Қазақстан Республикасының экономикасы әкімшілік-бұйрықтық экономикадан нарықтық экономикаға көшудің қиын жолын кешуде. ТМД елдерінің үкіметтері көбінесе нарықтық реформаларды жүзеге асырудың келесі сатыларын ұстанады - мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржы, несие саясаты, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы түрде нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Ең маңызды мәселелердің қатарында кәсіпкерлік қызметіне қолдау жасау, шағын және орта бизнесті дамытудың рөлі ерекше.
Тиімді нарықтық экономиканы құруда шағын және орта бизнестің мәні оның бәсекелік ортаны қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесетін құрылымдық фактор ретіндегі орны мен рөлімен анықталады. Шағын бизнестің негізгі функциялары - бұл көбінесе жергілікті нарықты қажетті өнім мен қызметтермен қамтамасыз ету, жұмыспен қамтылу мәселесін шешудегі жэрдем. Мұндай мәселелердің оңтайлы шешілуі ауыспалы кезеңде орын алатын әлеуметтік дағдарыстың зардаптарын азайтады.
Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн тэртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Кәсіпкерлікті дамыту - нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мэселелердің экономикадағы рөлінің аса маңыздылығын дэлелдейді. Оның негізгі маңыздылығын ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты кәсіпкерлік» деп аталынғандығы айқындайды. Сондықтан, шағын бизнесті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын бизнес дамыған нарықтщк; шаруышылықтың бөлінбес бір элементі болып табылады. Шағын бизнес халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, жаңа қосымша жұмыс орындарының ашылуын құру сияқты дәйекті мэселелер оның ақтуалдылыгын көрсетеді және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.
Сондықтан бұл жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің даму сипаты мен ерекшеліктері және оны қолдау мәселелерін зерттеу,болып табылады, яғни оның даму және проблемаларын айқындау және оған мемлекеттік қолдау қажеттілігін негіздеуді талдау болып табылады.
- I. Шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы алатын орны 1.1. Нарық жағдайындағы шағын және орта бизнестің мәні және қажеттілігі.
Қазақстан Республикасының экономикасы шаруашылықтың эртүрлі формаларын дамытпай қалыптаспайды, оның ең маңызды бөлігі шағын кәсіпкерлік болып табылады. Шағын және орта бизнес-нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополизмін шектеуде және бәсекелестікті дамытуда, тауар және қызмет сұранысын қанағаттандыруда, жұмыссыздық мәселесін тежеуде, жаңа технологияларды енгізуде, Қазақстан Республикасының экономика саласын дамытуда маңызды роль атқарады.
Сонымен, шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы алатын орны ерекше. Өйткені мемлекеттің жалпы қоғамның алға жылжуының бірден-бір рычагы болып табылатыны сөзсіз. Шағын бизнес ірі бизнеске қарағанда нарыққа тез бейімді, өзгермелі жағдайларға байланысты икемді, жаңа дамып отыратын өндіріс секторларында жұмыс істеуге қаблетті.
Шағын және орта бизнестің субъектісі ретінде кәсіпкер танылатыны айқын. Шағын және орта бизнестің мэні мен мағынасын терең деп білу үшін, ең алдымен сол шағын және орта бизнесті алып жүруші субъект - кәсіпкер терминіне тоқталсақ.
Кәсіпкерлік феномені бағзы заманнан бері экономикалық, элеуметтік ғылымдардың зерттеу объектісіне айналған. Кэсіпкерлік, шағын және орта бизнес негіздері теориясын XVIII-XIX ғасырларда Ф.Кенэ, А.Смит, Ж.Б.Сэй, сосын И.Шумпетер, Ф.Хайск, А.Чаянов және тағы басқа экономист ғалымдар негізін қалаған.
Кәсіпкерлік қызметке талдау жасау - оның жалпы экономикалық ой -пікір сияқты ұзақ тарихы мен терең тамырының бар екендігін көрсётеді. Экономикалық мағынада ірі өндірістік немесе күрылыс жобаларын басқарушы деп түсіндірме беруге болады. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсіпкерлік туралы, оның индустриялық кезіне дейін қалай аталғанына қарамастан, ерекше ой - пікір қалыптасқан. Алайда, батыстың экономикалық теориясында шағын және орта бизнеске шын мәнінде назар аудару XVIII ғасырдан басталды десек те болады. Атақты экономист, ғалым Р.Кантилон, «кәсіпкер» деп - нкрық жағдайында әрекет жасаған адамды айтқан.
Әлеуметтік - экономикалық қүбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның мәнінде экономикалық - құқықтық, психологиялық және тарихи тұстары бар. Бірақ, шағын және орта бизнестің, яғни кәсіпкерліктің негізі адам қызметінің экономикалық танымында жатыр.
Шағын және орта бизнесті жүзеге асырушы кәсіпкерді-«индивид» түрінде өз бетінше нарықтық жағдайда жоғары шешім қабылдай алатын, жеке меншік иесі ретшде, өзше ешкщнщ көмегінсіз табыс пен пайдаға қол жеткізе білетін және атқарылған қызметтің барлығы өз қимыл іс-әрекетінің жемісі екендігін түсінетін заңды және жеке тұлғаларды айтуға болады.
А.Смит шағын және орта бизнес пен кәсіпкер туралы төмендегідей жазған екен «..ол тек өзінің жеке қызығушылығын, өзінің жеке пайдасын ғана ойлайды және де көрінбейтін қол арқылы жоспарланбаған мақсаттарына жетеді. Қоғамға қызмет етемін деп ойлаған кезден гөрі, өзінің жеке пайдасын ойлаған кезде, қоғамға көбірек пайда алып келеді.»1.
Кәсіпкерліктің субъектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі тұлғалар ең алдымен жеке индивидтер жатады. Бұлар мұндай сапада жеке өндірісті /жанұя, кәсіпорын/ ұйымдастыру формасы арқылы көрінеді. Кэсіпкердің іс әрекеті өзінің еңбек шағындарына немесе жалдамалы еңбекті пайдалануға негізделеді. Шағын және орта бизнесті жүргізушілер экономикалық мүддені білдіретін"сонымен қатар оған қатысушылар міндетті шарт жасасып ұйымдастырады. Мұндай бизнес түрі - ұжымдық деп есептеледі. Жеке кәсіпкерлерге қарағанда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер көптеген мэселелерді шеше алады. кәсіпкерліктің потенциалдық мүмкіндіктерін толық бағалау үшін олардың субъектілерін номиналды және нақты деп бөлудің маңызы ерекше. Номиналдыға кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы жатады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде эрбір азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар. Алайда оны жүзеге асыру қоғам мүшелерінің кез-келгенінің қолынан келе бермейді. Сондықтан кәсіпкерліктің шын, нақты субъектісі - бұған деген алғы шарттары бар, ең бастысы капитал иемдену құқығы барлар жатады. Міне, осы адамдар экономиканың кәсіпкерлік секторын құрып, дамыта алады.
Кәсіпкерліктің объектісі - адамның белгілі қызметі. Мұның ерекшелігі қандай? кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет. Бірақ ең бастысы - әр кәсіпкер оның тек өзіне тиімдісін, пайдалысын ғана жасайды. Міне, осы себептен кәсіпкерлердің ең басты мақсаты - өз кәсігіорынының пайдасын барьінша жоғарлату немесе шағындарын барынша азайту болып табылады. Ал, кәсіпкердің табысы көбіне оның бизнесті ұйымдастыруына тікелей байланысты. Қызметінің бастапқы кезеңінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшін өндіріс факторларын комбинациялаудың жаңа жолдарын іздейді, яғни, бұл кәсіпкерліктің ең басты мэселесі.
Сонымен, кәсіпкерлік - жаңа мүмкіндектері іздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тиімді салаларын іздеу, ескі ойлау шеңберінен шығу. Былайша айтқанда, өндірістің жаңа түрін ашып, дамыту; тауарлар мен қызметтердің жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын өзгерту, сонымен қатар оларды жаңарту және өркендету. Мұндай өзгерістердің түрлері эр алуан жаңа кәсіпорындар ашу немесе ескі кәсіпорынды қайта құру, байланыстардың жаңа түрлерін жасау немесе ескілщн ( жою, доодификаііиялау . әреқеттерімен байлаңысты нақты өмірде кәсіпкерліктің объектісі - новаторлық, жаңашылдық мағынадағы ерекше өндіріс және айырбас пен бөлудің түрлі факторларын комбинациялау болып табылады.
Бизнеспен іскерлік қабілеті жоғары, нарықта өз күш-қуатын жаңа сфераларды іздестіру жолында жұмсаушы субъект ғана айналыса алады. Әрине Мамыров Н.Н.Предпримимательство. Алматы.Экономика-1998ж-102беткез-келген алып-сатарды бизнесмен, шағын және орта бизнесті жүзеге асырушы деп атауға болмайды. Сонымен кәсіпкерлік - өз қаражаттарын белгілі бір өндіріс түріне жұмсай отырып және қоғамға пайдасын тигізе отырып, табыс алу. Яғни кәсіпкерлік қызметтің басқа коммерциялық емес құрылымдарға қарағандағы ерекше айырмашылығы табыс пен шығын арасындағы айырманы пайда ретінде қарау.
Иә, елімізде нарықтық экономиканың қалыптасқанына да 10 жылдан астам уақыт өтіпті, содан бері мемлекетіміздің меншігі бірте-бірте жеке меншікке ауысты. Олар әртүрлі шаруашылық ассосациялар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шағын кёсіпорындар, акционерлік қоғамдар ( ашық, жабық) формаларында қайта құрылды.
Елдің кәсіпкерлік стимулын арттыру үшін экономикалық, әлеуметтік, құқықтық жағдайлар базасын құрып, жетілдіру керек. Жалпы кәсіпкерлік кызметтің түрлерін төрт түрге бөліп қарастыруға болады. Қазақстан Республикасында:
Өндірістік - оның ішінде инновациялық, ғылыми-техникалық тауар өндіру, қызмет көрсету және басқа.
