Алматы. 5 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 5 қаңтардағы доллардың орташа бағамы 330,38 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 329,82 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 331,30, сауданың аяқталуы кезінде 330 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 139 млн 150 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 388.
Ақша айырбастау орындарында 5 қаңтардағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.20) Алматыда 333,90 теңгені құраған.