2016 жылдың наурызында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев 1 шілдеден бастап ауыл шаруашылығы жерлерін азаматтарға жеке меншікке аукцион арқылы сату және шетелдіктерге жалға беру мерзімін 10 жылдан 25 жылға дейін ұзартуды жоспарлап отырғанын жариялаған болатын. Бұл мәселе алдымен БАҚ-да жарияланып, бұдан кейін әлеуметтік желіде наразылық нысанына айналды. Сәуірдің 24-інен Қазақстанның бірнеше аймағында бейбіт шеру ұйымдастырып, наразылық онлайннан офлайнға шықты. Сонымен қатар, қоғам белсенділері 21 мамырда жаппай ереуілге шығып, бейбіт шеру ұйымдастыратыны туралы хабарлаған болатын.
5 мамырда Ақордада өткен жиында Президент Жер кодексінің дау тудырған кейбір баптарына мораторий жариялап, келесі жылға дейін күшін уақытша тоқтатқан болатын. Сол жиында Назарбаев ҚР Жер кодексінің нормаларын түсіндіру және талқылау, сондай-ақ ұсыныстар әзірлеу үшін үкімет жанынан бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев жетекшілік ететін комиссия құруды тапсырды. Осылайша, 12 мамырда комиссия мүшелері бекітіліп, оның құрамына Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, агробизнес өкілдері, ғалымдар мен азаматтық белсенділерден тұратын 75 адам енді.
https://www.youtube.com/watch?v=d6Vt09S5AtIАлғашқы отырыс
Қатысқандар: 70 Пікір білдіргендер: 63 Келмегендер: 5 14 мамыр күні Астана ұлттық музейінде Жер реформасы бойынша комиссияның алғашқы отырысы өтті. Жеті сағатқа созылған отырысқа бастапқыда бекітілген 75 комиссия мүшесінің 70-і қатысты. Премьер-министрдің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев жиынды ашып, комиссия құрамына барлық аймақтардың өкілдері, парламент депутаттары, үкімет мүшелері мен ғалымдар, ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлері мен азаматтық белсенділер қатысып отырғанын айтты. Сонымен бірге, комиссия жетекшісі жиын еркін форматта өтетінін алға тартып, әрбір азаматтан пікірін ашық айтуды сұрады. Отырған 60 шақты комиссия мүшесі пікірін айтып, ұсыныстарын білдірді. Комиссияға шақырылғанымен кіруден бас тартқандар да болды. Мысалы: Атыраудағы жиынды ұйымдастырушылардың бірі Макс Боқаев азаматтарды қудалау туралы талаптары толық орындалмағанын айтып, комиссия құрамына кіруден бас тартқан болатын. Комиссия отырысынан соң алдағы уақытта нәтиже болмаса шығатынын ескерткендер, шығып кеткендер де болды. Зәуреш Батталова «ондағы жеті-сегіз адамнан басқа комиссия мүшелерінің пікірлері бір-бірінен айнымайды. Премьердің орынбасарына есеп бергендей өздерінің жұмыстары жайлы айта береді» деп, «келесі жолы комиссияда өзгеріс болмаса, бұдан былай отырыстарға қатыспайтынын» ескертті. Жиынға қатысып, шығып кеткен «Алаш жолы» қозғалысы жетекшілерінің бірі Мақсат Ілиясұлы жер комиссиясының құрамынан шығу себептерін әлеуметтік желі парақшасында түсіндірді. Оның айтуынша, жер қазақстандықтарға да, шетелдіктерге де сатылмасын, жалға да берілмесін деген ұстанымды сол 70 адамның 11-і ғана қолдаған және комиссия шешімі дауыс беру арқылы қабылданатын боп шешілген. Осылайша, комиссия құрамына кірген «Алаш жолы» қозғалысының жалғыз белсендісі Мақсат Нұрыпбай да комиссия құрамынан шықты. Алғашқы отырыс туралы «Азаттық радиосына» берген сұхбатында саясаттанушы, «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшім «кейбір мүшелер тұрмыс себептерімен комиссия құрамынан шығып жатыр, бейбіт шеруді ұйымдастырушылар бұл жиында болмады, ал қоғам белсенділері жерге қатысты ойларын ашық айта алмады» деп баға берді. Мамырдың 17-сінен бастап жер дауына қатысы бар деген отызға жуық азаматты "рұқсат етілмеген митинг ұйымдастыруға шақырды" деген айып тағып 10-15 күнге қамай бастады. Оның ішінде комиссия құрамынан шыққан Мақсат Ілиясұлы және оған кіруден бас тартқан Макс Боқаев болды.Алғашқы отырыстың қорытындысы: Жер туралы заңды зерттейтін 4 жұмыс тобы анықталды. Олар заң, түсіндіру, экономикалық, ашықтықты қамтамасыз ету топтары. Сонымен қатар, комиссия мүшелері музей залында әр сенбіде сағат 10.00-де жиналатын боп келісті. Ал 5-6 отырыстан кейін негізгі блокты пысықтаған соң өңірлерге шығып, бұл мәселені әкімдіктер жанынан құрылған қоғамдық кеңес аясында талқылайтын болады.
