БЖЗҚ-ның тұтынушылары өзінің жеке зейнетақы шотында қанша ақша жиналғанын біле бермейді. Бұл мәселеге мән бермейтіндер де, шоттағы қаражатты тексеруді қиын санайтындар да бар. Оны 7kun.kz жүргізген сауалнамадан да байқауға болады.
[caption id="attachment_98222" align="aligncenter" width="450"] Фото: 7kun.kz[/caption]Шындығында бұл туралы ақпарат алудың ешқандай да қиындығы жоқ. Жинақтағы қаражат сомасын білудің түрлі жолдары бар. 7kun зейнетақы қорындағы қаражатыңызды бақылаудың оңай әрі қолжетімді бірнеше тәсілін назарларыңызға ұсынады.
Мобильді қосымша
[caption id="attachment_98133" align="aligncenter" width="820"] Фото: Arnapress.kz[/caption]Қазір кез келген қызмет түрін смартфонның немесе компьютердің көмегімен оңай әрі жылдам алуға болады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мамандары да өздерінің арнайы мобильді қосымшасын жасап шығарды. Оны Android, iOS және Windows Phone жүйелері бойынша смартфонға жүктеп алуға болады. Осылайша, БЖЗҚ-дағы жеке кабинетіңізге кіріп немесе тіркеліп, өзіңіздің шотыңыз туралы әзірленген ақпаратты мобильді қосымша арқылы алуға мүмкіндік бар.
Пошта қызметі
[caption id="attachment_98134" align="aligncenter" width="650"] Фото: pngtree.com[/caption]Өз қаражатыңызды электронды пошта немесе мекен-жайыңыз бойынша хат арқылы бақылауға да болады. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе өтініште көрсетілген электронды пошта бойынша ақпараттар ай сайын жіберіліп отырады. Қажет десеңіз, мекен-жайыңызға пошта арқылы жіберуге де мүмкіндік бар.
Арнайы сайт
[caption id="attachment_98136" align="aligncenter" width="630"] Фото: tenge-online.kz[/caption] Сондай-ақ, БЖЗҚ-ның Enpf.kz ресми сайтындағы жеке кабинетіңізге кіру арқылы жеке шотыңыз туралы барлық ақпаратты ала аласыз.БЖЗҚ бөлімшесі
[caption id="attachment_98137" align="aligncenter" width="696"] Фото: nb.kz[/caption] Жоғарыда аталған қызметтер қолжетімсіз болса немесе басқа да қосымша ақпарат алғыңыз келсе, тұрғылықты жердегі БЖЗҚ бөлімшесіне баруға болады. Барлық бөлімшелер жұмыс күндері 08:00-19:00 аралығында, сенюі күні 09:00-13:00 аралығында қызмет көрсетеді. Ал сіз зейнетақы қорындағы қаражатыңызды қалай бақылайсыз?Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024