Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жер салығының экономикалық мәні және мазмұны

Жер салығының экономикалық мәні және мазмұны

Жер қойнауының ұғымы кен байлығы ұғымынан кең. Кен байлығы-жер қонауының ең маңызды құрамдас бір бөлігі. Бағалы кен байлығы, пайдалы қазбалар мемлекетіміздің әлеуметтік – экономикалық жағдайында, өнеркәсіп өндірісін ұлғайтуда көрнекті орын алады. Қазақстан – кенге бай өлке. Мұндағы кеннің жалпы қоры ондаған млрд. тонна болуы мүмкін. Республикамызда бірінші ірі кенді алқаптар бар. Орталық Қазақстанда оның алып жатқан ауданы 800000 шаршы шақырым1. Мұнда көмір, темір, марганец, мыс, вольфрам, молибден, қорғасын, мырыш, т.б. пайдалы қазба кендері бар. Олардың жалпы саны 5500 – дей. Бұлардың ішіндегі ең ірілері – Қарағанды, Екібастұз кендері. Кенді Алтай ұзындығы 500 шақырым, ені 50 шақырым ауданды алып жатыр. Онда мыс, қорғасын, мырыш, алтын, күміс, сирек кездесетін металл, жанғыш тақтатас кендері бар. Қостанай облысындағы Торғай ойпатының ұзындығы 500 шақырым, ені 80 шақырым шамасы. Бұл алқапта жоғары сапалы темір, көмір, асбест, никель, боксит, титан, т.б. кендер бар. Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау аймағында қорғасын, мырыш, ванадий және фосфорит кендерінің мол қоры бар. Маңғыстау түбіндегі мұнай мен газ өндіріледі. Көкшетау, Ақмола, Семей облыстарында алтын және сирек металдар өндірілетін кендер бар. Кейінгі кездерде Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысы, Каспийдің Республикамызға тиісті аймағында, Қызылорда облысының шығысына қарай бай мұнай-газ кендері ашылып отыр. Талдықорған облысындағы Текелі кен орны бұрыннан белгілі. Жамбыл облысында фосфорит, түсті металдар, тас көмір, ғаныш (гипс), селитра, т.б. кендер бар. Қазақстан Республикасының барлық облыстарында кен байлықтары бар екені сөзсіз. Оның саны мен сапасы геологиялық іздестірулер ғана белгілеп бере алады.

Жер қойнауының пайдалы қазбалары қайтадан қалпына келмейтін  байлыққа жататыны белгілі.

Әр түрлі металл кендері - өндіріс үшін шикізат, мұнай, радиоактивті элементтердің кендері - қуат көзі, көптеген тау жыныстары құрылыс металдары болып табылады. Қазба байлықтарды пайдаланудағы кемшіліктер де аз емес. Оларды  кешенді, яғни толық пайдалану жүзеге асырылмайды. Тау – кен өндірістері кеннің өзіндік құнының арзандығына қызығып, кен байлығының қаймағын ғана сыпырып алады, яғни тау жынысының кенге бай жерін ғана пайдаланады. Қосымша кендер үйіндіге кетеді[2].

Республикамыздың кен байлығы – халқымыздың негізгі байлық көздерінің бірі. Оны неғұрлым халқымыздың игілігі үшін толығырақ пайдалану – барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының мүддесі.

Ол үшін қолда бар мүмкіндіктерді, соның ішінде шетелдік  заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың қатысуымен жер қойнауының байлығын пайдалануымыз керек. Бұл салада туындайтын барлық қатынастарды реттейтін  жаңа  заңдарымыз да бар. Ол заңдардың ережелерін, талаптарын жүзеге асыру  мемлекеттік  шараларға  жатады.

Алдымен, Қазақстан Республикасының “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” заңын және осы заңға байланысты қабылданған ережелер, нұсқаулармен басқа заңды актілерді біліп алып, қызметте жүзеге асырып отырса, аталған игілікті іске әр адам өзінің үлесін қосатыны сөзсіз. Жер қойнауын иеленушілер мен пайдаланушылардың осы саладағы құқықтары мен міндеттері бар. Олар жер қойнауын пайдаланумен қатар оны қорғауды да көздейді. Сол сияқты жер қойнауын пайдалануды, минералдық шикізатты ұқсатуды басқаратын органдардың лауазымды тұлғаларының жер қойнауын қорғау құқықтары мен міндеттері бар.

“Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану” заңның3 тиісті баптарында жер қойнауын қорғау қызметі осы заңның арқауы ретінде орын алады . çàçàтиісті баптарында жер қойнауын қорғау қызметі осы заңның арқауы ретінде орын алады немесе тікелей көрсетіледі. Жер қойнауын қорғаумен пайдалануды мемлекеттік бақылау жөнінде арнаулы бөлімінде қаралған.

1 Бөлiм.  Жер салығының экономикалық мәні және мазмұны.

Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.

Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория.

Салықтардың экономикалық мәні мынада:

  • біріншіден, салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді;
  • екіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі.

Қазақстан Республикасында салықтардың мынадай негізгі қызметтері бар:

  • фискалдық қызметі;
  • реттеушілік қызметі;
  • бақылаушылық қызметі.

Фискалдық қызмет арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери, қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.

Реттеушілік қызметі салық механизмі арқылы іске асырылады. Оның ішіндегі негізгі тетіктер салық ставкалары мен салық жеңілдіктері. Салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймай, сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асыруы қажет. әрине салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін олардың басқа да экономикалық тетіктерімен тығыз байланыста болуы керек.

Салықтардың келесі негізгі қызметі ол бақылаушылық қызметі, яғни салықтық бақылау. Салықтардың бақылаушылық қызметі арқылы салық механизмінің қызмет етуінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының қимылына бақылау ісі жүргізіледі, салық жүйесі мен бюджет саясатын жетілдіру жолдары қарастырылады.

