Алматы. 21 маусым. 7kun.kz – Солтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары 83 млн теңге жымқырды деп күдіктенуде. Бұл туралы облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады.
Шенеунік жұбайымен бірге еншілес кәсіпорын арқылы жерді бөлу жобаларын дайындау үшін жалған келісімшарттар жасаған.
«70 млн теңге ақшалай қаражатқа айналды, оның бір бөлігі долларға айырбасталып, қымбат жол талғамайтын көлік сатып алуға жұмсалған. 19 маусымда бюджет қаражатының 19,5 млн теңге сомасындағы кезекті траншты қолма - қол ақшаға айналдыру кезінде шенеуніктің жұбайы қолға түсті», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын айтты. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.
«Тергеу жалғасуда. Күдіктілерге қатысты соңғы үкім сот арқылы шығарылады», - делінген хабарламада.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024