Коммерциялық - сауда-саттық, делдалдық, сауда үйлері, тауар биржалары және тағы басқа.
Қаржылық - банктік, сақтандыру, аудиторлық, лизингтік қор биржалары және тағы басқа.
Кеңес берушілік - басқармалық, әкімшілік, маркетингтік, ақпараттық, кадрлар дайындау және тағы басқа.
Біздің Республикамызда қаражылық кәсіпкерліктің банктік түрімен тек қана банктер ғана айналыса алады.
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың белсенді қатысушылары - шағын және орта бизнес субъектілері - кәсіпкерлер, жеке адамдар, бизнесмендер екені белгілі. Республикамызда шағын жёне орта бизнестің дамуына жан-жақты. шаралар интенсивті түрде жасалылуда.. Ал, оларға жекеше тоқталсақ, меншікті жекешелендіру бағдарламасының жүруі, ол өз кезегінде шағын бизнестің дамуының нағыз экономикалық негізі екенін есімізге алайық. кәсіпкер шағын жёне орта бизнес субъектісі ретінде оның іс әрекеті эр кездеде белгілі бағытта ү-йымдастырылады, және оның нақты нысандары бар. кәсіпкерліктің шаруашылықты жүргізу тэсілі ретінде бірнеше жалпы белгілері бар. Оның ішінде негізгісі - шаруашылық субъектілерінің елсіздігі. Олардың дербестігі нарық механизмі әрекетін қамтамасыз ететін тэртіпті қалыптастырады. кәсіпкердің тэуелсіздігі оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндіру процесін ұйымдастыруы және оларды нарықта кәсіпкердің ойлағанындай өткізе алу құқғын береді. Материалды ресурстар мен ақша капиталының иелері бұл ресурстарды қалауынша пайдалана алады. Әрбір қызметші өзі істей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Алайда, қандай да болмасың еркіңдіқ көптегең жағдайлармен шектелген. Олар сыртқы орта мен субъектілер әрекетінен шығады. Дегенмен, шағын бизнестің басты шарты барлық мүмкіндіктердің деңгейі тұрғысынан шешім қабылдаудағы автономиялылығы. Барынша көп табыс табу жалпы бизнестің қозғаушы факторы болып табылады. Көп жағдайларда тек осы тұрғыдан ғана іс ұйымдастырылып, одан әрі кеңейтіледі. Нарық жағдайында өзгерістер күніне бірнеше ретте болып отыруы мүмкін. Олар осы жаңалықтарды өз жұмыстарына енгізеді. Жаңалық процесінің мүраты - пайда табу. Мысал үшін, нарыққа жаңа тауар шығарған немесе ресурс үнемдейтін экономикалық тиімді технология ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне, осы қабілет әдеттегіден ерекше шешім қабылдауда, творчествалық көзқарас жағынан іскерлік әлемінде жоғары бағаланады.
Кәсіпкерлікке тэн тағы да бір сипат - шаруашылық жүргізудегі тэуекелге бел бууы, іске кірісер алдында болашақ бұл дыр қиялдарды болжап білу және оны шеше алуы. Жаңа идеялар мен жобаларды пайдаланғанда бастапқыда қауіп-қатері көп, ,ал оларды өне бойы экономикалық есептеу мүмкін емес. Шаруашылықтың қауіп - қатері, тәуекелдің негізінде мүмкін болатын және шын мэнідегі шығындар мен нәтижелердің ара қатынасы жатады. Егер өндірілген тауарлар бағасы жұмсалған шығындарды қайтармаса, онда кәсіпкер өз қызметін тиімді ұйымдастыра алмағаны, ёлде өткен нарықтық конъюктура жайсыз болғаны.
Шағын және орта бизнестің, кәсіпкерлік қызметтің мэні - өндіріс құрал жабдықтарын шаруашылық объектісі ретінде иемденуде және табыс алу мақсатында өндіріс факторларын тиімді пайдалану оның негізі болып табылады. Кәсіпкерлік шаруашылықты жүргізу тәсілі жаңа іске адамның жеке энергиясымен капиталын жұмсаудан көрінеді. Мұндағы кәсіпкерлік әрекетінің ең басты тиімділігі - таңдаудың дұрыстығы немесе тандаған істің кәсіпкердің жеке потенциалына сәйкес келуі деп білеміз.
Шағын және орта бизнестің тарихына көз жіберейік. Ресейде кәсіпкерлік көне заманнан бері Киевтік Русьте сауда-саттық формасында дамыған. Ең бірінші кәсіпкерлер деп - көпестер мен майда алыпсатарлар және қолынан іс келетін өзі жасаған тауарын сатушыларды айтқан . Петр І-шінің кезінде орта бизнес көркейді. Бүкіл Ресейде мануфактуралар құрылып тігін, қару-жарақ, тау ісі салары дамыды. Кеңес Үкіметі келісімінен кәсіпкерлік деген термин жалпы экономикалық оқулықтан алынып тасталды. ХХ-шы ғасырдың 90-шы жылдарында ғана шағын және орта бизнес халықтың түсінігіне қайта енді. Әрине өз бизнесін бастау ел тыныш кезде де шешімділікті қажет етеді. Бұл тәуекелге бас тігу өз ақша қаражатын сала отырып, не табыс алады, немесе жоғалту қаупі, бэселелестікке төтеп беру, мұның бәрі белгісіздікке қажет шешімділік. Жер жүзінде миллиондаған кәсіпкерлер тәуекелге бел буып, жаңа бизнес түрлерін ашуда. Осы творчествалық процестің түбірінде экономиканың жеке секторының күш-қуаты, жалпы ұлттың әл-ауқатының кілті жатыр.
Шағын және орта бизнестің Қазақстан Республикасында құрылуы мең дамуы тауарлы нарықтың және кәсіпкерлік іс-әрекеттің кең ауқымға құлаш жаюымен байланыстыруға болады. Әрине мемелекетіміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі, нарық экономикасына бет бұруының өзі елде кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнеспен айналысуға міндетті етті. Бастапқы кезең ретінде көрінген мұндай бизнес 1995-1996-шы жылдары делдалдық қызмет ретінде жүзеге асты. Ал соңғы 5-6 жыл ішінде қолынан іс келетін азаматтар, заңды тұлғалар әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденген бизнес кілті - өндіріс екендігін түсінді. Республикамыз табиғи жер қойнауларына бай, жер ауқымы кең, ауыл шаруашылығы - фермерлік іс, шаруашылық қожалықтарын құру, төл өсіру, сүт тағамдарын нарыққа шығару соңғы кезде жақсы дамып отыр. Жэне осылайша көркейе алатынына кәсіпкерлердің көздеріде жеткен. Мемлекет тарапынанан да заңдылық, құқықтық атмосфера да бір арнаға түсті десек те болады.
Қазақстанда шағын және орта бизнесті жұмысшылар санына байланысты анықтауымызға болады. Бұл мәселені мен келесі кестеде қарастырдым.
Кесте 1.1.
Казақстандағы шағын кәсіпкерлікті Ресеймен салыстыра отырып анықтау критериі.
Елдер | Шаруашылық салалары | Жұмысшылар саны |
Қазақстан: | Өнеркёсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығы. | 50 адамға дейн |
Сауда және тұрмыстық қызмет. | 30 адамға деин | |
Көлік және байланыс. | 25 адамға дейн | |
Ғылым және инновациялық қызмет. | 20 адамға дейн | |
Басқада (ойынханалар және шоу бизнестен басқалары). | 15 адам№а дейн | |
Ресей: | Өнеркёсіп, құрылыс, көлік және байланыс. | 100 адам |
Ауыл шаруашылығы. | 60 адам | |
Ғылыми-техникалық сала. | 60 адам | |
Көтерме сауда. | 50 адам | |
Бөлшек сауда жёне тұрғындарға Қызмет көрсету. | 30 адам | |
Қызметтің басқада салаларын жүзеге асыру. | 50 адам |
Қазақстан Республикасының ұлттық статистикалық агенттігінің 1997 жылдың 6 тамыздағы № 44 қаулысына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту бойынша кәсіпорындардың классификатор көлеміне байланысты 250 адамнан аспайтын жұмыспен қамтамассыз етілген кәсіпорындар орта бизнеске жатады.
Экономикасы жаңа-жаңа дамып отырған елдер үшін орта және шағын бизнесті жандандыру шешуші роль атқарады. Кәсіпкерлік қызмет бұл елдер үшін дағдарыстан алып шығатын бірден-бір сара жолы болып отыр. Шағын және орта бизнес-экономиканың тиімді де қомақты секторы. Оның аясында жалпы ішкі өнімнің үлес салмағын артып, экономикалық тұрғыдан жұмысқа жарамды тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бұл индустриалды дамыған экономикасы бар, және өтпелі кезеңді басынан кешіріп отырған елдер экономикасы үшін тым жағымды көрініс. Экономикада бірден-бір маңызды элемент жұмыссыздық. жұмыссыздықтың кең етек алуы экономикалық әл-ауқаттылыққа зардабын тигізер фактор болса, шағын бизнес аясында көптеген жұмыс орындары ашылады. Осы жаңа жұмыс орындарын отырып шағын бизнес ел экономикасына қыруар көмек етеді. Ол бәсекелестікке сай келе алатын динамикалық диверсификациялық бағытта халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуіне, оның әлеуметтік тұрмыс жағдайын көтеретін шын мәніндегі қуатты экономикаға жол ашады.
И.Шумпетердің айтуынша: «Кәсіпкерлік шағын және орта бизнесті жүргізу - прогрестің алға тартар күші, іргелі инновация. Инновация - ғылыми-техникалық прогрестің, қоғам мен адамның барлық іс аясында жүргізілетін коммерцияның жетістіктері. Ол өндіріспен ғана емес, менеджмент, маркетинг, ойлау, Өмір сүру сипаты мен кәсіпкерлік мәдениетімен де ұштасып жатады.