Салық механизмінің қызметі белгілі қағидаларға сүйеніп іске асырылады. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі салық ісін мынадай қағидаларға негізделіп жүргізілуін талап етеді:

  • міндеттілік қағидасы бойынша салық төлеуші салықтық міндетін толық және белгіленген мерзімде орындауы тиіс;
  • нақтылық қағидасы бойынша Қазақстан Республикасындағы бюджетке төленетін төлемдер мен салықтар нақты болуы тиіс;
  • әділеттілік қағидасы бойынша Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болады, жеке түрдегі жеңілдік жасауға рұқсат етілмейді;
  • біртұтастылық қағидасы бойынша Қазақстан Республикасы аумағында жалпыға бірдей салық жүйесі қолданылады;
  • жариялылық қағидасы бойынша салықты реттеуші нормативтік құқықтық кесімдер ресми басылымдарда жарық көреді.

Салық ісін тиімді ұйымдастыру мақсатында салықтарды белгілі топтарға бөліп жіктейміз.

Салықтарды мынадай ерекшелік белгілері бойынша жіктейміз:

  1. салық салу объектісіне байланысты;
  2. қолдануына қарай;
  3. салық салу органына байланысты;
  4. экономикалық ерекшелігіне байланысты;
  5. салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай.

Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар болып жіктеледі.

Тікелей салықтар тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.

Тікелей салықтарға мынадай салықтар жатады:

  • корпорациялық табыс салығы;
  • жеке табыс салығы;
  • жер салығы;
  • көлік құралдарына салынатын салық және тағы басқа.

Жанама салықтарды тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгізілгендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады. Жанама салықтарға мыналар жатады:

  • қосылған құнға салынатын салық;
  • акциздер.

Салық Кодексінде Қазақстан Республикасында қолданылатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, атап айтқанда 9 салық, 13 алым, 9 төлем, 1 мемлекеттік баж, 4 кедендік алым белгіленген.

Осы 9 салықтың ішінен жер салығын қарастырайық.

Дамыған елдерде жер салығының екі түрі қарастырылған:

  1. құрылыстан алынатын жер салығы;
  2. жер салығы.

Құрылыстан алынатын жер салығы елдің аумағында жатқан барлық құрылыстардан алынады. Салық қоғамдық меншіктегі ғимараттардан алынбайды. Құрылыстан алынатын жер салығының ставкасы меншікті, сақтандыруды, амортизацияны, күтім және жөндеуді басқару шығындарының есебімен кадастарлық құн негізінде орнатылады.

Ал жер салығы мемлекеттің аумағында жатқан және құрылыстан алынатын жер салығын салуға жатпайтын меншіктің барлық түрлерінен жыл сайын алынады. Жер салығынан дамыған елдердің бюджет кірісінің түсімдер мөлшері біршама төмен. Қазақстан Республикасына келетін болсақ, біздің елде жер салығы 1992 жылы енгізілген. Жер салығының енгізілуінің негізгі мақсаты жерді оңтайландырылған экономикалық әдістерді және жер құрылғылары бойынша шараларды жүзеге асыру үшін бюджет кірістерін қалыптастыруды, жердің құнарлылығының жоғарылауын, олардың қорғаныстарын, сонамен қатар аумақтың әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз ету.

Республикадағы жер қатынастары саласындағы өзгерістер Қазақстан Республикасының жер реформасы жөніндегі заңдарында, Жер Кодексінде бейнеленеді. Қазақстанның Жер Кодексінде жер Республиканың айрықша меншігі деп айтылған. Жерді иелену және пайдалану үшін төленетін ақы жер салығы ретінде қарастырылады. Бұл салықтың мақсаты – жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және жерді сақтау, құнарлығын арттыру, жергілікті аймақтардың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды іске асыру үшін бюджетке түсетін табыстарды құру. Жер салығы толығымен жергілікті бюджетке түседі, сондықтан бұл жергілікті өкімет органдарының аталған салықты жинауға мүдделерін арттырады.

Дамыған елдерде және ТМД елдерінде қолданылатын жер салығын зеттеу негізінде, Н.Зенец нақты әлеуметтік-экономикалық шарттар есебіменолардың элементтерінің келесідей жеке жіктемесін ұсынған:

  • жер салығының қызметтері – кәсіпорынға, фермер шаруашылығына жер салығының әсер етуінің нақты нысандары (фискалдық, реттеушілік);
  • салықты төлеудің қайнар көзі – салық төленетін шаруашылықтың сол немесе басқа кірістер бөлігі;
  • салық мөлшерінің орнатылуы – салық салудың ауыртпалығын анықтау тәсілі;
  • салық салу объектісі – салық салуға жататын жердің құрамы;
  • салықтың ставкасын анықтау үшін база – мысалы, баға, рентаның мөлшері, жерді бағалау балы;
  • салықты алушылар – қай бюджетке (республикалық, жергілікті) бұл салық келіп түседі;
  • басқа салықтармен қарым-қатынас;
  • жалпы салық салу жүйесінде жер және басқа салықтар арасындағы қызметтерді бөлу;
  • жер салығын төлеушілердің санаттары – кәсіпорындық кооператив, акционерлік қоғам және тағы басқалары.

Жер салығын төлеушілер – меншігінде немесе тұрақты пайдалануында жер учаскесі бар заңды тұлғалар (оның ішінде резидент еместер), олардың филиалдары, өкілдіктері және жерге иелік етуші жеке тұлғалар.

Жер салығының мөлшері жер учаскесінің саласында, құнарлығына, орналасу аймағына және сумен қамтамасыз ету мүмкіндігіне қарай анықталады және жер иесі мен жерді пайдаланушының шаруашылық нәтижесіне байланысты болмайды. Жер салығы жер алаңының бірлігі үшін жыл сайынғы тіркелген төлем түрінде белгіленеді. Ал басқа мемлекеттерге берілген жер учаскесін пайдаланғаны үшін салық салудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының осы мемлекеттермен жасасқан шарттарымен анықталады.

