Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы сағат 11:00-де 378,42 теңгені құрады. 29 қаңтардағы деректермен салыстырғанда (379,29 теңге / 1 доллар) ұлттық валюта 0,87 теңгеге нығайды.
Kurs.kz ақпаратына сәйкес, сағат 11:15-те елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 380 теңге, Алматыда — 381 теңге.
Ұлттық Банктің 30 қаңтардағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 378,86 теңгені құрайды.