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес халықтың эл-ауқатыдың төмеңдеген кезінде, ел экономикасының мақроэкономикалық дағдарысқа ұшыраған кезінде де өміршең күй танытты. Елдегі объективті және субъективті қиындықтар оның динамикалық дамуына кедергі етуде. объективті қиындықтары:
Экономиканың жаппай дағдарысқа құрауынан, бюджет тапшылығы, қаржылық ресурстар жетіспеушілігі, міне осы мәселелер шағын және орта бизнестің кең масштабта қарқын алуына кедергі етуде. Нарықтық экономикаға таяну жақындаған сайын, мемлекеттің инвестор ретіндегі ролі төмендеуде. Мемлекет өз тарапынан бизнесті дамытуда қолайлы климат жасауы, заңдық-нормативтік актілерді жолға қоюы, шетелдік және отандық инвесторларды шағын және орта бизнесті дамыту жолында капитал құюына тартуы, шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламаларын қолдайтын микроэкономикалық саясатты жасауы қажет.
Субъективті негіздегі қиындықтарға, негізінен мынандай түсіндерме беруге болады. Қоғамның сана-сезімінде қалыптасып қалған пайда табу, табыс алу, бай болу әрекеттерін әлі де болса, психологиялық жағынан дайындық жоқ. кәсіпкерлер тарапынан да нарықтың тез өзгеру қозғалысына жылдам эрі тиімді реакциясы толық әдетке енбеген. кәсіпкерлер менеджмент, маркетинг салаларының қыры мен сырына әлі де түсінбеген. шағын кәсіпорындардың жұмысының тиімділігі - өнімдер өндірудегі тар мамандану ғана емес, еңбек құралдарына да мамандануында. Мұндай өндірістер шектеулі тауар ассортиментін шығарып, қажет болған жағдайда оны тез ауыстыруыда мүмкін шағын бизнестің дамуы транспорттық шығындар мен өнімдердің құрып қалуы қаупін төмендетеді. Сонымен, шағын кәсіпорындар - негізінде алып инфраструктуралық бөлімдердің (қоймалық, арнаулы коммуникациялар, көліктік шаруашылықтар, тазалау құрылғылары) құрылуына көп шығындар жұмсалмайды. Өндірістің аздаған көлемі бойынша тауарларды сату, айналымға жіберу, материалды техникалық жабдықтауларды өнім дайын болғаң кезінде реализациялау тез жүреді. Батыс экономистершщ тұжырымдаулары бойынша шағын кәсіпорындардың артықшылығы - меншікті менеджменттің бірлігі, ол өзкезегінде басқарушылық және орындаушылық процестерін тездетеді, сонымен қатар бүкіл ұжымның алға қойылған мәселелерін бірігіп шешуін және оны іске асыруын қамтамасыз етеді. Осылайша шағын және орта бизнестің дамуы ресурстар айналымдылығын, өндіріс процесі мен түлыну процестерін жеделдетеді. Әрине шағын және орта бизнесті ашып оны жүргізушілер өз даму сатыларында түрлі қиыншылықтарға қәзіргі ықтимал. шағын және орта бизнестің дамуын жеңілдету үшін қоғамда, заң жүйесінде толығымен өзгерістер енгізілуі керек. Осыған байланысты кешенді түрде шағын және орта бизнестің ел экономикасына тигізетін пайдасы зор және де ірі кәсіпорындардың жанында көмекші өндіріс ретіндегі ролін арттыру қажет.
Бүгінгі күні шағын және орта бизнестің алдында ең бір шешімін күтіп тұрған проблема ол - шағын кәсіпорындарды ресурстармен қамтамасыз ету. Өндірістің спецификасы эрине жаңа технологияларды қажет етеді. Одан шығар жол - отандық өндірісті жандандыру. Сөйтіп жаңа техника, құрал - жабдықтар шығаруға мамандану. Ол үшін шағын бизнесті техникалық қолдау бағдарламасын жасап, шетелдік инвесторлардың капиталын тарту керек. Проблеманың екінші аспектісі - бұл шағын бизнесті -қаржылық қамтамасыз ету. Бұған алғашқы қаржы құрау мэселесі жатады. Осы проблема тұрғандықтан шағын бизнес қазіргі кезде тек қана делдалдық, алыпсатарлық қызметтер түрімен ғана айналысуға еріксіз. Осы қаржылық ресурстарды табу мен оны қолға ала алмау мәселесі шағын бизнесті көлеңкелі экономика жағына бүрып отыр. Сэйкесінше барлық тапқан табыс мемлекеттен тыс жасырын капитал табысына кетіп отыр. Алғаш қойылған мәселелердің жиынтығы шағын және орта бизнестің инфрақұрылымын құрып, оны ақпаратпен қамтамасыз ету, әріптестер іздеу, тағы да басқа жүйелерді құруды қажет деп отыр. Сонымен шағын және орта бизнес алдында тұрған проблемалар жеткілікті, және олар терең ғылыми ізденісті талап етеді. Бірақ сөзсіз шағын және орта бизнес секторы - экономикада отандық нарықтың жолға қойылуьша дем беретін сектор. Ол біздің өмірімізге толығымен еніп, өндірісті дамытып, әлемдік экономикалық алғы шектерде алғашқыларының санына бізді қоса алатынына сенімдіміз. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес алдындағы проблемаларды былайша топтауға болады:
Шағын бизнесті оптималды түрде қолдау мақсатында мемлекеттік стратегияның қажеттілігі.
Шын "мәніндегі жергілікті жерлерде шағын бизнес монйторингін "жолға қою.
Тексеруші органдардың бюрократизмін тоқтату.
Несие ресурстарына қол жеткізуге жол ашу.
Салық саясатын шағын бизнес мүдделерімен байланыстыру.
Психологиялық қоғамдық барьерді жеңу.
Кей деректерге сүйенсек, шағын және орта бизнестің елге әкелетін табысының жартылай бөлігі де мемлекет қазынасына түспей отыр. Мүның өзі елде етек алған бюрократизм салдарынан туындап отыр. Шағын және орта бизнестің ішкі қуатты резервтері жоқ, содан соң объективті түрде мемлекеттікоргандар мен жергілікті басшылықтар арасында ёлсіз арақатынастардың болуы. Және де Республика бойынша шағын және орта бизнес субъектілерімен жүргізілген анонимді анкеталық сүраудың мэліметтері бойынша, шағын бизнестің алдында тұрған ең бірінші мэселе - несиелік ресурстарға шығу жолы. Бүгінгі күнде коммерциялық банктер тек сауда - саттық операцияларымен айналысушыларды немесе тауар өндірушлерді ғана несиелеуді қолдап отырғанын айта кетуге болады. Шын мэніде банктік сектор шағын бизнесті көңілсіз түрде несиелеуге мүқтаж... 'Себебі несие берілген жағдайда шағын кәсіпорындардың несиені қайтара алмай қалуынан, оны өтейтін ресурстық базаның аздығы тіпті жоқтығы көңіл алаңдатады. Кепілге қойылған мүліктің нарықта сүранысқа ие болуының екіталайлығы және банктік несиені алған кәсіпорынның оны тиімді басқара алмау проблемасымен түйіседі. Өйткені олардың көпшілігінің жоғары деңгейдегі менеджменті, толық қанды бизнес жоспарлары стандартқа сай келмей отыр. Статистикалық мэліметтерге сүйенсек шағын және орта бизнестің Республикамызда дамуы негізінен - қатаң салықтық саясат, қарыз қаражаттарын ала алмауы, лизингтік қызметтердің шектеулі болуы, өткізу нарығының жоқ болу қиындықтары кедергі болып отыр. Біздің ойымызша шағын және орта бизнесті көтеру органдары - Салықтык; Комитет, сонымен қатар Ұлттық Банк тарапынан шағын және орта бизнесті қолдау және көтермелеу механизмдерін жүзеге асыру қажет.
Қазақстан Республикасы бойынша шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау саясатын жүзеге асыру областық, аудандық, қалалық шағын және орта бизнесті қолдау Орталықтары арқылы жүзеге асырылуда. Олар болашақта бизнес - инкубаторлар болатыны сөзсіз. Олардың жұмысына мьісалы:, жаңадан іс ашатындарға ңақты көмек (кеңселер ( и беру,(м-жабдықтармен қамтамасыз ету) келешекте бұл орталықтар ақпараттық-әдістемелік негіз беруші ретінде де көрінуі мүмкін.
Біздің жер қойнауымыз табиғи ресурстарға бай, географиялық орналасу жағынан кең ауқымды орын алып отыр, осыған байланысты шағын кәсіпкерліктер Республикамыздың территориясы бойынша әр-келкі болып орналасқан. Оны 2-кестеден көре аласыз.
Кесте 1.2.