Жер салығының салық салу объектісі – жерге иелік ететін немесе пайдаланатын заңды және жеке тұлғалардың қарамағындағы жер учаскелері. Олардың түрлерін атап өтетін болсақ, олар мыналар:

  1. Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланатын жерлер;
  2. Елді мекендік жерлер;
  3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де мақсаттағы жерлер;
  4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жерлер;
  5. Орман қоры жерлері;
  6. Су қоры жерлері;
  7. Қордағы (запастағы) жерлер.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жерлеріне, орман қоры жерлеріне, су қоры жерлеріне, қордағы (запастағы) жерлеріне қандай да бір нысаналы мақсатта қолданылса ғана жер салығы салынады.

 Жер салығы бойынша жеңілдіктер беріліп, салықтан босатылатын төлеушілер:

  • біртұтас жер салығын төлеушілер;
  • діни бірлестіктер;
  • мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыратын ұйымдар;
  • уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеті мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
  • салық салу режимінің екінші үлгісі бойынша (шикі мұнай мен басқа да пайдалы қазбаларға салынатын акциз, үстеме пайдаға салынатын салық, жер салығы бойынша, ал мүлік салығы қосылмайды) жұмыс жасайтын жер қойнауын пайдаланушылар;
  • құрылыс пен құрылғыларды қоса алғандағы, тұрғын үй қорындағы және үй жанындағы жер учаскелері бойынша – “Батыр ана” атағын алған, “Алтын алқамен” марапатталған көп балалы аналар;
  • құрылыс пен құрылғыларды қоса алғандағы, тұрғын үй қорындағы және үй жанындағы жер учаскелері бойынша – Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген тұлғалар, бала кезінен мүгедек тұлғаның ата-анасының біреуі:
  • тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері;
  • үй маңындағы жер учаскелері;
  • жеке үй шаруашылығын жүргізуі, бау-бақша шаруашылығы үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері;
  • гаражға арналған жер учаскелері бойынша.

Бірақ мемлекеттік бюджет есебінен ғана қамтылған ұйымдар, уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары, діни бірлестіктер пайдалануға немесе жалға берілген жер учаскелері бойынша салық төлеуден босатылмайды.

Жекелеген жағдайларда салық салу объектісін анықтау:

  1. Темір жолдар, оқшаулау белдеулері, темір жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерін қоса алғанда, заңдарда белгіленген тәртіппен темір жол көлігі ұйымдарының объектілеріне берілген жер учаскелері темір жол көлігі ұйымдары үшін салық салу объектісі болып табылады.
  2. Электр беру желілері мен кіші станциялар тіректері алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында электр беру желілері бар энергетика және электрлендіру жүйесі ұйымдары үшін осы ұйымдарға заңдарда белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.
  3. Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндіруді, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін осы ұйымдарға заңдарда белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.
  4. Байланыс желілерінің тіректері алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында радиорелелік, әуә, кабельдік байланыс желілері бар байланыс ұйымдар үшін осы ұйымдарға заңдарда белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.

Жер салығын анықтау үшін жер учаскесінің алаңы салық базасы болып табылады.

 Орман қоры жерлерінен салық салуға жататындар:

  • ауыл шаруашылығы мақсаты үшін пайдаланылатын жерлер;
  • орман шаруашылығы органдарының үйлері тұрған жерлер;
  • ағаш дайындаушы кәсіпорындардың пайдалануына берілген жерлер.

Мына тұлғалар жер салығын сәйкес ставкаға 0,1 коэффициентін қолдану арқылы есептейді және төлейді:

  • балаларды сауықтыру мекемелері, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар мен ботаникалық бақтар, мемлекеттік табиғи және зоологиялық бақтар;
  • балық өндірісі мақсатындағы мемлекеттік кәсіпорындар;
  • жүйке аурулар және туберкулез мекемелері жанындағы емдеу-өндірістік мекемелер;
  • ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестациялау саласындағы мемлекеттік кәсіпорындар;
  • табиғи биологиялық ресурстарды ұлғайту, ормандардың табиғи әлеуметін көтеру, өртпен күрес тәрізді жұмыстар негізгі қызмет түрлері болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;
  • діни бірлестіктерден басқа коммерциялық емес ұйымдар;
  • жұмысшыларының 51 пайызы мүгедектер және оларға жұмсалатын шығындар жалпы еңбек ақы қорының 51 пайызынан кем болмайтын ұйымдар.

Бірақ бұл тұлғалар жерді коммерциялық мақсатта пайдаланса, жер салығын жалпыға ортақ тәртіппен төлейді.

1-кесте

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік бюджетінің кірісіндегі салықтық түсімдердің ішіндегі жер салығының үлесі

 Көрсеткіштер          2000ж.        2001ж.           2002ж.
Сомасы млн.тг Үлесі (%) Сомасы млн.тг Үлесі (%) Сомасы млн.тг Үлесі (%)
Түсімдер 1048116   100 1271584 100
Салықтық Түсімдер Оның ішінде:  524058    50 635792   50
Жер салығы   5506    0,5    5454   0,4
        Басқа салықтар 518552   49,5  630338  49,6

Бұл кестеде мемлекеттік бюджеттінің кірісіндегі жер салығының үлесі қарастырылған.

Осы кестенің мәліметтері бойынша, 2000 жылы салықтық түсімдер 524058 млн. теңге болды, яғни жалпы түсімдердің 50%-ын құрады. Ал оның ішіндегі жер салығының үлесі 0,5% болды. 2001 жылы түсімдер 1271584 млн. теңгені құрады, ал салықтық түсімдер жалпы түсімдердің 50%-ын құрады. 2000 жылмен салыстырғанда 2001 жылы жер салығының үлесі 0,4% болды.

