Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz - 2017 жылы банкомат желісі ШҚО, ОҚО және Астанада белсенді артып келеді. Қазақстанда алғашқы 3 айда банкомат желісі 1,2 пайызға өскен. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.
2017 жылдың қаңтар-наурызында банкоматтар саны 1,2 пайызға өсіп, 9678 данаға жетті. Ең көп банкомат қолданушылары ШҚО, Астана және Оңтүстік Қазақстанда.
Олардың ішінде 70 құрылғыға Cash-In функциясы енгізілген. Мұндай банкоматтардың саны үш айда 16,7 пайызға дейін артты (1615 дана).
Аймақтық көрсеткіш бойынша Алматы көш бастап тұр. 2017 жылдың алғашқы тоқсанында өсім 0,5 пайызға (10 дана) өсіп, 1853 данаға жетті. Қазақстандағы үлесі - 19,1 пайыз.
Екінші орында Астана тұр. Қаладағы банкоматтар саны - 1046 дана. Үш айдағы өсім 3,3 пайызды құрады (33 дана). ал Қазақстандағы үлесі 10,6 пайыздан 10,8 пайызға артқан.
Банкоматтар саны бойынша үштікті Шығыс Қазақстан обылысы аяқтайды. Аймақтағы ақша шешу құрылғыларының саны - 796. 2017 жылдың қаңтар-ақпанында өсім 5,0 пайызды (38 дана) құраған. Ал ҚР үлесі - 8,2 пайызға дейін артты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024