2002 жылдын 1-ақпанындағы Қазақстан бойынша кәсіпкерліктерді білу мәліметтері.Шағын
Облыстар мен қалалардың аталуы | Шаруашылық пен айналысушы объектілердің саны | Жұмысшы лар саны | Өндірілетін өнім көлемі | |||||||||
Қазақстан республикасы | 87045 | 100% | 36873 6 | 100% | 154350 | 100% | ||||||
Ақмола облысы | 3486 | 4,0 | 14626 | 4,0 | 735831 | 4,8 | ||||||
Ақтөбе обл. | 3420 | 3,9 | 27058 | 7,3 | 612920 | 4,0 | ||||||
Алматы обл. | 6718 | 7,7 | 17988 | 4,9 | 968827 | 6,3 | ||||||
Атырау обл. | 1738 | 2,0 | 11590 | 861375 | 5,6 | |||||||
Батыс Қазақстан обл. | 1871 | 2,1 | 15862 | 4,3 | 870122 | 5,6 | ||||||
Жамбыл обл. | 4330 | 5,0 | 12630 | 3,4 | 256871 | 1,7 | ||||||
2Қарағанды обл. | 7137 | 8,2 | 29556 | 8,0 | 701570 | 4,5 | ||||||
Қызылорда обл. | 2062 | 2,4 | 6371 | 1,7 | 203845 | 1,3 | ||||||
Қостанай обл. | 4403 | 5,1 | 21411 | 5,8 | 505453 | 3,3 | ||||||
Маңғыстау обл. | 2177 | 2,5 . | 8533 | 2,3 | 122829 | 8,0 | ||||||
Павлодар обл. | 5059 | 5,3 | 16052 | 4,4 | 720955 | 4,7 | ||||||
Солт. Қазақстан обл. | 2649 | 3,0 | 18560 | 5,0 | 486284 | 3,2 | ||||||
Оңт. Қазақстан обл. | 8090 | 9,3 | 21311 | 5,8 | 242146 | 15,7 | ||||||
Шығ. Қазақстан обл. | 5385 | 6,2 | 40723 | 11,0 | 718733 | 4,7 | ||||||
Астана қаласы | 5616 | 6,5 | 24161 | 6,6 | 703107 | 4,6 | ||||||
Алматы қаласы | 22904 | 26,3 | 82314 | 22,3 | 343939 | 22,3 | ||||||
Шағын кәсіпкерлік кез-келген мемлекеттің экономикасының негізгі саласының бірі. Экономикасы алға кеткен дамыған елдерде шағын және орта бизнеске 10 кәсіпорынның 9-ы кіріп отырады. Егер, Еуропа елдерінде эр мың тұрғынға шаққанда 45-50 шағын кәсіпорын болса, АКДІ-та ол көрсеткіш 75 кәсіпорын шамасында, ал Қазақстанда небары 7-8 кәсіпорын ғана қэдэайды. Бұл көңіл қобалжытатын нәрсе. Ал Қазақстан Республикасы бойынша 1999-2001 жылдар аралығында жұмыс жасап тұрған шағын кәсіпорындар саны 1.3 кестеде келтірілген. Ескере кететін жай, келтірілген мэлёметтерде шағын кәсіпорындардың 24-28% құрайтын ауыл шаруашылығы, денсаулық және білім саласындағы көрсеткіштер анықталмаған.
Кесте 1.3
1999-200Іжж. Қазақстан Республиқасында заңды тұлға ретінде тіркелген шағын кәсіпорындардың саны мен құрылымы.
(статистика бойынша ҚР Агентігінің мәліметтерінен) 2
1999 ж. | 2000 ж. | 2001 ж. | 2001 ж. | ||||||||
Бр. | % | Бр. | % | Бр. | % | Бр. | |||||
Шағын кәсіпорындарды» барлығы | 17539 | 100 | 24848 | 100 | 37095 | 100 | 211,5 | ||||
Оның ішінде: | |||||||||||
Өндіріс | 2526 | 14,4 | 3668 | 14,7 | 5633 | 15,2 | 223,0 | ||||
Құрылыс | 2142 | 12,2 | 3007 | 12,1 | 4680 | 12,6 | 218,5 | ||||
Сауда, автокөліктерді жөндеу, тұрмысқа | 7587 | 43,3 | 11959 | 48,1 | 17531 | 47,3 | 231,1 | ||||
Статистика бойыншаIP Агенттігі. Казакстандағы шағын кёсіпорындар. Статистический обзор.қажетті бұйымдар | |||||||||||
өндіру | |||||||||||
Қона үйлер мен | 229 | 1,3 | 490 | 2,0 | 789 | 2Д | 344,5 | ||||
мейрамханалар | |||||||||||
Көлік және байланыс | 670 | 3,8 | 1152 | 4,6 | 1952 | 5,3 | 291,3 | ||||
Қозғалмайтын | 3130 | 17,8 | 2892 | 11,6 | 4549 | 12,3 | 145,3 | ||||
мүліктермен | |||||||||||
операциялар, аренда, | |||||||||||
Кәсіпорындарға | |||||||||||
көрсетілетін | |||||||||||
қызметтер | |||||||||||
Басқада | 1257 | 7,2 | 1680 | 6,8 | 1961 | 5,3 | 156,0 | ||||
коммуналдық және | |||||||||||
жеке қызметтер | |||||||||||
Нарықты және еркін экономика шыныменде тауар мен тұтыну нарығына кең жол ашты десек болады. Осындай экономика жағдайында заттық күйге ие тауарларда және заттық күйге ие емес терде тауар негізінде қатысып отырды, яғни кәсіпкерлікпен барлығыда айналыса бастады. Осыдан мекемелер мен ұйымдар өздеріне тиісті ғимараттар мен бос жерлерді жалға беруден бастап шағын кәсіпорындар мен фирмаларды құрудан аяқтады, бұл ар тек азық-түлік тауарлары мен өнімдерін қайта сатып қана қоймай, сонымен қатар бұрын соңды көрсетілмеген қызметтерді көрсете бастады.
Қызметкерлер саны бойынша сауда саласы ерекше орын сақтап қалса да, бірақ экономиканың басқа - өндіріс және құрылыс салаларының үлес салмағы айтарлықтай азайған. Себебі, эрине саласына жұмсалатын еңбек шығындары, материалды өндіріс кәсіпорындарына қарағанда төмен.
Осы талдауды толық аяқтау үшін, біз шағын кәсіпорындардың тауар айналымының құрылымдарын қарастыруымыз қажет (Кесте 1.4).
Кестедегі мәліметтер бойынша осы соңғы жылдарда Қазақстанның экономикасы нақты түрде алға жылжып отырғанын көруге болады. Яғни, экономиканың әр түрлі салалары бойынша шағын кәсіпкерліктің және ондағы тауар айналымдылығының өсу қарқыны айқын көрініс алып отыр. Жыл сайын республика бойынша шағын кәсіпкерліктің саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 40%, ал тауар айналымы одан екі есе өсіп отырады. Бұдан біз Қазақстандағы шағын бизнесті толығымен пісіп жетілді деп айта алмаймыз, оның қалыптасу процесі эліде болса жүріп жатыр және оның аяқталу кезеңін болжау қиын.
1.2. Шағын және орта бизнестің дамуы, және оны мемлекеттік қолдау.
Баршамызға белгілі жай шағын және орта бизнес өз даму жолында тек қана қаржылық, экономикалық проблемалармен қатар, қоғамдық, психологиялық тұрпаттағы мэселелерге де кезігеді. Солардың ішінде өз
шешімін күтіп тұрған Заң актілері мен қатар Салықтық кодекс реформаларына байланысты мэселелер.
Шағын және орта бизнес секторы үшін ең бір шешуші мәселе- салық салу жүйесін реформалау болып табылды. Құқықтық базаны жетілдіру өндіріс жағдайын жақсарту, және де шағын және орта бизнес субъектілерін әр түрлі қылмыскер, коррупционерлер пиғылдарынан қорғау проблемалары тұрса, экономиканың маңызды секторы шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай туғызу «Аумақтық шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасының» жасалынуы оны жүзеге асыру инструменті болып табылады. Ел Президенті НЛНазарбаев 1997 жылы 6 наурызда «шағын және орта бизнесті күшейту және оның жұмысын активациялау» Жарлығы жарык көргеннен кейін Республикамызда шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында кешенді де толық қанды көмек көрсету шаралары байқала бастады. Ал шағын бизнеспен айналысам деуші субъектілер саны күннен -күнге өсуде.
Шағын және орта бизнес секторында орын алған шағын кәсіпорындар санының тіркелгеннен бергі жұмыс жасайтын бөлігі күрт төмендеп кетуі, бұл бизңес түрінің салалық құрыльщы рационалды емес түрде ұйымдастырылуы оның даму эволюциясына кедергі етуде. Әрине мұның себептері шағын және орта бизнес субъектілерін қаржылық - несиелік қолдау аз мөлшерде болуы ғана емес, оның инфрақұрылымының дұрыс дамымай отырғандығында. шағын және орта бизнес субъектілерін объективті түрде ұлттық, аумақтық, жергілікті масштабта олардың эр қайсысына микродеңгейдегі микрожүйе ретінде қарастырған жөн.
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау ел Президентінің Жарлығынан кейін, және де «шағын және орта бизнесті қолдау туралы» Заңға сәйкес екі арнаға бөлінеді:
Қамтамасыз ету
Басқарушылық
Қамтамасыз етушілік ролі - шағын кәсіпорындарға қызмет көрсету, ақпараттық, материалдық, қаражаттық ресурстар ақпараттын жеткізу, және тағы басқа.
Басқарушылық- бақылау, жедел жарлықтар, эр түрлі жоспарлау, кәсіпкерлерге арналған семинарлар өткізу істерімен тікелей байланысты. Бұл іс-әрекет шағын және орта бизнестің дамуының түпклікті, тиімді басқарылуына алып келеді. Осы ретте шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы осы екі арнаның синтезі ретінде қойылған. шағын бизнесті қолдау негізінен үш деңгейде көзделген. Бұл Республикалық, аумақтық, жергілікті. Әр деңгейдің өзі концептуалды - бағдарламалық, функционалдық' ресурстық бірлестектірден тұрады. шағын бизнесті қолдау деңгейлері арасында өзара тығыз байланыс бар. Республикалық органдар ішкі ортафакторлары жобаларын жасап, аумақтық деңгейде олардың инфрақұрылымдық объектілерінің әдістемелік - нормативті құжаттар жобаларын жасайды.