Қорыта келсек, жер салығы басқа салықтармен салыстырғанда аз мөлшерде төленеді.

2 Бөлiм.  Жер  қойнауын  пайдалануға  салық  салудың түсінігі  және қағидалары.

Салықтар мемлекеттік бюджеттің ең мол түсім көздері болғандықтан, олар қандай да болмасын мемлекеттің өсіп-өрендеуінің материалдық негізі болып есептелінеді. Сондықтан салықтық қызмет мақсатының басты бағыты салықтардың көмегімен бюджетке кірістерді тарту арқылы мемлекеттің қазынасын қалыптастыру және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ саяси құрылыс бағдармаларын ақшалай қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл жерде мемлекетті қоғамның саяси жүйесінің субьектісі екенін ескерсек, оның қызмет аясы тек өз ақшалай мәселелерін шешіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамның да ақшалай инфрақұрлымын құруға бағытталған. Сонымен салықтық қызметті жүзеге асыру кезінде, мемлекет бір уақытта екі сипатта болады:

  • саяси жүйенің субьектісі ретінде;
  • мемлекеттік бюджетке жұмылдырылған ақша қаражаттарының меншік иесі ретінде.

Салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің белгіленуі және алынуы мемлекеттің салықтық қызметінің барысында жүзеге асырылады. Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі бағыттарына мыналар жатады:

  • салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеу;
  • салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді алу және олардың төленуін қамтамасыз ету;
  • салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің уақытылы және толығымен төленуіне салықтық бақылауды жүзеге асыру;
  • тек мемлекеттік салықтық қызметін тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік салықтық қызмет органдарының жүйесін құру;
  • салықтық құқық бұзушылық үшін заңи жауапкершілік белгілеу15.

Салықтық қызмет мемлекет аумағында жүзеге асырылатын болғандықтан, оған қатысатын әр дәрежедегі мемлекеттік органдарының өз құзыреттеріне байланысты қызметтерін атқаруды қажет етеді. Осы органдар мынадай тәртіппен орналастырылады:

І. Мемлекеттік өкімет билігі органдары:

1) жоғарғы өкілді және заң шығарушы орган – ҚР Парламенті;

2) жергілікті өкілді органдар – Маслихаттар;

ІІ. Мемлекеттік атқарушы билік (мемлекеттік басқару) органдары:

  • жалпы құзыретті органдар:

а) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

ә) жергілікті әкімдер;

2) арнайы құзыретті органдар:

а)   Қаржы Министрлігі;

ә) Қаржы Министрлігінің арнайы басқармалары мен бөлімдері;

б)   Мемлекеттік кірістер Министрлігі;

в) Мемлекеттік кірістер Министрлігінің салық қызметі органдарының, салық полициясы комитеті және кеден  комитеті.

Салықтар, әрқашанда, мемлекет пен халықтың, жан-жақтымұқтаждарын қанағаттандыру және өндірісті дамыту дамыту мақсатында ұлттық табысты және жалпы ішкі өнімді, сондай-ақ жалпы қоғамдық өнімді қайта бөлуге байланысты экономикалық қатынастарды көрсетеді. Сондықтан, олар мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен арасындағы экономикалық (қаржылық) қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория болып табылады.

Салықтардың экономикалық-құқықтық маңызы олардың құрамындағы қаржылық-экономикалық және құқықтық қатынастар арқылы көрініс табады. Қаржылық-экономикалық қатынастар салық төлеушілердің тиісті бюджетке белгіленген ақша қаражаттар сомасын берулері кезінде, ал құқықтық қатынастар салық заңдарымен  белгіленген салықтық қатынастарға қатысушы  мемлекеттік салық қызметі органдары мен салық төлеушілердің арасында туындайды.

Салықтар мына келесідей өздеріне тән белгілерімен сипатталады:

  • салық мемлекет тарапынан жасалған белгілену;
  • салық біржақты түрдегі белгілену;
  • салық материалдық төлем;
  • салық құқыққа сай төлем;
  • салық мәжбүрлі түрде алынады;
  • салық міндетті төлем;
  • салық ақшаларды қайтарымсыз алу;
  • салық баламасыз төлем;
  • салық тұрақты міндеттеме туындатады;
  • салық тек құқықтық нысанда болады;
  • салық заңмен белгіленеді;
  • салық тек белгілі бір салық төлеушіден – нақты тұлғадан алынады;
  • салықтың алынуы мемлекеттік мәжбірлеу шараларымен қамтамасыз етіледі;
  • салық мөлшері нақтылы төлем;
  • салық белгіленген мерзімде төленетін төлем;
  • салық меншік нысанының ауысуын білдіретін төлем16.

Салықтардың функционалдық сипаттамасын нақтыландыру, яғни функцияларына талдау жасау арқылы салықтардың тікелей мәнін және экономикалық табиғатын, сондай-ақ атқаратын қызметтерінің функциялары белгілі кезеңде өздері атқаратын рөліне байланысты, мемлекет алдында тұрған негізгі мәселелерді шешуге себін тигізуге қажетті экономикалық тұтқа және реттуші болып табылады.

Салықтардың қалыптасқан түрдегі үш негізгі функциясы бар:

  • фискалдық;
  • қайта бөлу;
  • реттеуші.

Негізінде экономикалық теория және басқа тиісті оқулықтарда осы негізгі үш функция көрсетілгенімен, кейбір белгілі экономист-ғалымдардың еңбектерінде оларға қоса тағы бірнеше функциялар аталады.

Фискалдық функция – салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толығымен және уақытылы түсіп отыруын қамтамасыз етеді. «Фиск» - латын тілінде мемлекеттік қазына деген мағынада айтылған. Сондықтан, фискалдық қызмет – салықтық-бюджеттік қызмет, яғни мемлекеттік қазына – бюджетті салықтар мен басқа да міндетті төлемдер арқылы қамтамасыз ету болып табылады.

