Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Tesla Motors акциялары жеті есе қымбаттады

Tesla Motors акциялары жеті есе қымбаттады

Tesla акцияларына құйылған қазақстандық инвестициялар 2013 жылдың аяғынан бері жеті есе қымбаттады. Бұл туралы Алматы да өткен Tesla Model S автокөлігінің таныстырылымында "Фридом Финанс" инвестициялық компаниясы шығарған қорытындыдан мәлім болды.

"Фридом Финанс" басшысы Тимур Турловтың айтуынша, компания клиенттері Tesla Motors Inc. компаниясының акцияларындағы өз капиталдарын арттырып отыр - қағаздар құны 34 доллардан 200 долларға дейін жоғарылады. Астана уақыты бойынша 09:39 автоөндіруші акциялары 250,75 доллар деңгейінде сатылды. "2013 жылдың аяғында Tesla акцияларының құның акциясына шамамен 34 доллар болған-тын, келесі жылы қағаздардың құны 200 долларға дейін жоғарылады. Бұл соңғы бес-алты жыл нарық инвестицияларға көп көңіл бөлгенін анық көрсетіп отыр", - деп мәлімдеді Т.Турлов. Осылайша, виртуалды инвестициялар Tesla Model S түрінде шынайы бейнеге ие болды. TeslaFreedom1 TeslaFREEdom12-e1434099870416 "Фридом Финанс" директорлар кеңесі Аркадий Рахилькиннің айтқан мәліметтеріне сүйенсек, 2010 жылы Tesla 1956 жылдан бергі АҚШ-тағы алғашқы IPO-ны жүргізген. Осылайша бұл компания АҚШ-тың қор нарығына шыққан екінші компания атанды, біріншісі - Ford автоөндірушісі. Компания NASDAQ-та акциясына $17 жоғарғы диапазонында орналасып, 225 млн доллардан астам қаражат жұмылдырды. Фотосурет пен ақпарат көзі: lsm.kz

Похожие материалы