Шағын және орта бизнесті қолдау оны дамыту бағдарламасының негізгі мақсаты, яғни шағын және орта бизнес өміршеңдігін ұзарту болып табылады. Осылайша шағын және орта бизнес экономикалық кеңістікте өзінің әлеуметтік-экономикалық функцияларын тиімді де өтімді жүзеге асыра алады. шағын бизнесті қолдау бағдарламасы мемлекет пен қоғам алдында мынадай мәселелердің шешілуін талап етіп отыр;
Салықтық реформа барынша шағын және орта бизнесті ынталандыруға сэйкестендірілсе, сөйтіп мемлекет бұл бизнес түріне фискалдық көзқараспен ғана емес, осы сектордың дамуына шынымен инвестициялық-ынталандырушы көзқарас танытса;
Ал, әкімшілік мәселелерге тоқталсақ мысалы, занды тұлғаларды тіркеуден өткізу процесін біршама жеңілдетсе;
Ал, құқықтық қолдау мэселесіне келсек - Заң, нормативті актілер біршама тұрақтандырылса, ведомствалық инструкциялармен қиындатылмаса және тағы басқа мысал үшін ипотекалық, лизингтік қатынастарды мемлекет құқықтандырса.
Өндіріске, мемлекеттік емес кәсіпорындарға қаражат тартуды ынталандыру.
шағын және орта бизнесті көтермелеу бағдарламасының әр түрі бойынша заң жеңілдіктерінің жіктелуін қамтамасыз ету.
Коммерциялық тәуекелдерді сақтандыруды жүзеге асыратын компаниялар желісін ұлғайту, мемлекеттің катысуымен де, кепіл затының осы мақсаттарға қолданылуын кеңейту.
Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасының әмбебап әдісі ретінде салық жүйесі арқылы реттеу зор үлесін тигізеді. Өндірістің дамуының мықты стимулы ретінде дифференсиацияланған ставкасын бекіту және әр түрлі жеңілдіктер көрсету, қазіргі кезде қаржылық және несиелік ресурстарға қажеттілік уақытында көп әсер етпек. Осылайша, салықтық қолдау саясатын осы даму кезінде және болашақта мынандай формаларын қолданған пайдалы:
сальщык; каникулдар /шағын бизнес тіркелгеннең аумақтық және салалық ерекшеліктеріне байланысты бес жылға дейін салықтан босату/;
бюджетке есептелген аударымдар, дифференсацияланған ставканың төмендеуі;
қайтарымдылық негізде салықтық несие беру.
кәсіпкерліктің дамуы үшін, кәсіпкерлер заң шығарушы және орындаушы биліктер деңгейінде өз сұрауларын қанағаттандыру үшін әр түрлі кәсіподақтар мен бір бірдестіктерге бірігіп, өз құқықтарың қорғауы керек Мұндай кәсіпорындар жобалық құжаттар дайындауда, заң шығару процесінде, әсіресе шағын және орта бизнес жайында қатысулары керек. шағын және орта бизнесті дамыту басымдылықтары кешенді түрде мемлекетпен жүргізіліп отырған аумақтық, ішкі экономикалық, өнеркәсіптік саясаттары бір түбірден шығуы керек.2
Және де шағын және орта бизнестің іс-әрекетін жедел түрде қайта бағытталуын, делдалдық әрекетпен қарастыру керек. Оның потенциалын өндіріске, тауарлар мен қызметтер көрсету бағытына бұру керек.
Ал, шағын кәсіпорындардың мемлекет қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнім өндіру, өткізу процесіңдегі игіліктерді мемлекет барынша шағын және орта бизнес тарапына бұру керек. Бұл ретте мемлекеттің қажетіне керекті өнімді өндіргіш шағын кәсіпорындар, яғңи оларға міндетті минималды квотаны бекіту, оларға осы қызмет пен өнім түрін өткізуге кепіл береді.
Жоғарыда айтылғандарға орай, шағын бизнестің қаржылық фундаментін қалауда үлкен көмек көрсету керегі айқын болып отыр. Бұл шағын және орта бизнеске қолдау көрсететін қорлардың негізгі қаржылық ресурс ретінде одан әрі жетілдіріп дамуын мүмкін қылады. Осыған орай шағын және орта бизнесті қолдау әдісі ретінде әр түрлі кепіл мен кепілдеме несиесі бойынша, банктік емес капиталдың резервтерінде мёнді болмақ. Бұл ретте шағын кәсіпорындар өзара несиелеу бірлестіктерін құруға болатыны белглі. Бұған дәлел ретінде 1996 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметі шағын және орта бизнесті қолдау саясатында холдингтік компанияларды демонополизациялауын жалғастырды. Тұтынушылар құқығын мемлекеттік қорғау концепциясы мен бағдарламасы құрылды. Республикалық шағын бизнес орталықтарын құру алға қойылып отырғаны белгілі.
Кәсіпкерлік дамуының дэрежесі жетілген немесе жетілмеген болуы мүмкін. кәсіпкерлік қызмет нарықтан шығады, ол нарық қатынастарының сипаты мен көлеміне байланысты. кәсіпкерлікті өркендетудің жағдайларын жасауда жоғарыда айтылғандай бэсекенің орны ерекше. кәсіпкер үшін шаруашылықты жүргізу - осылайша бэсекеге түсу, өндірісті ұйымдастыра отырып, ол бәсекелік күреске әзір болуы қажет, сондай-ақ нарықтың қоғамдық қажеттілігіне сай келмейтін өнім мен қызмет түрін артығын» қиып түсуге әзір брлуы кер.ек, Кез - келген меншік түрі соның ішінде мемлекеттік те/ прогресс жолына шыға алады. Сонымен қатар кез келген меншік түрі/ соның ішінде жеке меншікте прогресстің күшті стимулы болады, егер ол жасампаз бэсекеге жол ашса.
Күшті нарықтық экономикасы бар елдер тэжірибесі көрсеткеніндей, еркін бэсеке жүйесін реттелетін экономика деуге болады. Ол мемлекетсіз жұмыс істей алмайды, өйткені мемлекет ақша ұсынысын ұйымдастырады, ұжымдық қажеттіліктің бөлігі ретінде өтемдер береді, нарытқық мінездердің тиімсіз жақтарын тежеп, олардың болуына жол бермейді.
Нарықтық экономика үш түрлі күрделі «ауруға» қарсы түра алмайды. Олар монополизм, инфляция және іскерлік қабілеттің төмендеуіне. өзінің ішкі резервтері арқылы оларға қарсы тұруы қиын. Егер мемлекет бұған араласпаса, бұл аурулар асқынып, елге, қарапайым халыққа әлеуметтік және экономикалық
Райханұлы.Н.Шағын кәсіпкерлік:-Ақиқат.-2001.№7.-52-57 бетзардаптар шектіреді. Кейнешіл теоретиктер өздерінің саяси ұсыныстарында инфляцияның зардаптарына тиісінше көңіл бөлмегенінен, 70-ші жылдардағы инфляцияны күшейтті, ал нарықтық жүйенің бұған күш- қуаттары жетпеді. Ол үшін мемлекеттік реттеуді реформалау, 80-ші жылдардағы консерваторлардың күшті «дёрілері» қажет болды. Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуының басты белгілері осындай.
Егер, мемлекет ақшаны нарықтық экономика жібергенінен артық шығарса, онда ол қандайда ізгілікті мұрғаттарды басшылыққа алса да, нарықтық процестердің бүзылуына, өндірістің тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады. Міне, осылайша мемлекет өз функцияларын атқару арқылы, елдегі нарықтық экономика саясатын алға жүргізуші болып, және өзінің экономикалық саясатының басым бағыты - шағын және орта бизнесті, кәсіпкерлікті дамытуда алатын орны ерекше.
Республикамызда шағын және орта бизнесті қолдау саясатын жоқ деуге болмайды. Қайта мемлекет тарапынан көптеген заң жүзіндегі к;олдаулар көбеюде. Осы ретте шағын бизнесті тэуелсіз түрде жұмыс жасауға ықпал ететін шағын кәсіпкерліктің субъектілерінің ассосацияларға бірігуі орын алады. Осы ассосациялар нарықтық экономиканың қатаң бұрылыстары мен толқуларын біріге жеңу мақсатында құрылады. Мысал ретінде, Алматы қаласында құрылған «Алматы Кэсіпкерлерінің ассосациясының» /АКА/ жұмысын атап өтуге болады. Бұл мемлекеттік емес ұйым және ол шағын және элсіз кәсіпорьщдарды дентеграциялау мәселесін алдына қойып ртыр. Айта қету кереқ, «АКА» бизнес жоспар құрып, құқықтық, қаржылық, салықтық мәселелер бойынша көмекке келуге эзір. Ия, бұл дай интеграция формасы жақсы қаржыландырылатын, пайдалы заказдар орындалуында шағын және орта бизнестің күш-қуатын біріктіру кең өріс алады деген сенімге арттырады. Қазақстан үшін кәсіпкерліктің өміршең формасы франчайзингті дамыту қолға алынуда. Мұның түбірінде шағын кәсіпорындардың бәсекелестікке сай тауар, еңім өндіруі жрлыңдағы күщтерін ірі де тәжірибелі «донор» жаныңда жүзеге асыру жеңілдірек болып келеді. АҚШ-та және тағы да басқа экономикасы дамыған елдердегі еншілес кәсіпорындардың мүндай формаларда бірігуі, бұл істің Қазақстан жағдайы үшін де дәл келуін көрсетіп отыр.
