1970 жылы 20 маусымда Алматы қаласында туған. "Ауыл" социал-демократиялық партиясының көшбасшысы Ғани Қалиевтің қызы.
Отбасы: тұрмыс құрған, бір қызы бар.
Білімі:
1992 жылы - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "экономист" мамандығы бойынша бітірген.
Каледония университетінің бизнес мектебінде (Глазго қаласы, Ұлыбритания) іскерлік әкімшіліктік магистрі мамандығында оқыған.
Ғылыми дәрежесі:
- Экономика ғылымдарының кандидаты
Еңбек жолы:
1995-1997 жылдары - Қазақстанның мемлекеттік Экспорт-импорт банкі, Герман несие желісінің менеджері болды.
1998-1999 жылдары-Орталық Азия қайта құру және даму банкі, Кредиттеу департаменті директорының міндетін атқарды.
1999-2001 жылдары - "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-да Басқарма Төрағасының халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі, еншілес компанияның басқарушы директоры болып жұмыс істеді.
2001 жылы - Allianz Group (Германия, Румыния, Венгрия) компаниясында тәжірибеден өтті.
2001-2003 жылдары - "РОСНО" ААҚ, Ресейдегі Allianz жобалық тобының мүшесі, компанияның бизнес-моделін Allianz стандарттарына келтіру мәселелері бойынша кеңесші, өмір мен денсаулықты сақтандыру саласындағы жобалардың үйлестірушісі ретінде еңбек етті.
2003-2006 жылдары - "РОСНО" ААҚ, стратегиялық даму департаменті директорының орынбасары лауазымын иеленді. Компанияның стратегиялық және инвестициялық жобаларына жетекшілік етті, бірігу және сіңіру тобына кірді, топ акционерлерімен тұрақты стратегиялық диалогтарды дайындау және өткізу үшін жауапты болды.
2006-2007 жылдары – Accenture консалтингтік компаниясы (Мәскеу), FSI менеджері (қаржы институттары), Ресей сақтандыру компанияларының бизнес-модельдерін жетілдіру саласындағы жобалардың жетекшісі қызметтерінде жұмыс істеді.
2007-2008 жылдары - "Оранта" (Украина) Ұлттық акционерлік сақтандыру компаниясы Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде тіркелді.
2008-2009 жылдары - Allianz SE компаниясының Қазақстандағы өкілі қызметін атқарды.
2009 жылдың қаңтарынан бастап - "Allianz Kazakhstan"СК" АҚ Басқарма Төрағасы болды.
2011 жылы - "Allianz Kazakhstan" Сақтандыру компаниясын сатып алды. Кейіннен компания "Kompetenz "СК" АҚ атауын алды.
2016 жылы 29 ақпанда - "Қазақстан сақтандырушылар Қауымдастығы" ЗТБ Кеңесінің шешімімен ҚСҚ кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Қазіргі таңда Жанар Қалиева - "Kompetenz "СК" АҚ-ның жалғыз акционері.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024