Tesla акцияларына құйылған қазақстандық инвестициялар 2013 жылдың аяғынан бері жеті есе қымбаттады. Бұл туралы Алматы да өткен Tesla Model S автокөлігінің таныстырылымында "Фридом Финанс" инвестициялық компаниясы шығарған қорытындыдан мәлім болды.
"Фридом Финанс" басшысы Тимур Турловтың айтуынша, компания клиенттері Tesla Motors Inc. компаниясының акцияларындағы өз капиталдарын арттырып отыр - қағаздар құны 34 доллардан 200 долларға дейін жоғарылады. Астана уақыты бойынша 09:39 автоөндіруші акциялары 250,75 доллар деңгейінде сатылды. "2013 жылдың аяғында Tesla акцияларының құның акциясына шамамен 34 доллар болған-тын, келесі жылы қағаздардың құны 200 долларға дейін жоғарылады. Бұл соңғы бес-алты жыл нарық инвестицияларға көп көңіл бөлгенін анық көрсетіп отыр", - деп мәлімдеді Т.Турлов. Осылайша, виртуалды инвестициялар Tesla Model S түрінде шынайы бейнеге ие болды. "Фридом Финанс" директорлар кеңесі Аркадий Рахилькиннің айтқан мәліметтеріне сүйенсек, 2010 жылы Tesla 1956 жылдан бергі АҚШ-тағы алғашқы IPO-ны жүргізген. Осылайша бұл компания АҚШ-тың қор нарығына шыққан екінші компания атанды, біріншісі - Ford автоөндірушісі. Компания NASDAQ-та акциясына $17 жоғарғы диапазонында орналасып, 225 млн доллардан астам қаражат жұмылдырды. Фотосурет пен ақпарат көзі: lsm.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024