Республиканың экономикасын тұтастай алып қарасақ, оның өндірісті басқару құрылымында сапалық тұрғыдағы үлкен өзгерістер болып жатқанын байқауға болады. кәсіпкерлік алғырлық, пысықтық қабілеттердің шынығуына жағдай жасайды. Онсыз толыққанды нарық экономикасының болуы мүмкін емес екенін бірте-бірте түсіндік. Сондықтан қазіргі кезде өз ойлау қабілеті мен еркіндігін мол пайдалана алатын кәсіпкерлікке назарды баса аудармасқа болмайды. шағын және орта бизнес әлеуметтік-экономикалық мэселелердің бірқатарын шепіеді. Яғни, кіші кәсіпкерлік арқылы экономиканың бірден-бір шешуге талпынған мэселесі жұмыссыздықпен күресу де, шағын бизнестің көмегімен жүзеге асырылады. Және шағын бизнестің дамуы тауарларды өндіруді ұлғайтуға және қызмет көрсету аясын дамытуға жол таппады. Сонымен қатар, жоғарыда аталғандай 1997 жылдың 18-ші маусымында шыққан «Шағын кәсіпкерлікті мемелекеттік қолдау туралы» заңда шағын бизнес түлғаларынтіркеу процедурасы барынша оңайлатылмақ. Жарғылық капиталға қойылатын талап та жеңілдетілді. Мысалы, бұрын заңды тұлғаны тіркеу үшін кәсіпкерлер ақша мен уақытын шығындап, 10-12 түрлі құжаттар жинауы керек болған. Ал жаңа заң бойынша тэртіп ыңғайлы. Бекітілген үлгі бойынша өтініш тек Әділет Баскармасына ғана көрсетіледі. Бекітілген жарғының біреуі бойынша жұмыс істеуге келісім беріледі және тіркеу үшін екі есе төлем көрсеткіші бойынша салық төленеді. Үш күн ішінде Әділет Басқармасы кәсіпкерге тіркеу куәлігін және статистикалық орган карточкасын және салық инспекцияларына қажетті мэліметтерді беруге міндетті.
Шағын кәсіпкерліктің дамуы Республиканың барлық азаматтарына қатысы бар күрделі эрі көп қырлы іс. Оңтайлы қаржы институттарын қүрмайынша шағын бизнесті қолдау, оған дэнекер болу мүмкін емес, өмір көрсетіп тұрғандай кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі бұрынғы мемлекеттік қор қызметінің басты қателігі оның қаржысының шенеуліктік құрылым арқылы бөлінуінде еді.
Республика Президентінің «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның дамуын жеделдету жөніндегі шаралар туралы» Жарғы материалдың өнім өндірумен айналысатын кіші кәсіпкерлік субъектілеріне салық және кеден салымдарына байланысты жеңілдіктер беруді көздейді. Экологиялық тұрғыдан қолайсыз және бару қиын шалғай аудандарда өнім өндірумен айнальісатын шағын кәсіпорындарға аумақтық жеңілдіктер жасау - олардан салық жинау, ауылдық жерлерде өнім өндірумен айналысатын және сол жерде жұмыс орнын құруды мақсат ететін шағын кәсіпорындарды салықтан мүлдем босату қарастылырылған. Олай болса заңдық база оған қоса жеке және шағын бизнестің дамуына мемлекет тарапынан көмектесу әсіресе өндіріс саласындағы шағын кәсіпорындардың ілгерілеуіне, өрге басуына жол ашады.
Іс жүзінде экономиканың мемлекеттен тыс секторының құрылуының бірінші сатысы 1988-ші жылдардан басталады. 1990-шы жылға дейін елде 15000 шамасында кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдар жұмыс істеді. Олардың құрамында 300000 астам адам қызмет істеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Статистикалық комитетінің мәліметтері бойынша коопертивтік ұйымдардың құрылыс саласында жалпы санының 31,4 % жұмыс жасайтын бөлігі болған. 12 % тү.тьщу тауарлры өңдірісі саласында. Ауыл шаруашылығында 10,6 %. Қазақстан Республикасында кооперативтер қызметтер мен тауарлардың 25,5 % өндірді. 1990-1995 жылдар аралығында кооперативтер саны 15000-нан 2000-ға дейін, яғни 7,5 есеге қысқарған. Сонымен қатар, бұл кезде кіші кәсіпорындар қарқындап жеделдете дамыды. Бұл ең алдымен кәсіпкерліктің үлгісі мен бағытын айқындайтын салық саясатының ролімен түсіндіріледі. 1995 жылдың басында шағын кәсіпорындардың саны 18300-ге жетті. Оларда шамамен 150000-ға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Олар 1995 жылы шамамен 14,9 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Егер, 1992 жылы кооперативтер шағын кәсіпкерліктің 1/3 құраса, 1997 жылдың басында Қазақстанда 117348 кіші кәсіпорын тіркелді. Олардың тек 96671 ғана жұмыс істейді. Салалар бойынша алсақ, 11,6% өнеркёсіпте, 30,4 % ауыл шаруашылығында, 16,3 % сауда мен қоғамдықтамақтандыру саласында, 9,7 % коммерциялық кәсіппен айналысқан болса, бүгінгі тағда бұл мәліметтер сауда коммерциялық бағыттағы іс-әрекеттің күрт өсіп кетіуіне әкеліп отыр. Келтірілген мысалдар жалпы республикада шағын кәсіпкерлік пен орта бизнестің пайда болу процесі жүріп жатқанын көрсетеді. Экономиканың мемлекеттен тыс секторларының дамуына жол салған кооперативтер орнына шағын және орта бизнес келді. Ең бір өкініштісі шағын бизнесте жиналған қаражат өндіріс пен оның инфрақұрылымын дамытуға емес, тұрақты валютаға айырбастауға жрісалады.
Жоғарыда айтылғандай қалыптасқан құқықтық ортаның шағын бизнеске тигізетін келеңсіз ыкдалы, біріншіден заңдылық дёйексіздігінен көрініс табады. Өйткені шағын кәсіпкер қызметінің ереже тәртібі, эсіресе салық салу мен сыртқы экономикалық саласында тым жиі өзгерістерге ұшырап отырады. Екіншіден, заңдылықта елеулі олақылықтар бар. Айталық, меншіктің барлық түрлерінің теңдігіне және жеке меншіктің қорғалуына құқықтық кепілдік өте осал. үшіншіден, шағын кәсіпорындармен көрестілетін шенеуліктер зардабы өте орасан әр түрлі өрт сөндірушілер, полиция, әкімшілік, салықтық органдардың бюрократтылығы/. Жалпы алғанда шағын және орта бизнестің әлі де болса қолайсыз әлеуметтік экономикалық ортада, халықтың жоғарыда аталған топтары тарапынан ұнатпайтын, ықыласы да немқұрайлы ахуалда, яғни күрделі жағдайларда жұмыс істеп жатыр.
Жапондық мамандардың есептеуінше, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде бұл елдің әлемдегі ең бай елдер қатарына қосылуына бірден-бір ёсер етуші фактор - шағын және орта бизнестің дамуы. Дамыған елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуші бір факторы - шағын және орта бизнесті жан-жақты дамыту болып табылады.
Шағын және орта бизнестің бәсекелістік ортада өмір сүруі, Отандық жоғары монополизацияланған экономика үшін ең маңызды құбылыс болып табылады. Үлкен кәсіпорындарға қарағанда екінші жағынан ірі бірлестектердің монополиялық позициясын жоюшы ретінде күшті бәсекелес ретінде түсе алады, оның себебі, шағын және орта бизнес тар мағынада маманданып, өзінің өнім өндіру процесіне жаңа техника, технологияларды қолдануына болады. шағынжәне орта бизнестің нарықтық қатынастарды және әлеуметтік келеңсіздіктерді жұмсартуда алатын орны бөлек. Нағыз шағын және орта бизнес орта класстық қалыптасуының фундаменті бола отырып, элеуметтік дифференциялауға экономикалық тенденциясын бұрады. Осылайша шағын және орта бизнестің осындай және тағы басқа қасиеттері жалпы экономиканың дамуына, оны реформалауының бірден-бір ажырамас бөлігі болады. шағын және орта бизнестің дамыуна тежеу қоятын бірден-бір факторлар елдегі экономикалық жағдай, қаржылық тұрақсыздық және несиелік жүйенің дұрыс жұмыс жасай алмауы болып табылады. Қазақстан Республикасының ¥лттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы соңғы жылдары төмендеп отыр / 1996 ж. қазан айында 35 % болса, ал қазір 8 %/. Және де батыстан келетін шағын және орта бизнесті нессиелеуді пайдаланғаны жөніндегі тиімділік анализі жүзеге асырылған. Бағдарлама бойынша да, оның мақсатты пайдаланғаны туралы мэлімет беретін жүйенің жоқтығы.Қазіргі жағдайда шет елден келетін шағын және орта бизнесті көтермелеу мақсатында капитал ағымын байқауға болады. Бірақ та бұл жобаларды инвестицияны тікелей экелетін біріккен кәсіпорындар арқылы жүзеге асыру керек сияқты. Олар, яғни біріккен кәсіпорындар өздеріне ірі, шағын және орта бизнес түрінде де жұмыс жасай алады. Тәжірібе көрсеткендей біріккен кәсіпорындар өндірісті прогрессивтік ұйымдастыру, ноу-хау еңгізу, бәсекелестікке сай өнімдерді шығаруда олардың тәжірибесі болады. Сондықтан, шағын және орта бизнес негізінде біріккен кәсіпорындарды экономиканың барлық салаларында кздэу қажеттілігі туғандай.
Кәсіпкерліктің жылдам дамуы әсіресе шағын және орта бизнестің кең етек алуы, ең алдымен нарықтық инфраструктура элементтерін дамыту мен құру, шаруашылық субъектілеріне жан-жақты қызмет көрсету түрлерін көбейту, олармен өндірілген өнімді сату, өткізу процесін мейлінше жеңілдету, шикізатқа қол жеткізу мүмкіндігін арттыру, кәсіпорындардың сенімділігін арттырып, әрекет етудің тиімділігін көтермелеу арқылы жүзеге асады. Нарықтық инфрақұрылымның пассивті ролі шағын және орта бизнестің дамуын тежейтін фактор болып табылады. Оның арқасында шағын бизнес үлкен өндірістік шығындарға батып, бэсекелестікті төмендетеді. Осы нарықтық инфрақұрылымның төмен деңгейде ұйымдастырылуы шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен бэсекелесу позициясына кері әсер етеді.
Республикадағы дағдарыс шағын және орта бизнес субъектілерінінің мемлекеттік тіркеуден өте салысымен-ақ жұмысының тоқтап қалуы, тіпті жабылуына да әсер етті. Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін орындауды қамтитын бизнестің ел үшін маңызды сферасының тоқтап қалуына да экеледі. Осы ретте халықтың табысы болмаса, тұтыну құрылымы да әлсірейді, бар тапқан табыс тек бірінші кезектегі қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.
