақатынасын; көрсетілетін сақтық және қайта сақтандыру қызметінің пайдалылығын; жүзеге асырылатын инвестициялық саясаттың тиімділігін.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының және шоғырландырылған негізде қадағалау жүзеге асырылатын тұлғалардың төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын қадағалау олар үшін пруденциялық нормативтер және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер белгілеу арқылы жүргізіледі.
Пруденциялық нормативтерді уәкілетті орган белгілейді және ол, атап айтқанда: төлем қабілетілігінің нормативтерін; қаржылық тұрақты нормативтерді кіріктіреді.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың жекелеген шарттары бойынша міндеттемелерінің ең көп көлемі өз капиталы мен сақтық резервтері сомасының 10 пайызынан аспауы керек.
Сақтандырудың және қайта сақтандырудың қолданылып жүрген шарттары бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының актуарий есептеген көлемде қалыптасқан сақтық резервтерінің болуы міндетті.
Сақтық резервтерінің қаражаты тек қана сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының қолданылып жүрген сақтандыру шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындауға байланысты сақтық төлемдерін жүзеге асыруға арналған.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымына санкцияларды уәкілетті орган не сот қолданады: уәкілетті орган санкциялар ретінде мынадай шаралар қолдануға: айыппұл салуға; лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға; лицензияна кері қайтарып алуға; сақтық (қайта сақтандыру) ұйымдарының акцияларын оның акционерлерінен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдауға және оларды жаңа инвесторларға сатуға; сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлерін қызметтік міндеттіліктерін атқарудан шеттетуге құқылы.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы өз қызметінің жыл сайынға міндетті аудитін жүргізіп отырады. Жыл қорытындысы бойынша жасалынған аудиторлық қорытынды сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының жылдық қаржы есептемесінің ажырағысыз бөлігі болып табылады.
Негізгі сақтық қызметінен алатын сақтандырушының табысы сақтық төлемдерімен және өзге сақтық қызметінен алынған табыстар мен шығыстардың (сақтық сомаларды төлеу және сақтық ісін ұйымдастыру және оның материалдық базасын жасау жөніндегі шығыстардың орнын толтыру, еңбекке ақы төлеу шығыстары, сақтық қорларына аударылатын аударымдар) айырмасы ретінде анықталады. Кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыс қызметтің осы түрлеріне белгіленген ережелерге сәйкес салық салынатын табыс резервтік қорларға аударылған аударымдардың сомасына азайтылатынын ескере отырып есептеп шығарылады.
3.2.Қазақстанда сақтық рыногының қалыптасуы
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасындағы сақтық қызметінің монополиясы өзгерді, сақтандыру кеңістігі едәуір кеңейді, сақтық қызметтердің кең спектрін ұсынатын мемлекеттік емес акционерлік сақтық компаниялары пайда болды.
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.
Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызметі рыногын сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуді және кезең-кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мынадай міндеттерді шешу көзделінген:
әлеуметтік сақтандыру түрі ретіндегі сақтық қорғауды ұсынудың қағидаттарын нақтылау;
сақтандырудың қолдану аясын кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін нақтылау;
сақтық рыногының қазіргі заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру және оның қатысушыларының – сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтық брокер, сақтық агент, сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы, актуарий, уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор), өзара сақтандыру қоғамы, сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңы және жеке тұлғалардың қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
- халықаралық стандарттарды ескере отырып, сақтық қадаға-лаудың жүйесін ұйымдастыру;
- сақтық және қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттігі бойынша талаптарды күшейту;
- осы заманғы сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу;
- сақтандыру саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру.
Осы тұрғыдан алғанда, ұлттық сақтық жүйені дұрыс ұйымдастыруда және сақтандырудың әлеуметтік маңызды түрлерін жедел дамытуда мол резерв жасалған.
Қазіргі заманғы сақтандыру индустриясын құру мемлекетке: мемлекеттік бюджеттің табиғи-техногендік сипаттағы көлденең шығыстарды өтеу бөлігіндегі салмақты азайтуға; нарықтық экономика қағидаттарында сақтандыру арқылы (зейнетақы жиналымдарын, еңбек қабілеттілігінен айырылуы немесе асыраушысы қайтыс болуына байланысты, жұмыссыздыққа байланысты берілетін жәрдемақыларды, медициналық шығыстарды төлеу) әлеуметтік қамсыздандырудың (қамтамасыз етудің) жекелеген проблемаларын шешуге; халықтың, жеке ұйымдардың жинақ ақшасын ұзақ мерзімді негізде ұлттық экономикаға тартуға мүмкіндік береді.
Азаматтардың ақшасымен операцияларды жүзеге асыратын банктер мен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі сияқты сақтық ұйымдарының қызметі де белгілі бір мөлшерде халықтың сақтандыру институтына деген сенімінің деңгейіне байланысты.
Сақтандыруды дамыту, өз кезегінде, заңнамалық базаны, мемлекеттік салық-бюджет және ақша-кредит саясатын жетілдіруге, сақтық қызметін қадағалау сапасы мен сақтық ұйымдары жұмысының сенімділігіне байланысты болады.
