Астана. 18 қазан. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев продюсер Нұрлан Қоянбаев инстаграм желісінде бастаған мемлекеттік ту челленджін қолдады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Көк туымыз мәңгі желбірей берсін», – деп жазды президент.
Айта кетейік, Нұрлан Қоянбаев осыдан екі жыл бұрын әлеуметтік желідегі жазбасының астына ең көп пікір қалдыру челленджін бастады. Ал маусымда суретке 100 миллионнан астам пікір жинап, Гиннестің жаңа рекордын орнатуды ұсынды.