Екінші отырыс
Қатысқандар: 67 Пікірін білдіргендер: 38 Келмегендер: 5 Өз еркімен мүшеліктен шыққандар: 2 Комиссияның келесі отырысы 21 мамыр күні жалғасын тапты. Бұл отырыста алғашқы жиында бекітілген бағыттарға жауаптылар бекітілді: экономикалық мәселелер бойынша жұмыс тобының жетекшісі болып С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев, жер реформаларын түсіндіру бойынша жұмыс тобының жетекшісі болып қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, құқықтық мәселелер бойынша жұмыс тобының жетекшісі Мұхтар Тайжан, ашықтықты қамтамасыз ету бойынша жұмыс тобының жетекшісі болып «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшім тағайындалды.Жалпы отырыс негізінен үш мәселені қарастырды. Біріншісі – жерді қазақстандықтарға сатуға және сатпауға, екіншісі – жалға беру немесе бермеу туралы. Үшіншісі – жерді қазақстандықтарға 10 гектарға дейін тегін беруге қатысты. Комиссия мүшесі, саясаттанушы Марат Шибұтов жалдап отырған жері 50 гектарға жететін шаруашылықтарға жерді тегін пайдалануға беру туралы айтты. Белсендінің бұл ұсынысын Мұхтар Тайжан да қолдады.
Ал «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевтың пікірі басқаша. Оның айтуынша, жерді сатуға асықпағанымыз дұрыс, себебі қазіргі жағдайда салық салу мөлшерлемесін көтергеннен кейін адамдарды жерді жекешелендіруге мәжбүрлейміз. «Егер жерді тек инвестиция көзі ретінде қарасақ, бұл мәселенің екінші жағы да бар. Жер жекеменшікте болады, адамдар оны кепілдікке қоя бастайды. Ауыл шаруашылығы үнемі мол табыс әкелетін сала емес. Ертең сол жерлерге банктер иелік етеді, ал қарапайым шаруа тағы да құр қалады. Банк мемлекет сияқты жерді төмен мөлшерлемемен жалға бермейді. Сол себепті осы жағын мұқият пысықтаған жөн. Банктер жерлерді өз меншігіне айналдырып алуы мүмкін, осындай да қауіп бар. Сол себепті ауыл шаруашылығын қаржыландыру мәселесін алдымен шешіп алу қажет. Қаржыландыру жағын шешпесек, қауіп-қатерге тап болуымыз мүмкін», – деді партия төрағасы. Сонымен бірге, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед отырыс барысында жалға берілетін жер телімдеріне нақты анықтама беру керектігін айтты. «Әр азаматтың жерді сатып алуға немесе жалға алуға мүмкіндігі болуы қажет. Ал ол үшін жалға берілетін жердің қандай екендігін біз нақты анықтап алуымыз керек», - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед. Осы жиында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов осыған дейін жасалған жұмыстарды баяндады. Құрамы жер мәселелері бойынша мамандар, сарапшылар, ғалымдар мен мемлекеттік қызметкерлер секілді 26 адамнан тұратын жұмыс тобы құрылғаны туралы да айтып өтті. [caption id="attachment_44248" align="alignnone" width="640"] Фото: kz.otyrar.kz[/caption]Отырысты комиссия жетекшісі, бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев «жасалған жұмыстар мен айтылған ұсыныстар жуырда президентке жіберіледі» деп қортындылады.
