Венгрлік Evopro компаниясы Батыс Қазақстан облысында автобус шығаруды қолға алмақшы. Бұл туралы Evopro басқарма директорының орынбасары Сераки Пал мәлімдеді.
Өндірісті "Оралагромаш" жөндеу зауыты" АҚ күш-қуатының негізінде жолға қою жоспарланып отыр. "Біз әкімшілік және зауыт өкілдерімен келіссөздер жүргізуді бастадық, себебі олар біздің серіктестеріміз болмақ. Оралдағы композиттік материалдан автобус құрау мүмкіндігін қарастырып жатырмыз", - деді Сераки Пал. Басқарма директор орынбасары өндіріске құйылатын инвестиция сомасын нақты айта алмады. "Мұның бәрі екі жақты келіссөздер аяқталып, меморандумға қол қойылған соң белгілі болады", - деді ол.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024