Экономика
Авто
Регионы
Жамбыл облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 227 млрд теңге болды
Тараз. 11 сәуір. 7kun.kz - Жамбыл облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 227 млрд теңгені құрады. Бұл туралы облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев Өңірлік Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифигте мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2015 жылы облыста «United Green» британдық компаниясы бастаған шетелдік инвесторлар қатыстырылып «BurnoeSolar-1» атты 50 мегаватт қуат өндіретін күн электр станциясы салынды. Жобаның құны - 125 млн доллар. Бұл нысан Орталық Азиядағы ең ірі күн электр станциясы болып табылады.
Сондай –ақ, Жамбыл облысында «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын құру жұмыстары жүргізілуде. Онда каустикалық сода мен хлор, үш хлорлы фосфор, глифосат, пестицидтер, метанол өндіретін жобаны іске асыру басталды. Инвестицияның жалпы құны 256 722 млн теңге.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024