Нұр-Сұлтанда кибер-конференция өтеді

10
конференциясы
Фото: salamnews.org

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылдың 24 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласындағы The St. Regis қонақүйінде Check Point Software Technologies компаниясының бірінші ауқымды кибер-конференциясы өтеді.

Шара ақпараттық қауіпсіздік, қауіп-қатер ландшафты, қазіргі заманғы технологиялар, дәл қазір болып жатқан және жақын арада күтілетін индустрия трендтері мен өзгерістерге арналады.

Конференция бағдарламасында бірнеше тақырыптар талқыланады:

  • компанияның технологиялары мен шешімдері;
  • халықаралық сараптама және компаниялар бизнесін қорғаудың көпжылдық тәжірибесі;
  • нақты уақыт режимінде тестілеу мүмкіндігімен шешімдерді көрсету;
  • шабуылдардың нақты кейстерін талдау және қорғау.

Айта кетейік, шараның басты мақсаты — қатысушыларға коммерциялық компаниялар мен мемлекеттік сектор үшін өзекті қауіп-қатерлерге қарсы тұру мүмкіндіктері туралы ақпарат беру.

Іс-шараны Check Point Software Technologies Ltd компаниясы өткізеді, ол — әлемдегі ең ірі вендор. Компания тек қана желілік киберқауіпсіздікке маманданған. Конференцияға MONT, RRC, MUK Computers компаниялары да қолдау көрсетеді.

Ұйымдастырушылар конференцияға қатысу әртүрлі салалардағы компаниялардың ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі директорларына, IT-директорларға, ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің басшыларына және олардың орынбасарларына қызықты болады деп сендірді.