Америкалық доллардан кейін юань әлемдегі ең күшті валюта ретінде танылды деп хабарлайды Қытай Халық Республикасының Ұлттық Банк төрағасы И Ган.
Пекинде Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында ол қытайлық ұлттық валюта "өте тұрақты" және "болашақта да тұрақтылығын сақтап қалады" деп мәлімдеді.
"Соңғы көрсеткіштер бойынша АҚШ-тағы доллар өтке күшті болып табылады, ал юань - әлемдегі екінші ең мықты валюта", - деді ҚХР-дың Мемлекеттік валюталық бақылау басқармасының (State Administration of Foreign Exchange) басқарушысы И Ган.
Юанның долларға қатынасы апта басында соңғы екі жыл ішінде сең минималды көрсеткішпен төмендеді. Ұлттық Банк долларға қатысты юань бағамын 0,05%-ға төмендетті, бір доллар 6,1543 юань тұрады.
И Ганның атап өтуінше, қазіргі сауда диапазоны осыған дейінгіге қарағанда ыңғайлырақ болып табылады. "Мен юанның ауытқу диапазонын ретке келтірудің қажеттлігін көріп тұрғаным жоқ", -деді ол. Юанның әлсізденуі капиталдың кері шегінуіне әсер етпегендігін де атап өтті.
ҚХР-дың Ұлттық Банк соңғы 3 ай ішінде пайыздық бәсті екі рет төмендетіп, ел экономикасының өсу қарқынын қолдап, дефляцияның алдын-алуға деген ұмтылысын байқатты.