Павлодар облысына жаңа әкім тағайындалды

Фридом
Фото: ru.sputnik.kg

Алматы. 21 қаңтар. 7kun.kz — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды.

Әбілқайыр Сқақов  бұған дейін Қазақстанның Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

20 қаңтар ҚР премьер-министрі Асқар Мамин оның кандидатурасын мәслихат депутаттарына ұсынды. Олар бірауыздан Сқақовты қолдады.

Сондай-ақ, Мамин Павлодар облысының жаңа әкімін өңір активімен таныстырды.

Айта кетейік, өңірдің экс-әкімі Болат Бақауов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін екі айға қамауға алынды.