Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының әкімі болды

Оңдасын Оразалин
Фото: azh.kz

Алматы. 26 ақпан. 7kun.kz – Ақтөбе облысының әкімі болып Оңдасын Оразалин тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болған.

Өңірдің жаңа басшысын облыстық мәслихат депутаттарына ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин таныстырды.

Еске сала кетейік, облыстың экс-әкімі Бердібек Сапарбаев 2019 жылы 25 ақпанда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.