Нұр-Сұлтандағы жер үсті жеңіл рельсті көлік желісі 2020 жылы аяқталады

114
Фото: liveinternet.ru

Алматы. 27 маусым. 7kun.kz — Нұр-Сұлтандағы жер үсті жеңіл рельсті көлік желісін 2020 жылдың қыркүйегіне қарай Қытайдың мемлекеттік даму банкінің қарызын қайта қаржыландыру есебінен аяқтауға уәде берді. Бұл туралы қаржы министрі Әлихан Смайылов хабарлады.

«Қазіргі уақытта LRT Астана облигацияларын ішкі нарықта 1,5 млрд доллар сомасына шығару бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде, оның 344 млн доллар алынған қарызды өтеуге бағытталады, ал қалған 1,2 млрд доллар құрылысқа бағытталады. Әкімдік мәлімдегендей, бұл жоба бойынша құрылыс 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталады деп күтілуде. Олар аяқтауға уәде береді», — деді Смайылов халықпен есеп беру кездесуінде.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтандағы Астана LRT жеңіл көлік қалалық артериясын салу үшін өз уақытында Қытайдың мемлекеттік даму банкінен мемлекеттік кепілдікпен 1,5 млрд доллар қарыз желісі тартылды,оның 344 млн доллары құрылысқа пайдаланылды.

«Қазіргі уақытта мердігерлермен байланысты проблемаларға орай қытай компаниялары қаржыландыру схемасын қайта қарау туралы шешім қабылдады, себебі Қытай Банкі осы желі бойынша қаржыландыруды тоқтатты. Біз Үкіметте елорда әкімдігінің осы Қытай банкінің қарызын қайта қаржыландыру жөніндегі ұсынысын қарастырдық», – деп түсіндірді Қаржы министрлігінің басшысы.

Айта кетейік, Astana LRT жеңіл рельсті жер үсті көлігі желісінің құрылысын тоқтату туралы осы жылдың сәуір айында елорданың бұрынғы әкімі Бақыт Сұлтанов хабарлады. Бұған дейін 2020 жылдың маусым айының соңына қарай Astana LRT құрылысын аяқтау, ал 2020 жылдың тамыз айында оны тұрақты іске қосу жоспарланған болатын. Жер үсті көлігінің жобасы Астана халықаралық әуежайы ауданында орналасқан 18 станцияны, 19 жылжымалы құрам мен деполарды қамтуы тиіс.