Америка президенті биліктегі бірнеше апта ішінде өз азаматтарын ғана емес өз мемлекеттерді де әбігерге салатын мәлімдемелер жасап үлгерді. Ең даулы және ең қорқыныштысы - Қытаймен сауда байланыстын тоқтату. Трамптың мәлімдемесіне ең танымал қытайлық кәсіпкер Джек Ма жауап беріп үлгерді. Егер АҚШ пен ҚХР бейбіт түрде келісімге келе алмаса, ол нарықтан кетуге дайын.
Alibaba-ның негізін қалаушы өз бизнесін шектеулер мен сауда соғысы аясында жүргізе алмайтындығын айтады. Қытай миллиардерінің сөзінше, Америкаға Қытаймен диалогтың тонын өзгерту қажет. Арадағы қарым-қатынасты сипаттау үшін ол теңеулер іздепте әуре болған жоқ. "Егер АҚШ Қытаймен сауданы тоқтатса, бірден соғыс басталады" деді кәсіпкер Alibaba Group-тың Австралиядағы штаб-пәтерінен.
"Сауда екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуына көмек береді. Біздің мақсатымыз - оны соғысқа дейін жеткізбей, ашық және әділетті жүргізу", - деп атап өтті Джек Ма. Alibaba Америкадағы жоспарларын кеңейтіп, 1 млн-ға жуық жұмыс орнын құруды жоспарлап отыр. Компания басшысы ірі бизнеске арналған алаң тек әлемдік экономика форматында ғана қалуы керек және оларды басқа арнаға бұрудың қажеті жоқ деп есептейді.Осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп қытайлық интернет-компаниясының басшысы, миллиардер Джек Мамен кездескен еді. Дәулеті 27 млрд доллар деп бағаланған бизнесмен Трампты "өте ақылды және өте ашық адам" деп бағалады. Оның айтып өтуінше, кездесу кезінде өзара келісулер болған және Трамптың оларды сақтағаны жақсы.
Кездесу кезінде Джек Ма Қытай мен АҚШ-тың барынша дос болуы керектігін айтқан еді. Бірақ басты мәлімдемесін де бірнеше рет қайталады. Америка Қытайдың даусын естуі қажет. АҚШ экономикалық проблемалары үшін Қытайды айыптамауы қажет, бар мәселе үшін жауапкершілік Американың өзінде. Инфрақұрылым мен өз халқына берудің орнына триллиондаған долларды соғысқа жұмсады. "Сіздерден жұмыс орындарыңызды басқа елдер ұрлап отырған жоқ. Бұл - сіздердің жоспарларыңыз. Бар ақша мен ресурстарыңызды тиімді жұмсаңыздар", - деген еді ол CNBC арнасына берген сұхбатында.
[caption id="attachment_61790" align="alignnone" width="959"] Фото:asianentrepreneur.org[/caption]Кәсіпкердің сөзінше, АҚШ соңғы 30 жылда соғысқа 14 трлн доллар жұмсаған. Америкадағы экономикалық өсімнің баялауына ықпал еткен себеп осы. "Америкалық трансұлттық компаниялар жаһандану арқасында миллиондаған доллар пайда тапты. Соңғы 30 жылда IBM, Cisco, Microsoft компанияларына ондаған миллион табыс келді, біздің банктерімізге қарағанда түсім 4 есе көп. Бірақ ол ақша қайда?", - дейді ол. Уолл-стрит пен Силикон алқабына тым көп ақша бөлініп отыр. Оның орнына ел жоғары білімі жоқ орта таптағы американдықтарға көмектесуі қажет.
Соғыстың салқыны қайдан басталды?
Қытай мен Американың сауда қарым-қатынасындағы шиеленіс Дональд Трамптың сайлауалды кампаниясы кезінде байқалған еді. Ақ үйдің басшысы Қытайды сауда бәсекелесі ретінде атап, валюталық айла-шарғы жасап отыр деп айыптады.
Инагурациялық сөзінде Трамп сауда саясатының жаңа принципін жариялады: "Америкалық тауарды сатып ал, америкалықты жұмысқа ал". Президент Қытай тауарларына қатысты 45 пайыздық кедендік тариф енгізуді ұсынып отыр.
Сарапшылар жаңа өзгерістерден жақсы нәтиже күтпейді. Людвига фон Мизеса институтының аға ғылыми қызметкері, америкалық экономист Марк Торнтонның сөзінше, елдің жаңа реформасы америкалық тұтынушы нарық үшін кері әсерін тигізеді. "Салық төлемдері үшін қарапайым американдықтар төлейді, бұл ішкі тұтынуды кемітіп, инфляциялық қауіптті арттыра түседі. Мысалы, электроника нарығының 70-75 пайызға жуығы қытайлық қосымшалардан тұрады. Қытайлық тауарға салық көтерілсе, оның бағасы да өсе түседі", - дейді ол.
Сауда шектеулері өз өндірісінің көп бөлігін Қытайға әкелген америкалық бизнеске де зиянын тигізеді. "1990-2016 жылдар аралығында трансұлттық компаниялар Қытайдағы түрлі инвестициялық жобаларға 228 млрд доллар бөлді. Олар тек 2-3 жыл бұрын ғана дивиденттер әкеле бастады. Менің ойымша, АҚШ-тың бизнес-элитасы Трамптың Қытай мен Америка арасындағы сауданы бұзуына жол бере қоймайды", - дейді Чикаго университетіндегі экономист Гарольд Поллак.
Мамандардың сөзінше, Трамптың Қытаймен сауда қарым қатынасының ережелерін қайта қарауына 2 себеп бар. Америка билігінің ҚХР-дың экономикалық өсімін тоқтату және өз нарығын қытайлық тауарлардың басып қалуынан сақтау.
2015 жылы Қытай Американың ірі сауда әріптесі атанып, 30 жылда алғаш рет Канаданы басып озды. АҚШ-тың сауда министрлігінің статистикасына сәйкес, екі ел арасындағы сауда айналымы 664 млрд долларға жетті, бұл он жылдық көрсеткіштен 2 есе жоғары. Дегенмен Қытайдан келетін экспорт Американың импортынан әлдеқайда жоғары: 499 млдр доллар және 165 млрд доллар.
Америка мен Қытай арасындағы сауда қарым-қатынастарының тоқтатылуы әлемдік сауда көлеміне кері әсерін тигізеді деп есептейді Goldman Sachs Group Inc. сарапшылары. Олардың сөзінше, Ақ үйдің шектеулерінен Қытайдың ЖІӨ өсімі 3%-ға, Америка өсімі 0,5-1%-ға баяулауы мүмкін. Америка мен Қытайды халықаралық сауданың драйверлері деп есептейді, сондықтан олардың байланыстарының үзілуі әлемдік нарыққа үлке ықпал етеді.
Дегенмен Пекин ең нашар өзгерістер үшін арнайы жоспар дайындап қойған тәрізді. ҚХР үкіметінің экономикалық блогының өкілдері шығындардың орнын қарыз облигацияларын шығару арқылы жабуға болады деп есептейді. Әлемдегі ең ірі инвестициялық компания BlackRock-тың есептеуінше, құнды қағаздарды эмиссиялау Қытайға 3 млрд доллардан астам қаржы әкеледі. Бұл америкалық зардаптың көлемін азайтып қана қоймай, ұлттық валютаны нығайтуға да мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қытай АҚШ-тан келетін шетелдік автомобильдер мен ауыл шаруашылық тауарларының импортын шектеуді жоспарлап отыр. Қытайға баратын тауарлар Америка экспортының жалпы көлемінің 65%-ын құрайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024