Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Венгрлік Evopro Батыс Қазақстанда автобус шығарады

Венгрлік Evopro Батыс Қазақстанда автобус шығарады

Венгрлік Evopro компаниясы Батыс Қазақстан облысында автобус шығаруды қолға алмақшы. Бұл туралы Evopro басқарма директорының орынбасары Сераки Пал мәлімдеді.

Өндірісті "Оралагромаш" жөндеу зауыты" АҚ күш-қуатының негізінде жолға қою жоспарланып отыр. "Біз әкімшілік және зауыт өкілдерімен келіссөздер жүргізуді бастадық, себебі олар біздің серіктестеріміз болмақ. Оралдағы композиттік материалдан автобус құрау мүмкіндігін қарастырып жатырмыз", - деді Сераки Пал. Басқарма директор орынбасары өндіріске құйылатын инвестиция сомасын нақты айта алмады. "Мұның бәрі екі жақты келіссөздер аяқталып, меморандумға қол қойылған соң белгілі болады", - деді ол.

Похожие материалы