Қайта бөлу функциясы әртүрлі шаруашылық субьектілерінің табыстарының белгілі бөлігін мемлекет пайдасын қайта бөлу қызметі. Бұл қызметтің барысында жалпы ұлттық өнім көлеміндегі салықтардың үлесі анықталады, яғни ұлттық табысты бөлу және қайта құру арқылы оның қандай да бөлігін мемлекет меншігіндегі қорға қосылғанын көрсетеді.

Реттуші функция – салық түрлерін азайту және негізделген салық жеңілдіктерін енгізу арқылы, заңды және жеке тұлғалардың рынокқа бағытталған экономикалық белсенділіктерін (қызметтерін), сондай-ақ мүдделерін қамтамасыз ету.

Жер қойнауын пайдалануға  ақы  төлеуді  енгізу біздің мемлекетімізде өткізіліп жатқан нарықтық реформалардың негізінде жер қойнауы құқықтық қатынастардын қата құрудың тікелей салдарлары болып табылады. Жер қойнауы ресурстарын пайдалануға ақы төлеуді  қалыптастру жерге  тек қана  мемлекеттік  меншіктің болуын өзгерткеннен кейін, жер қойнауы учаскелері мен жер қойнауы пайдалану құқықтарын сату-сатып алу және басқа да азаматтық  құқықтық  мәмілелердің объектісіне айналдырғаннан кейін мүмкін бола бастады.

Жер қойнауын пайдалануға ақы  төлеуді  қалыптастырудың келесідей  негізгі мақсаттары бар:

  • жер қойнауын рационалды пайдалануды экономикалық тәсілдермен қамтамасыз ету;
  • жер қойнауын тиімді пайдалану мен оны қорғауға жер қойнауын пайдаланушылардың мүдделілігін арттыру;
  • жер қойнауын пайдалануды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін бюджет кірістерін қалыптастыру;

Жер  қойнауын пайдаланудың ақылығы – бұл табиғаттағы заттардың айналымының динамикалық тепе – тендігі ұстап тұру үшін қоғамның алдында тұрған шығындарға кететін қуралдарды концентрациялау нысаны.17  Табиғи ресурсатрды пайдалануға ақы төлеуді енгізу экономикалық өндіріс үшін қалыпты табиғи алғышарттарды қалпына келтірудің қажетті материалдық кепілдіктерін жасап қана қоймай, сондай-ақ табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға ұмтылдырады. “ Жер қойнауын рациональды пайдалану мәселесін шешу және тау-кен кәсіпорындарының материалдық шығындарын азайтуға ұмтылдыру үшін, - деп жазды В.Ф. Тихонов, - жер қойнауын экономикалық бағалауды және ол үшін ақы төлеуді енгізу қажет.18  Оның пікірінше, табиғи ресурстарға ақы төлеуді енгізу кәсіпорындар, ұйымдар, жеке тұлғалардың табиғи ресурстарға ұқыпты қарауын қамтамасыз етеді.

Жер қойнауын пайдалану принциптері:

  • Жер қонауын ұтымды, кешенді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету;
  • Жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
  • Республикалық және аймақтық мүдделердің үйлесуін қамтамасыз ету;
  • Минералдық шикізат базасын толықтыруды қамтамасыз ету;
  • Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жариялы турде жүргізу;
  • Жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы;
  • Жер қойнауын пайдалану жөнінде операцияларды жүргізуге инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар туғызу.

Жер  қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу үшін осы операцияларды жургізуге мемлекеттік экологиялық сараптама берген оңды қорытынды және соның негізінде айналадағы табиғи ортаны қорғау мәселелерімен шұғылданатын атқарушы органдардың табиғатты пайдалануға берілген міндетті шарт ретінде тиісті экологиялық негіз болып табылады.

Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік экологиялық сараптамаға жоспарланған іс – қимылдардың  айналадағы табиғи ортаға тигізетін әсеріне баға берген барлық жобалау алдындағы және жобалық қужаттарды және Барлау мен Өндіру, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтату немесе Кек орының игеруді тоқтатып қою  кезеңдеріндегі шараларды қоса. “Айналадағы табиғи ортаны қорғау” бөлімін тапсыруды қамтамасыз етуге міндетті.

Жер қойнауын пайдалану құқығы  институт ретінде ғылыми абстракция болып табылады.  Ғылыми абстракцияның құндылығы мынада: ол қандай  да  болмасын  құбылыстарға тән және олардың спецификасын көрсететін жалпы принциптерді анықтауға мүмкіндік береді.

Принцип – бұл қоғамдық қатынастардың субъектісі сүйенетін бастау.   Жер қойнауын тауар болып табылмаса да, олар қоғамдық өндіріске, материалдық құндылықтарды жасауға белсенді қатысады.  Тауар  өндірісіне  жер қойнауының  қатысуы пайдалану  құқығымен  байланысты.

Жер  қойнауын пайдаланудың ақылы болуы  жетекші принцип болып табылады. Экономикалық  жйне заң әдебиеттерінде жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы  туралы  сұрақ  даулы  болды.  Бірақ  нарықтық қатынастарға өту  тараптарына сәйкес,  жер қойнауын  пайдалануға ақы  төлеуді  енгізу  жер  қойнауын  рациональды  және кешенді пайдаланудың әрекет етуші экологиялық стимулы табылады.

3 Бөлiм. Жер қойнауын пайдалануға төленетiн салықтың түрлері

Техногендік минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуда қоса, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (яғни жер қойнауын пайдаланушылар) жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайдаға салынатын салығы мен арнаулы төлемдерді төлеушілер болып табылады.

Пайдалы қазбалар өндіруді жер қойнауын пайдалануға келісім шарт жасалғанға дейін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланғаны үшін республикалық бюджеттің кірісіне Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мөлшерде роялти түрінде аударымдар жасайды.

