Қазақстандық журналистер Қазақстан журналистер Одағының басқарма төрағасы және Ұлттық баспасөз клубының жетекшісі Сейітқазы Матаевты қолдау үшін Бас прокуратураға жолданатын үндеуге қол жинауда. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлайды.
ҚазТАГ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, үндеуге 200-ден астам адам қол қойып үлгерген. Қазақстанның танымал журналистері әлеуметтік желілерде Сейітқазы Матаевқа қолдау білдіруде.
"Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымы таратып отырған үндеудің авторлары бас прокуратурадан бұл іс бойынша тергеуді ерекше бақылауға алуды және тергеудің мейлінше ашық жүруін қамтамасыз етуді сұрайды. Және заңмен бекітілген кінәсіздік презумпциясының сақталуына назар аударады.
Сейітқазы Матаев пен оның ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттігінің директоры Әсет Матаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының Алматыдағы бөліміне әкетілген. Біраз уақыттан соң Әсет Матаев босатылғанымен, Сейітқазы Матаев әлі де қамауда.
Құзырлы органдар ҚазТАГ пен Ұлттық баспасөз клубы 2011–2015 жылдары қолды болған 300 миллион теңге (қазіргі бағаммен 850 мың доллар) қазынаның қаржысына қатысты іс бойынша күдікке ілінгенін хабарлайды. Айыптауды жоққа шығарған Матаевтар болып жатқан оқиғаны «үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ-қа қысым көрсету» деп бағалады.
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024