ОПЕК отырысы қайтадан кейінге қалдырылуы мүмкін

ОПЕК
Фото: hagaag.com

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz – ОПЕК елдерінің және оның одақтастарымен кездесу 2-4 шілдеге ауыстырылуы мүмкін. Бұл туралы Ресейдің энергетика министрі Александр Новак мәлім етті, — деп хабарлайды ТАСС.

«Біз барлық елдермен 4 шілдеге ауыстыруды талқылап жатырмыз. Негізінен, бұл күн бізге де ыңғайлы», — деді ол.

Новак картельдің 2, 3 және 4 шілде күндерін қарастырғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, ұйымның кездесуі 25-26 маусымда Венада өтуі тиіс. Бұл туралы 19 мамырда Джиддада өткен ОПЕК+ министрлік мониторинг комитетінің отырысы кезінде белгілі болды.

Комитет құрамына сегіз ел кіреді, оның ішінде БАӘ, Кувейт, Венесуэла, Алжир, Ирак және Қазақстан. Комитетке Ресей мен Сауд Арабиясымен тең төрағалық етеді.