Қазіргі заманғы сақтық рыногының толыққанды жұмыс істеуі, сонымен қатар актуарийлерлер (сақтық міндеттемелерінің экономикалық-математикалық есеп-қисабы саласындағы мамандар) институтын енгізуді, уәкілетті аудиторлар мен басқа да мамандарға қойылатын тиісті талаптарды қажет етеді.
Қазақстанның сақтық рыногы қалыптасу стратегиясында тұр: экономикалық және құқықтық негіздемелері бойынша (ұзақ дағдарыс жетілмеген заңнамалық база) ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай арта қалып келеді. Дамыған нарықтық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ао Қазақстанда ол не бары 40 түрін қамтиды. Жеке басты сақтандыру және азаматтардың мүлкін сақтандырудың көптеген түрлері нашар дамыған, бұл халықтың табысының төмен болып отырған деңгейіне байланысты.
Дүниежүзілік тәжірибе сақтық ісі бизнестің кең таралған және пайдалы сферасы екендігін дәлелдеп отыр, ал қуатты сақтық компаниялары өзінің қызметін шектес салаларына әртараптандыра отырып, негізгі және қаржылық орнықты рыноктық құрылым бола отырып, нарықтық экономикада тұрақты жайғасымдарды алып отыр.
Ерекше сақтық қатынастар, сақтық қызметінің рыногын дамыту, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғау “Сақтық қызметі туралы” Қазақстан Республикасының заңымен, сақтандыру мәселелері жөніндегі Үкімет қаулыларымен және Ұлттық банктің сақтық қадағалау департаментінің нормативтік актілерімен реттеліп отырады.
Қазіргі кезде Қазақстанның сақтық рыногы қатысушыларының ассоциациясы құрылған. Ассоциацияның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының сақтық рыногын дамытудың қолайлы жағдайларын жасау және халықтың сақтық мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады.
Қорытынды
Соңғы жылдары сақтандырудың отандық рыногында оң тенденциялар байқалуда. 2003 жылы сақтық сыйлықақыларының көлемі (іс жүзінде – рыногының көлемі) 27,1%-ға көбейіп, 28,9 млрд. теңгені құрады. Міндетті сақтандыру бойынша сақтық сыйлықақыларының көлемі 136,4%-ға (2,8 млрд. теңгеге дейін) көбейді. Сақтық төлемақысының көлемі 80%-ға (23,3 млрд. теңгеге дейін) соның ішінде міндетті сақтандыру бойынша 73,5%-ға (1,3 млрд. теңгеге дейін) өсті.
Сақтық ұйымдарының жиынтық есертік меншікті капиталы 47,3%-ға (9 млрд. теңгеге дейін) көбейді, сақтық резервтері 66,7%-ға (4,5 млрд. теңгеге дейін) өсті.
Барлық сақтық ұйымдарының жиынтық активтері 2003 жылы Қазақстанда 65,6%ға көбейіп, 0,7 млрд. теңгені құрады.
Қазіргі кезде Қазақстанда 34 сақтық ұйымдарының сақтық қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар, соның ішінде 6-шетелдіктердің қатысуымен және екуінің өмірді сақтандыру бойынша, 27-сінің көлік құралдары иелерінің АҚШ-ні міндетті сақтандыру бойынша лицензиялары бар, 6 сақтық брокерлерінің, 30 актуарийлердің, 34 аудиторлық ұйымдарының және 67 аудитордың сақтық қызметінің аудитын жүзеге асыруға лицензиялары бар.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы Алматы,2002
- Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы.
- Қазақстан Республикасының Конституциясы.- Алматы: Қазақстан,2000.-96 бет.
- Бюджет жүйесі туралы. Қазақстан Республикасының заңы. Астана:2001.-37 бет.
- Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (салық кодексі).-Алматы: ЮРИСТ,2002. – 230 бет.
- Берлин С.И. Теория финансов. Учебное пособие. – М.:Приор, 2000.-256с.
- Дробозина Л.А. Финансы. Учебник для вузов. – М.:ЮНИТИ, 2000.-527с.
- Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 1998. – 184 с.
- Заяц Н. Е.., Фисенко М.К., Бондарь Т.е. и др. Теория финансов. Учебное пособие. – Мн.:Высш. шк.,1998.-368с.
- Құлпыбаев С. Қаржы. Оқу құралы.-Алматы: Мерей, 2000.-154бет.
- Құлпыбаев С., Баязитова Ш., Баязитова А.Қаржы теориясы. Оқу құралы. – Алматы: Мерей, 2001. – 176 бет.
- Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. Учебник для вузов.- Алматы:2001.-512с.
- Мельников В.Д., Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001.-285 с.
- Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятиях. – Алматы:Центраудит – Казахстан,2002.-728 с.
- Финансы. Учебник для вузов. Под ред. М.В. Романовского. – М.:Перспектива/ ЮРАЙТ, 2001. – 520с.
- Финансы, деньги, кредит. Учебник. Под ред. О.В. Соколовой. – М.: ЮРИСТ,2001. -784 с.
- Финансы. Денежное обращение. Кредит. Учебник для вузов. Под ред. Л.А. Дробозиной. – М.: ЮНИТИ, 2000. – 479 с.