Жер қойнауын пайдаланушы үшін белгіленетін салық режимі тек қана Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға жасалатын келісім – шартта айқындалады.

Жер қойнауын пайдаланушылардың салық және бюджетке төленетін басқа да мәндетті төлемдерді төлеуін реттейтін мәселелерді жер қойнауын пайдаланушының қызметімен байланысты басқа актілерге енгізуге тыйым салынады.

Келісім – шартта белгіленетін салық режимі жеке және заңды тұлғалардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуін реттейтін, келісім-шартқа қол қойылған (келісім – шарт жасалған) күні қолданыстағы салық заңдарының ережелеріне сәйкес келуі тиіс.

Салық заңдары салық сараптамасы өткізілген күннен бастап келісім-шартқа қол қойылған күн аралығындағы кезеңде өзгертілген жағдайда, салық сараптамасы қайтадан өткізіліп, салық режимі осы өзгерістерге сәйкес келтірілуі тиіс.

Бір келісім –шарт бойынша жер қойнауын пайдалануды бірнеше салық төлеуші жүзеге асыратын жағдайларда келісім – шартта белгіленген салық режимі барлығы үшін бірыңғай болып табылады.

Бұл ретте:

  • Осындай келісім – шарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушілер салықтың салыну мақсаттарында бірыңғай шоғырландырылған есеп жүргізуге және келісім – шартта белгіленген барлық салық пен төлемдерді төлеуге міндетті;

2)Бір келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын резидент емес жер қойнауын пайдаланушыларға келісім – шартта белгіленген салықтар бойынша салық салынуға тиіс.

Жер қойнауын пайдаланушы келісім – шартта көзделген салық режиміне сәйкес салық міндеттемелерін есептеу және осы келісім – шарт шеңберінен тыс қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу үшіг бөлек есеп жүргізуге міндетті.

Осы ереже кең таралған пайдалы қазбалар өндіру және жер асты суларын алу жөніндегі келісім – шарттарға қолданылмайды.

Жер қойнауын пайдаланушы келісім – шартта көрсетілмеген ілеспе пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсатта өндірген жағдайда олар бойынша төлемдерді салық кодексінің 28-бабында белгіленген тәртіппен жасайды.

Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу келісім – шарттардың негізгі түрлеріне қарай екі үлгіге бөлінеді.

  • Жер қойнауын пайдаланушының салық кодексінде көзделген салық пен басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді;
  • Жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін беруін сондай-ақ Салық Кодексінде көзделген салық пен басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді, оларға:
  • ішкі мұнай мен басқа да пайдалы қазбаларғат салынатын акциз;
  • үстеме пайдаға салынатын салық;
  • жер салығы;
  • мүлік салығы қосылдайды.

Салық режимінің бірінші үлгісі салық режимінің екінші үлгісі белгіленетін өнімді бөлу туралы келісім – шарттарды қоспағанда барлық келісім – шарттарда белгіленеді.

Өнімді бөлу туралы келісім – шарттар бойынша өнімнің бөлінуіне қарай Қазақстан Республикасының үлесі республикалық және жергілікті бюджеттердің көзі болып табылады және тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін мөлшерде тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.

Салық режимінің екінші үлгісі бойынща келісім – шарттарда көзделетін жер қойнауын пайдаланушының салық міндеттемелерінің деңгейі бірінші үлгі деңгейінен кем болмауы тиіс.

Келісім – шарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін орындау жер қойнауын пайдаланушыны осындай міндеттемелердің пайда болған күні қолданылып жүрген салық заңдарына сәйкес, келісім – шарт тыс қызметті жүзеге асырғаны үшін салық кодексінде көзделген салық міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім – шарттарда белгіленген салық салу шарттары тараптардың келісім бойынша салық заңдарының өзгеруіне байланысты түзілуі мүмкін.

Салық заңдарындағы   өзгерістер нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушыға салық шарттары жақсарған жағдайда, жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім – шарттарда Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында салық салу шарттарын түзету жасалады.

Келісім – шартта көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да мәндетті төлемдердің жекелеген түрлерінің жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы айқындалған тәртіппен келісім – шартқа тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін келісім – шартта белгіленген тәртіппен және мөлшерде оларды бюджетке жалғастыра береді.

Салық сараптамасы - құзыретті орган жасаған келісім – шарт жобасына, оған толықтырулар мен өзгерістер талдау жасау мен баға берудің қамтитын, салық режимін анықтау, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығын белгілеу мақсатында өткізілетін міндетті сараптама.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі барлық келісім – шарттарға қол қойылғанға дейін олар Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейтін тәртіппен және мерзімдерде міндетті салық сараптамасынан өткізуге тіис. Осы ереже бұрын жасалған келісім – шарттарға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға да қолданылады.

Салық сараптамасының нәтижелері бойынша белгіленген салық режимі келісім – шарттың түпкілікті мәтініне міндетті түрде ешбір өзгеріссіз және түзетусіз енгізілуге тиіс.

Бонустар жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері болып табылады және жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім – шартта белгіленген мөлшерлерде және тәртіппен ақшалай нысанда төленеді.

Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануды жүргізудің жеке жағдайларын негізге ала отырып, бонустардың мынадай түрлерін:

  • қол қойылатын;
  • коммерциялық табу бонусын төлейді.

Жасалатын келісім – шарттың техникалық - экономикалық есептеулеріне сәйкес бонустардың бір немесе екі түрі де белгіленуі мүмкін.

Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының келісім – шарт жасалтын аумақта жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығы үшін біржолғы тіркелген төлем болып табылады және келісім – шарт жасалған кезде белгіленеді.

Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус бойынша деклорацияны тіркелген жері бойынша органына төлеу мерзімі басталған айдан кейінгі айдың 15-іне дейін табыс етеді.

