Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытайлық юань доллардан кейінгі мықты валюта деп танылды

Қытайлық юань доллардан кейінгі мықты валюта деп танылды

Америкалық доллардан кейін юань әлемдегі ең күшті валюта ретінде танылды деп хабарлайды Қытай Халық Республикасының Ұлттық Банк төрағасы И Ган.

Пекинде Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында ол қытайлық ұлттық валюта "өте тұрақты" және "болашақта да тұрақтылығын сақтап қалады" деп мәлімдеді.

"Соңғы көрсеткіштер бойынша АҚШ-тағы доллар өтке күшті болып табылады, ал юань - әлемдегі екінші ең мықты валюта", - деді ҚХР-дың Мемлекеттік валюталық бақылау басқармасының (State Administration of Foreign Exchange) басқарушысы И Ган.

Юанның долларға қатынасы апта басында соңғы екі жыл ішінде сең минималды көрсеткішпен төмендеді. Ұлттық Банк долларға қатысты юань бағамын 0,05%-ға төмендетті, бір доллар 6,1543 юань тұрады.

И Ганның атап өтуінше, қазіргі сауда диапазоны осыған дейінгіге қарағанда ыңғайлырақ болып табылады. "Мен юанның ауытқу диапазонын ретке келтірудің қажеттлігін көріп тұрғаным жоқ", -деді ол. Юанның әлсізденуі капиталдың кері шегінуіне әсер етпегендігін де атап өтті.

ҚХР-дың Ұлттық Банк соңғы 3 ай ішінде пайыздық бәсті екі рет төмендетіп, ел экономикасының өсу қарқынын қолдап, дефляцияның алдын-алуға деген ұмтылысын байқатты.

Похожие материалы