Алматы. 24 маусым. 7kun.kz — SpaceX ғарышқа Falcon Heavy зымыранын 152 қайтыс болған адамның күлімен мен ғылыми жабдықтармен бірге жібереді. Іске қосу 24 маусымға белгіленген.
Зымыранды ұшыру Space Test Program-2 бағдарламасы аясында, тікелей эфирде өтеді.
Адамның күлін ұшыруды Celestis Memorial Spaceflight ұйымдастырады: қалдықтары бар болат ыдыстар зымыранның бортында ғылыми спутниктердің біріне орналастырылады.
Celestis Memorial Spaceflights компаниясы 1994 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұған дейін компания белгілі актерлердің, сондай-ақ инженерлер мен ғарышкерлердің күлін ғарышқа жіберді.
Бір грамм күлді жөнелту құны 5000 доллардан басталады. Кремациядан кейін адам күлінің салмағы 876-дан 3784 грамға дейін болады. Осылайша, бірадамның күлін ғарышқа жіберу туыстарына 4,3 млн доллардан 18,9 млн долларға дейін түседі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024