Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz – Сбербанктің қаржыландыруымен Солтүстік Қазақстан облысында тазаланған бөтелкедегі су шығаратын жаңа «Компания «AQUA PRODUCT» ЖК» кәсіпорны ашылды.
2017 жылы жеке кәсіпкер Әзиз Бұлқайыров Солтүстік Қазақстан облысында су сапасын арттыру мақсатында бөтелкедегі су шығаратын жеке кәсіпорнын ашу туралы шешім қабылдады. Кәсіпкер болашақ кәсіпорынды дамыту жобасын дайындай отырып, қаржылық серіктес ретінде Сбербанкті таңдады. Сбербанк «Даму» ҚДҚ» АҚ қатысуымен кәсіпорынның ашылуын қаржыландырды. Бөтелкедегі су өндірісіне қажет барлық жабдықты сатып алып, ағымдағы жылдың басында кәсіпорын «Бірінші» маркалы бөтелкедегі судың алғашқы топтамасын шығарды.
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту кез-келген мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Біздің елімізде бизнестің бұл бағытына ерекше орын берілген», - деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасының корпоративтік бизнес жөніндегі орынбасары Елдар Теңізбаев.
«Компания «AQUA PRODUCT» ЖК жобасы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында 2018 жылдың соңында қаржыландырылды.
«Өткен жылдың соңында біз Қытай Республикасынан бөтелкедегі су өндірісіне арналған заманауи жабдықтарды сатып алдық. Бұл - суды көмір-құм сүзгілері арқылы тазартып, соңғы өнімді ионмен қанықтыратын, толығымен автоматтандырылған желі. Суды сүзгілеудің соңғы технологияларын пайдалану "Бірінші" маркалы ең жоғарғы сапалы бөтелкедегі суды шығаруға мүмкіндік береді» - дейді «Компания «AQUA PRODUCT» ЖК басшысы Әзиз Бұлқайыров.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024