Шағын және орта бизнестің дамуын тежейтін себептер ішінде, өндірістік қуат потенциалы аумақтар бойынша эркелкі орналасу факторы бар, оның ішінде жалпы шикізат өндіру сапасының басым көпшіліп нарықтық экономикалық қатынастар формасына бейімделген. Экология, кедейшілік басым аумақтардың болуы, жұмыс күшінің, яғни кадрлардың кәсіпқойлық дэрежесінің бүгінгі күнге сай болмауы, эрине жалпы экономикалық қатынастарының тежелуіне бірден-бір себепкер.
Шағын және орта бизнестің даму мәселесін қозғағанда, мемлекет тарапынаң теқ заңдар мен нормативтік ақтілерді шығарьш қаңа жағдайларды қолға алу керек. Республиканың азаматтарының жеке меншіктік құқық механизмі жеткілікті жасалмаған және олардың нарықтық қатынастар жүйесінде өз орындарын анықтау бостандығы мен оны өзі өз бетімен шешу құқықтары жасалмағандығын айта кеткен жөн.
Нарықты экономиканың ең негізгі талаптарының бірі шағын бизнесті қолдау арқылы азаматтардың мемлекеттен тәуелсіз болып, өз күндерін өздері өндірісті, өздері көіркейтіп, одаң табыс алу, барлық экономикаындаға кеткен өркениетті елдер экономикасының концепциясы болып табылады.
- Шағын және орта бизнестің проблемалары және дамытуға қолданылатын нақты шаралар
2.1. Шағын және орта бизнестегі проблемалар.
Қазақстан Републикасында болып жатқан оңды өзгерістердің бірі -адамдардың рынокті қабылдауы, рынокті түсінуі, одан өз орнын табуы, десек болғандай. Адамдар өз еңбегінің нэтижесін көре бастады. Адам тек бизнеспен ғана өз тағдыры өз қолында екендігін сезінеді, тек бизнесте ғана нағыз кәсіп иелері тәрбиеленіп шығады. Әлемдік тэжірибеде де осыны дэлелдейді және рыноктың ірі кәсіпорындардың оңтайлы үйлесуін талап ететінін аңғартады.
Елімізде элі де болса кәсіпкерліктің күрт өсуі байқалмайды. Кейінгі кезде "Жеке кәсіпкерлік туралы", "Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы" сияқты жап - жақсы Заңдар қабылданды, Азаматтық кодекске де шағын кәсіпкерліктің дамуына жағдай тудыратындай бірталай өзгерстер енгізілді. Алайда, олардың бэрі де, тұгас алғанда, тиімді қызмет атқарып жатқан жоқ. Соның нэтижесінде еңбек рыногіндегі жағдай бұрынғыдай күрделі боп отыр. Жұмыссыздық көп, адамдардың әлеуметтік жағдайы тұрақтандырылған жоқ, инфлияция да (ақшаның қүлсыздануы да) сақталуда. Мұның бәрінің себептері эралуан.
2001 - 2002 жылдары шағын және орта дамыту мен оған қолдау көрсету жөніндегі жаңа бағдарламалар жасалды. Алматыда қалалық әкімшілік осы жұмысқа кірісіп, тиісті жұмыс тобы мен комиссия құрылған. Онымен әкімшіліктің шағын кәсіпкерлік жөнінлегі департаменті, табиғи монополияны реттеу жөніндегі департаменті шұғылданды.
Бүгінгі күні шағын және орта бизнесті дамытуға бөгет болып отырған және алдағы уақытта жасалатын бағдарламаларда өз шешімін табуға тиісті мэселелер баршылық. Солардың бастысы ең шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы, материалдық және интеллектуалдық ресурстарға қолдарының жете бермейтіндігі, мүмкіндіктерінің шектеулігі.
Шағын және орта бизнесті қолдау үшін қажетті инфрақұрлымнын; нашар дамуы, оның ішінде ақпараттық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі.
Сонымен бірге отандық тауар өндірушілер үшін қолайлы жағдайлардың шетел инвесторларына қарағанда баяу жасалуы, салық жөнінлегі заңдарының жетілмегендігі, өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін салық жеңілдіктерінің болмауы, статистикалық, бухгалтерлік есептердің күрделілігі кәсіпкерлер үшін қолға байлау сияқты. Әрине, осының бэрі де қайта қаралуын, түзетілуін, жетілдіруін қажет етеді.
2.2. Шағын және орта бизнесті дамытудың нақты шаралары.
Осы аталған және басқа да мэселелерді бірнеше топқа бөлелік.
Біріншісі топтағы ең үлкен мәселе - қабылданған заңдарды, нормативтік қүқықтық актілерді жүзеге асырудың тетіктерінің жоқтығы, соның салдарынан олардың көбі қағаз жүзінде қалып отыр. Мұның шешімі былай болуы қажет: кәсіпкерлік жайлы қабылданған қандай да болмасын жарлықтың, заңның, қаулының орындалуы биліктің ең жоғары баспалдағынан ең төменгісіне дейін, мэселен, республика үкметінен селолық әкімге дейін бақылауға алынып, талдау жасалып отырылуы тиіс. Заңдар мен заңды қркаттардың орындалуы қатаң бақылауда болуы керек. Мысалға, Әділет министрлігінің жергілікті басқармалары, салық комитеттері, статистика органдары "Шағын кәсіпкерлікке қолдау туралы" Заңның орындалуы үшін нақты қандай іс- әрекет атқарып отырғанын алып қарасақ, біз осы аталған мекемелерде бұл жөнінде ешқандай іс - шаралар белгіленбегенін, мардымды ештеңе атқарылып жатпағандығының куәсі болар едік. Осы айтылғандар алдағы уақытта шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде жасалмақ тиіс мэселерінің біріншісі және үлкен бөлігі болуға тиіс. Бұл үшін аудавдық, қалалық әкімшіліктерге осы уақытқа дейін шағын кәсіпкерліктідамыту үшін нақты не істелінді, не істелінбеді, алдағы уақытта нелер істелуге тйіс екені айқындалуға тиіс. Осы тұрғыда эр дёңгёйдёгі әкімшіліктердегі эрбір құрылымдық бөлімдер нақтылы қандай істер атқаруы керектігі анықталуы керек.
Елдің көбін бүгінде алаңдатып отырған екінші мэселе - ол салық кодексі. Оның жобасы жөнінде баспасөзде жазыла бастады. Әр түрлі жиындарда, мәжілістерде эралуан пікірлер де айтылып жатыр. Мына мәселені шешкен дұрыс. Ісін жаңа бастамақшы болған кәсіпкерлерге салық жеңілдігш жаоау керек. 1993 және 1994 жылдары өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер алғашқы екі жыл бойы таза пайдаға төленетін салықтан босатылатын еді. Бұл кәсіпкерліктің дамуына, оның тез өсуіне жағдай тудырды. 1995 жылы бұл тэжірибе жойылды. Мұның өзі адамның өз бизнесін бастау үшін жұмсаған бастапқы капиталы оның алға қойған түпкі мақсатына тезірек және түбегейлі жетуі мүмкіндігін азайтады. Кәсіпкерлерге қосымша қаржы табу керек, ал бүгінгі күні оларға несие немесе грант алу өте күрделі іс, ол үшін кепіл ретінде үлкен қаражат қажет. Сондықтан да қабылданбақсалық кодексінде немесе арнайы қабылданған заңда істі жаңадан бастайтын кәсіпкерлерге арнайы салық жеңілдігі берілуге тиіс. Осындай жағдайда кәсіпкерлердің саны тез өсетітіне және олардың сапасы да, дейгейі де көтерілетініне үміт зор. Бүгінде республикада 80 мыңнан астам кәсіпкерлердің өз ісін тіркеткенімен жұмысын бастай алмай отырғанының басты себебі - осы жеңілдіктің жоқтығынан. Олардың кәсіпорындары тіркеуден өткен, бірақ іске кіріспеген статистика және салық органдарына есеп бермейді, салық төлемейді. Ал енді бірен - сараны бизнеспен шүғылданып жүруі де мүмкін, онда олар көлеңкелі бизнеске жатады.
- Қазақстандық шағын және орта бизнестің халықаралық дәрежедегі қызметі.
Қазақстандық шағын және орта бизнес пен шетелдік тәжірибелер хақындағы пікірімізді "жаңа қазақстандық менталитетке" қатысты "күтпеген", эрі тосын да тың ойлардан бастамақпыз. Оның басты себебі Батыстың немесе Шығыстың дамыған елдерімен салыстырғанда бізде элі күнге дейін шағын және орта бизнестің "философиясы " мен өзіндік "идеясы" жоқ. Қазақ бизнесінің философиясы тақырыбына қалам тартып жүрген А. Ысқақов деген қазақстандық автордың пікірінше: "Қазақ бизнесінің философиясы дегеніміз -шексіз құнығу, сән - салтанат пен тәтті және эдемі өмір сүру, бет - пердесі айқара ашылған индивидуализм немесе жеке бас қамы" Егер біздер бүгінгі қоғамымызға жаппай етек алып отырған "қалың - бұқаралық " шоу - мәдениет пен оның түбірлі тірегі - аса индустриалды американдық нарықтық өркениетті және оған қоса "батыстық рационализм" мен жеке басты күйттейтін "жаңа бағдарламалық модельдер" жиынтығын ойға ала кеткен жөн.