Коммерциялық табу – келісім-шарт аумағы шегінде ашылған, өндіру үшін экономикалық жағынан тиімді пайдалы қазбалардың белгілі-бір түрінің запастары.

Жер қойнауын пайдаланушы роялтиді Қазақстан Республикасы аумағында өндірілетін пайдалы қазбалардың әр түрі бойынша, оның сатып алушыларға өткізілгеніне (тиеп жөнелтілгеніне) немесе аз қажетке пайдаланылғанына қарамастан жеке төлейді.

Бұл ретте:

  1. пайдалы қазбалардың өзі:

мұнай, табиғи газ және газ конденсаты;

көмір және жанғыш тақтатастар;

тауарлы рудалар;

жерасты сулары, оның ішінде бастапқы өңдеуден өткен сулар;

слюда, асбест, құрылыс материалдарын өндіруге арналған шикізат;

металлургияға арналған руда емес шикізат;

  1. бағалы металдар, құмдағы, рудадағы, концентраттағы химиялық таза металдар;
  2. қара, түсті, сирек кездесетін және радиоактивті металдардың, кен-химия шикізатының концентраттары;
  3. асыл тастар, бастапқы өңдеуден өткен жарқыраудың тасты және пьезооптикалық шикізат;
  4. басқа пайдалы қазбалар бойынша – бастапқы өңдеуден өткен минералдық шикізат алғашқы тауарлы өнім салық салу объектісі болуы мүмкін.

Өнімді бөлу туралы контракт, оған сәйкес, Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушыға ақылы негізде контракт аумағындағы  пайдалы қазбаларды өндіру және осымен байланысты жұмыстарды жүргізуге құқық береді, және ол келесі талаптарды мазмұндауы тиіс:

1)бөлініске жататын өнімнің жалпы мөлшері;

2)Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушының пайдалы өнімінің үлесін анықтау;

3)пайдалы  өнімді бөлу нысаны;

4)алынған өнімнің  контраакты бойынша жұмыстарды орындау шығындарының  орнын толтыру үшін жер қойнауын пайдаланушының  меншігіне берілетін бөлігі;

5)ақшалай эквивалентте өнімнің үлесін алу кезінде өнімнің құнын  анықтау және бағасын бекіту.

Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлестер төлемі жөніндегі салық кезеңі күнтізбелік күн болып табылады.

Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлес есебі жер қойнауын пайдаланушымен салық органына тіркелу орны бойынша салық кезеңінен кейінгі айдың 10-нан кешіктірілмей беріледі.

Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі салық кезеңінен кейінгі айдың  15-нен кешіктірілмей төленеді.

Өтелетін шығындар дегеніміз-жұмыс бағдарламаларын орындау кезінде жер қойнауын пайдаланушының шеккен шығындары. Өтелетін шығындарға мыналар жатады:

- контракты күшіне енгенге дейін жер қойнауын пайдаланушы шеккен шығындар;

- жер қойнауын пайдаланушының контракты күшіне енген күннен бастап және оның әрекеттерінің бүкіл кезеңінде шеккен шығындары.

Жәрдемақылық өнімнің есебінен өтелмейтін шығындар:

- жер қойнауын пайдалану құқығына конкурсқа  қатысуға жарна төлеу жөніндегі шығындар;

-геологиялық информация алуға кеткен шығындар;

-акционерлердің талабы бойынша өткізілген ревизиямен байланысты шығындар;

-контракты  бойынша    шектеулер енгiзiлген баптардың   бөлiктерiнен  асып кеткенi  үшiн  шеккен  шығындар;

-жер  қойнауын  пайдаланушыға  тиесiлi  жәрдемақылық  өнiмдi  және  пайдалы  өнiмдi  iс  жүзiне  асырумен  байланысты  шығындар ;

-жер  қойнауын  пайдаланушының  контрактымен  бекiтiлген  өз  мiндеттемелерiн  орындамағаны  немесе  тиiсiнше  орындамағаны  үшiн  пайда  болған  шығындар;

-экскурсиялар  мен  саяхаттарға  жолдама  құнын  төлеумен  байланысты  шығындар;

-несие  пайыздарын  және  заемдық  құралдарды  пайдалану  төлемақылары;

-сотта  iс  қараумен  байланысты  кеткен  шығындар;

-жер  қойнауын  пайдаланушыдан  кез  келген  мемлекеттiк  орган  өндiрiп  алған  айыппұлдар  мен  өсiмдер;

-контракты  бойынша  жүзеге асырылатын  қызметке  байланысты емес  шығындар.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, жер қойнауын пайдаланғаны үшін ақы төлеу салықтық нысанда көрініс табады.

Берілген нысанды таңдап алу  жер  қойнауын пайдалану құқығын беру (ұсыну) жөніндегі қатынастардың құқықтық табиғатына да, экономикалық мәніне де сәйкес келмейді. Салық салық төлеушіден мемлекетке берілетін ақшалай нысандағы құнның біржақты қозғалысын орталықтандырады. Басқа сөзбен айтқанда, салықтық қатынастар баламасыз сипатты иеленеді. Құқықтық көзқарас тұрғысынан , мемлекеттің біржақты және мәжбүрлі бұйрығы болып табылады. Салықтық қатынастар – бұл әрқашан <билік және бағыну қатынастары>.

Бұдан айырмашылығы , жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі қатынастар –бұлар айырбасты құнмен орталықтандыратын қатынастар , жер қойнауын пайдалану құқығы, айырбастың тауарлық элементі болып табыла отырып, мәміленің ақшалай элементі болып табылатын ақы үшін беріледі. Мұның үстіне, жер қойнауын пайдалану құқығын беру заңи теңдік қатынасы болып табылатын азаматтық құқықтық қатынас шегінде жүзеге асырылады.

Техногендік минералды құрылымдрдан пайдалы қазбалар алуды қоса, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын  жеке және заңды тұлғалар жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайдаға салынатын салығ мен арнаулы төлемдерді төлеушілер болып табылады.

Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңіндегі әрбір жеке контракт бойынша 20%-тен асатын таза табыс сомасы үстеме пайдаға салынатын салық салу объектісі болып табылады.

Үстеме пайдаға  салынатын  салық салықтық кезеңнің аяғына таман пайданың ішкі нормасының қол жеткізілген деңгейіне байланысты бекітілген ставкалар бойынша есептеледі.

Пайдалы қазбалар өндіруді жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт жасалғанға дейін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланғаны үшін республикалық бюджеттің кірісіне ҚР Үкіметі белгілейтін мөлшерде роялти түрінде аударымдар жасайды.

Жер қойнауы үшін белгіленетін салық режимі тек қана ҚР Үкіметі белгілеген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға жасалатын келісім-шартта айқындалады.

Жер қойнауын пайдаланушылардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуін реттейтін мәселелерді жер қойнауын пайдаланушының қызметімен байланысты басқа актілерге енгізуге тыйым салынада

Келісім-шартта белгіленетін салық режимі жеке және заңды тұлғалардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуін реттейтін, келісім-шартқа қол қойылған (келісім-шарт жасалған)күні қолданыстағы салық заңдарының ережелеріне сәйкес келуі тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

І. Нормативтік құқықтық актілер:

  1. ҚР Конституциясы. 30.08.1995 ж.
  2. "Қазақстан республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 07.10.1998 жылғы Қазақстан Республикасының Заңы.
  3. Қазақстан Республикасының “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” Заңы 27.01.1996 ж.
  4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 28.06.1995 жылғы № 2350 "Мұнай туралы" Заң күшi бар жарлығы.
  5. Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетiн өзге де мiндеттi төлемдерi туралы заңы. Салық кодексi. 12 маусым. 2001 ж.
  6. Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы ” Заңы. 8 қаңтар. 2003 ж.

ІІ. Арнайы әдебиеттер:

  1. Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы, 1974 ж.
  2. Мамбетқазиев Е, Сыбанбеков Қ. Табиғатты қорғау. – Алматы: Қайнар, 1990 ж.
  3. САПП. №30, 1998 ж.
  4. ҚР Конституциясы. Түсініктеме. – Ред. басп. Ғ. Сапарғалиев. – Ауд. С. Бақтыгерейұлы. – Алматы: Жеті Жарғы, 1999 ж.
  5. ҚР Жоғарғы Кеңесінің жаршысы, 1998 ж., №11. 76-құжат.
  6. Мухитдинов Н.Б. Правовые проблемы пользования недрами. – Алматы: Наука, 1973 г.
  7. Башмаков Т.С. Право пользования недрами в СССР. М.: 1974 г.
  8. Сыродоев Н.А. Правовой режим недр. М.: 1969 г.
  9. Заславская Л.А. О понятиях объекта права государственной собственности на недра земли и пользования ими. “Ученые записки ВНИИСЗ”, 1969 г., вып. 16
  10. Мухитдинов Н.Б. Основы горного права. – Алма-Ата: “Казахстан”, 1983 г.
  11. Якушева А.Ф., Хамн В.Е., Славин В.И. Общая геология (под редакцией Хамна В.Е.) – М.: МГУ, 1988 г.
  12. Петров В.В. Экологическое право России. М.: БЕК, 1995 г.
  13. Блинчук М.М. Экологическое право. – М.: Юрист, 1998 г.
  14. Боголюбова С.А. Экология – М.: Знание, 1997 г.
  15. Косанов Ж.Х. Право собственности, право землепользования и иные права на землю. Монография. – Алматы: Данекер, 2002 г.
  16. Правовое регулирование недропользования. Материалы семинара.- алматы, 1997.-275с.
  17. Налоговый режим недропользования: каким он будет завтра?// Журнал Петролиум №1, февраль 2001г.
  18. Сборник по разъяснению основных положений Кодекса Республики Казахстан <О налогах и других обязательных платежах в бюджет>(налоговый кодекс) для недропользователей// Минестерство государственных доходов РК. Астана:-20с.
  19. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгерлермен келiсiм шарттарда Ұлттық компанияның келiсiм шарттары мiндеттi үлестiк қатысу арқылы мемлекеттiк мүдделердi бiлдiру ережесiн бекiту туралы" қаулысы 29.26.2002, №708
  20. Мухитдинов Н.Б. Законодательство о недрах РК. Актуальные вопросы коммерческого законодательства в РК//Материалы семинаров, выпуск 6, Алматы:Әділет Пресс, 1997.
  21. Худяков А.И. Налогооблажение недропользователей. Актульные вопросы коммерческого законодательства в РК.//Материалы семинаров, выпуск 6, Алматы: Әділет Пресс, 1997.
  22. Минерально-сырьевые ресурсы и устойчевое развитие Казахстана. Материалы научно-практической конференции.-Алматы-Кокшетау,1998.
  23. Худяков А.И. Налоговое право РК. Алматы, 1998 .
  24. Найманбаев С.М. Салықтық құқық . Алматы, 2000.

1 Якушева А.Ф., Хамн В.Е., Славин В.И. Общая геология (под ред. Хамна В.Е.) – М., МГУ, 1988 ж

[2] Мамбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ.  Табиғатты қорғау. – Алматы, Қайнар, 1990 ж., 273-274 бб.

3 Бұг заң 27 қаңтар 1996 жылы қабылданған. Алматы - Данекер, 2002ж

15 Худяков А.И. Налоговое право РК. – Алматы 1998 ж.

16 Найманбаев С.М. Салықтық құқық. – Алматы 2000 ж.

17 Шкредов В.П. Социалистическая земельная собственность. – М.: 1967 ж., 143-145 б.

18 Тихонов В.Ф. Плата за железную руду в недрах. В книге “Проблемы рационального использования недр”. – Ленинград, 1971 ж. 156-157 б.

Похожие материалы