Үшінші отырыс
Қатысқандар: 62 Пікір білдіргендер: 30-ға жуық Келмегендер: 9 Мамырдың 28-і күні комиссияның үшінші отырысы болды. Жиынды Бақытжан Сағынтаев "комиссия жұмысын нәтежиесіз" деп, тез арада шешім шығаруды талап еткен әлеуметтік желі қолданушыларына «жұмыс енді басталды, біздің мақсатымыз – халықпен ақылдасып, жарты жыл бойы жүйелеп шешім шығару» деген жауабымен бастады. Отырыстың барысында қудаланып, үстінен іс қозғалған азаматтар жайлы айтқандар аз болмады. Мұхтар Тайжан жер мәселесіне белсенділік танытуынан әлі күнге дейін қудаланып жатқан азаматтарға қатысты пікірін білдірген Мәжіліс депутаты, КТК телеарнасының жүргізушісі Артур Платоновқа «олар ешқандай бұзақылық жасаған жоқ, олар – Қазақстан азаматтары!», - деп жауап беріп, айыптауды доғаруға шақырды. Ал ақын Мұхтар Шахановтың айтуынша, мамырдың 21-і күні Алматы қаласында жерді шетелдіктерге сатуға, жалға беруге қарсы шеруге шамамен 15 мыңдай адам шықса, соның 2 мыңдайын қолын қайырып, ұстап, қамаған. Мұхтар Шаханов сонымен бірге, олардың қатарында 43 журналистің бар екенін де айтып өтті. Отырыс барысында ақын белгілі әнші, сазгер Жанат Есентаевтан бастап, Талған Аян, Ерлан Башақов, Макс Боқаев сияқты адамдардың қылмыстық жауапкершілікке тартылуына бей-жәй қарамауға шақырды. [caption id="attachment_44251" align="alignnone" width="960"] Фото: el.kz[/caption]Мамырдың 17-сінен бастап "билікті күшпен басып алу немесе ұстап тұруға және конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге шақырды" деген айыппен қамауға алына бастаған азаматтар 15 күнге қамалып, 31 мамыр – Саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде босатылды. Қызығы олардың көпшілігін құқық қорғау қызметтері кешкі сағат 8.00-ден кейін босатқан.
Қазақстан бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко Шанаовтың мәлімдемесіне жауап берді. Оның айтуынша, әкімшілік жауапқа тартылған 51 адамның төртеуі әкімшілік қамауға алынып, 12-сіне айыппұл салынған, 21 адамға сот ескерту жасаған. Бас прокурордың орынбасары «мамырдың 21-і күнгі оқиғалар бойынша қылмыстық істер қозғалған жоқ» деп мәлімдеді. Ары қарай отырыс барысында комиссия мүшесі Мұхтар Тайжан «Қытайға жерді жалға беруге қатысты келісімшарттарға қол қойылған» деген мәселеге министрден түсінік беруді сұраған болатын. Оған ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов «Қазақстан мен Қытай арасында ауыл шаруашылығы саласының келісімдерінде жерге, оны өңдеуге қатысты ешқандай шарт жоқ» деп жауап берді. Министр халық арасында талқыланып жатқан «жерді сатып алғандар жерді екінші қайтара сатып жіберуі, оның ішінде шетелдіктерге сатып жіберуі мүмкін» деген қауіптерге де жауап берді. Оның айтуынша, оларда оған мүмкіндік жоқ. Себебі тыйым салынған, яғни нотариаттар ондай құжатты рәсімдей алмайды. Сонымен қатар, өз баяндамасында Асқар Мырзахметов қазіргі таңда пайдаланылып жатқан ауыл шаруашылығы жерлерiнiң бар болғаны 1 пайызы жеке меншiкте болса, қалғаны жалға берiлген, яғни 57 млн 512 мың гектар жер шаруа қожалықтарының еншiсiнде, 40 млн 239 мың гектар жерді мемлекеттiк емес кәсiпорындар алып