Келесі бір көңіл бөлетін мэселе қазақстандық шағын және орта бизнестің халықаралық дәрежедегі қызметі. Баршаға мәлім, бүгінде Қазақстан 60 - астам халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Әлемдік даму және қайта жарақтандыру Банкі (МБРР), Халықаралық Валюта Қоры (МВФ), Европа Даму Банкі сияқты беделді қаржы банкілерінің мүшесі болып отыр. 1988 жылы тұсауы кесілген "Шағын" кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік қор дүниеге келісімен - ақ шағын және орта бизнеске бағытталған несие беріле бастады. Мәселен, Европа Даму Банкі (ЕБРР) қазақстандық кәсіпкерлерге шағын несие (микрокредит) беру мақсатында аталмыш қорға 77,5 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлді. Сонысмен қатар қазақстандық "Шағын кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік қор" Азия Даму Банкінің 50 млн. долларға жуық екінші транпын да дәл осы шағын жеке орта бизнеске бағыттауға шешім қабылдады. 1998 жылдың үш айында аталмыш қор шағын және орта бизнесті 136 жобаға 1,3 АҚТТТ доллары көлемінде несие берді. Жоғарыдағы цифрлардан көріп отырғанымыздай, Қазақстандағы шағын және орта бизнестің халықаралық қаржы ұйымдарынан несие алуында ешбір мін жоқ. Тіптен ТМД - ның Әзірбайжан, гзбекстан, Ресей сияқты елдерімен салыстырғанда, бізде де елеулі ілгерілеу байқалатындай. Сөйте тұра, қазақстандық шағын және орта кәсіпкерлер "бэз - баяғысынша" шамадан тыс көп салықтан бастап, кәсіпорындар мен фирмалармен тікелей қарым- қатынас жүйесіндегі сансыз қолбайлаулардан ешбір көз ашар емес. Бұл сала жалпы мемлекеттік бюджеттен де жылдар бойы өзіне тиісті "үлесін" ала алмай келеді. (Мысалы үшін: Европаның Дания, Швецария және Франция тэріздес ""социализмге біртабан жақын" елдерінде шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекеттіқ бюджеттен
белгші бір мөлшерде қаржы бөлінді. Мамандардың мэлшдеушше 1999 жылдыңқаңтарына дейін жалпымемлекеттік салықтар мен оны жинау ең бастысы -бюджеттік республикалық бюджетке басты назар аударылған. Ал бюджеттің екінші тобына кіргізілгендердің ішінде шағын орта бизнесті дамытуға қажетті -іс - шаралар бар. Түйіндеп айтар болсақ, мемлекеттік дәрежеде қамқорлық болмаған соң шағын және орта бизнестің халықаралық сахнаға шығу -шықпасы екіталай.
Соңғы жылдары қазақстандык шағын бизнесті латынамерикандық тэжірибелерімен салыстыру сияқты "жаңа үрдіс" пайда болды. Егер біздер, негізінен, тарихи факторларға ғана сүйенсек, мұның өзі заңды да. Әңгіме -импорттың орнын басарлықтай индустриалдық тұрғысында. Шынында да бұл елдердегі индустриалдық даму мемлекеттің тікелей араласуымен жүзеге асты. Оның артында элемдік бэсекеге төтеп беру мақсатындағы қамқорлық тұр. Алайда, "латынамерикандық модельді" "қазақстандық модельге" жақындастыруды жақтаушылар бүрыңғы Португалия мен Испания отарларында XX ғасырдың 20-30 жылдарынан бері негізінен "А" тобына жататын салалардың үстемдік етуіне жол берілгендігін және мұндай біржақты бағыттың соңғы елеулі қиыншылықтарға мұрындық болғандығы ұдайы ескеріле бермейді. Екіншіден, өкінішке орай, бүгін де оларды біздермен "тонның ішкі бауындай " "туыс" етіп тұрғаны тек "әлеуметтік дифференциацияға ғана". Соңғысы тарихи КСРО кезеңінен -ақ өз бастауын алды. Оған төмендегі мына бір кестенщ көмепмен көз жеткізуге болады.
Келтірілген мәліметтер біздерді жақындастырған институционалды құрылымға тікелей қатысы бар: популистік тэжірибелер, этатизм мен солшыл экстремизм және жекеменшіктен басқа да ерекше факторлардың жеткіліктілігіне, атап айтқанда, бұл елдердегі әлеуметтік құрылымдардың тёк жобалап айтқанда ғана біздермен туыстығына көзімізді жеткізіп отыр. Бір ғажабы, Қазақстан дербес ел ретінде бөлініп шыққанына қарамастан аталмыш коэффициентке қатысты үрдістер сол баяғы қалпында жалғасын табуда. Негізгі қалыптасып отырған ахуал осындай халде болғандықтан курстық жұмысымыздың өзекті негізі - шағын және орта бизнеске қатысты шетелдік тәжірибелер хақында Қазақстанды Латын Америкасы сияқты әлемнің өзіндік бір ерекше аймағымен салыстыру – дәл бүгінде оңай шаруа болмаса керек.
Қ о р ы т ы н д ы
Дүниежүзілік тәжірбиеге қарайтын болсақ, шағын инновациялық кәсіпкерлік қызметіне және дамуына ең қолайлы жағдай ғылыми технологиялық орталықтарда инкубаторларда, техно-парктерде, технополистерде ұйымдастырылады екен. Бұл ұйымдар шағын инновациялық кәсіпорындарды бір «шатырдың астында», «бір қалада шоғырландырып, оларға ғылыми-техникалық зерттеу лабораторияларын, өндіріс-тәжірбиелік цехтарын және жалға бөлмелер ұсынады.
Шағын кәсіпкерліктің дамуы бүгінгі таңда мемлекеттік экономикалық саясаттың маңызы зор саласы болып табылады. Шетелдік тәжірибені зерттеу көрсеткендей, шағын бизнестің дамуындағы сэттіліктің сөзсіз шарты - бұл шағын кәсіпорындар мен шағын кәсіпкерлік жанжақты және тұрақты мемлекеттік қолдауды қажет ететіні туралы пікір. 2010 жылға дейін Қазақстанда бизнес-инкубаторлардың және технопаркілік құрылымдардың кеңінен дамуы көзделіп отыр.
Бүкіл қиындықтарға қарамастан Қазақстанда инновациялық идеяларды өмірге енгізетін зеріттеушілерді колдайтын бюро қызмет атқарады, сондай-ақ инновациялар мен жаңалықтар және технологиялар дамыту орны құрылады. Сондай-ақ, ғылым және ғылыми-техникалық саясат концепциясының проекты, «Ғылым туралы» заң және мемлекеттік инновациялық даму бағдарламасының проекттері талқыланған.
Шағын кәсіпкерліктің барлық кешенді ішкі және сыртқы проблемалары олардың өз күшімен шешілуі мүмкін емес. Қазіргі кезде Германияда бірқатар жағдайлар шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау жүйесінің қажеттігін көрсетіп отыр.
Олардың ішінде:
1)Европалық қауымдастық шеңберінде 1993 жылдың басынан бастап бэсеке жағдайын шегіне жеткізе шиеленістіретін товарлар, қызметтер, жұмысшы күші және капитал қозғалысы жолындағы барлық кедергілерді алып тастау;
2) технология мен табиғатты қорғау шараларына байланысты заңдық нормалардың қатандатылуы, оларға жұмсалатын күрделі қаржыны одан эрі қысқарту және оны пайдаланудың тиімділігін арттыру.
Жалпы қорыта келе, Қазақстандағы шағын бизнесті дамытудың мәні келесіде: халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз етеді; бәсекелестік ортаны қалыптастырады; жергілікті билік органдарының экономикалық базасын нығайтады; ауылдар, шағын және орта қалалардың дамуына оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар, шағын бизнес республиканың перспективалы бағыты болып танылғандықтан, оны дамыту және оны жан-жақты қолдау іс-шаралары тиімді нарықтық экономиканы қалыптастыру үшін маңызы зор.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
- 1997 жылдың 19 маусымындағы Қазақстан Республикасының "Шағын кәсіпкерлікті қолдау туралың заңы.
- Садуақасов А. Шағын бизнесті шарықтатудың АҚШ-тық әдісі қандай? // Заң газеті. - 2003 - 19 желтоқсан, № 76-77.
- Сахариев С.С., Сахариев А.С. Әлем экономикасы (оқулық) І-бөлім. Алматы: Дэнекер, 2003.
- «Шағын кәсіпкерлік» Нысанбаев С.Н., Алматы: Қазақ Университеті 2002
- Жатканбаев Е.Б. Малое предпринимательство: теория, мировой опыт и Казахстан. А: Қазақ университеті, 2001
- Кенжегузин М.Б. Экономика Казахстана на пути преобразований. А.: ИЭ МОНРК,2001
- Назарбаев Н.А. Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және эл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. А.: Білім, 1997
- Сабден О.С., Токсанова А.Н. Управление малым предпринимательством: вопросы теории и практики. Астана: Елорда, 2001
- Сакенов М. Семейный бизнес итальянцев. Промышленность Казахстана, 02.2003
- Туржанов С. Малый бизнес должен развиваться не вопреки, a благодаря... Промышленность Казахстана, 02.2003
- Кәсіпкерлік ерекше экономикалық құбылыс. Группа авторов преподавателей КазГУ. Алматы - 1999 г.
- Қаржы-қаражат. 5/2001
- Қазақстан Республикасының Заңы „Шағын кәсіпкерлікті мемелекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы // Егемен Қазақстан.- 2002. -10'шілде:'
- Статистический ежегодник, Алматы, 2004//Статистическое Агентство.
- Жолдасбаева Г.Ө. „Кәсіпорын экономикасы,,: Алматы, Экономика, 200316. Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Актілер жинағы. 2003- № 49
- Предпринимательство в Республике Казахстан / КазГАУ; Окав К.О. и др. - Алматы : Экономика, 2000
- Предпринимательство в Республике Казахстан : По сост.на 1 июля 2003 года. - Алматы: Юрист 2003
- Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік меншіктің пайдаланатын объектілерін кейіннен меншікке өтеусіз беру құқығымен мүліктік жалға алуға (жалға беруге) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесі. //Егемен Қазақстан.-2003.-17 сэуір.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024