отырғанын айтты. «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшiмнің осы тұста екі нәрсе ұсынды. Оның айтуынша, жер қазақстандықтарға да, ешкiмге сатылмауы керек, ал екінші ұсынысы бойынша жер қазақстандықтарға сатылуы керек, бiрақ нақты техникалық бағыттағы шарттар қойылуы керек. Ал саясаттанушы Марат Шибұтов «жерді жалға аукцион емес, тек байқау өткізіп бір-ақ беру керек» деген пікір айтты. Оның айтуынша, біріншіден, жерді жалға алу бойынша байқау жарияланады да, олардың ішінен ең үздік ұсынысты таңдалып, жерді сол адамға пайдалануға беріледі. [caption id="attachment_44245" align="alignnone" width="960"] Фото: el.kz[/caption] Жиынды ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев облыс орталықтарымен шектелмейік деген ұсынысымен аяқтады. Бұл ұсыныстың нәтиесі бүгін комиссия мүшелері Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті. Комиссияның 30-ға тарта мүшесі және жергілікті шаруалар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысқан жиын 4 сағатқа созылды. Отырыста 42 адам сөз алып, әрқайсысы өз пікірлерін айтып, ұсыныстарын білдірді. Комиссия мүшесі, құқықтық топтың жетекшісі Мұхтар Тайжан агробанк ашуды ұсынды. Ол сондай-ақ облыс әкімі мен оның отбасының иелігінде неше гектар жер барын сұрауды да ұмытқан жоқ. Кулагиннің иелігінде 80 мың га жер бар болып шықты. Комиссия мүшесі Айдос Сарым 10 сотық жер беру туралы мәселені көтерді. Еске салайық, жақында өңірлерде әрбір тұрғын тегін 10 сотық жерден алуға мүмкіндігі бар деген ақпарат тарап, бірнеше қалада тұрғындар әкімдіктер мен ХҚО-на өтініш беру үшін кезекке тұрған еді. 10 сотық жер берудің тетігі мүлдем түсініксіз деген ол, бұл таза дау-жанжалдың ошағы деді. "Қазір әкімдіктердің халықпен тілдесуге, түсіндіруге мүмкіндігі бар. Ал ертең 5-10 мың адам жетіп келсе, оларға әкімдік басу айта ала ма, жоқ па, белгісіз. Сондықтан үкімет тарапынан осы мәселеге тоқтау болатын шешім қабылдану керек". Айта кетейік, бүгін бірқатар алматылықтар өтініш беру үшін Алатау аудандық ХҚО алдына ұзын-сонар кезекке тұрған. Алдағы уақыта көшпелі отырыстар басқа қалаларда да жалғасады. Көкшетаудағы отырыс туралы көлемді ақпарат берген qamshy.kz сайты "Әрине, бүгінгі отырыста белгілі-бір себептермен келсін-келмесін жер саудасын ашық қолдап, реформаға наразылық танытқандарды айыптағандар да болды. ел сенген К. Сағадиев, Б. Тілеухан сынды азаматтардың өзі бұл мәселеде дүбара күй кешіп, бірді айтып, бірге кетіп отырғанда аймақтарда да ондай «кезекші шешендер мен көсемдердің» табылуы заңдылық. Дегенмен, қолына кетпен ұстаған шаруа да, қалам ұстаған журналист те, жер тағдырына алаңдаулы басқа да қарапайым азаматтар Астанадан келген комиссияға елдің тілегін, ұстанымын анық жеткізді. Комиссияның Айдос Сарым, Жанұзақ Әкім, Ақылбек Күрішбаев, Мұхтар Тайжан, Дос Көшім сынды мүшелері де батыл мәлімдемелер жасап, нақты да дәйекті ұсыныстарымен елдің еңсесін көтеріп тастады. Жер комиссиясының Көкшедегі бас қосуы көңілдегі біраз күдікті сейілтіп, үміт отын қайта жаққандай болды" деп жазды.Аян ҚАЛМҰРАТ "7"
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024