Проблемалық несиелер қоры Цеснабанк активтерін 604 млрд теңгеге сатып алады

несиелер
Фото: 2018god.com

Алматы. 28 қаңтар. 7kun.kz – 28 қаңтарда Қазақстанның проблемалық несиелер қоры Қазақстан қор биржасында (KASE) 604 млрд теңгеге облигацияларды орналастыруды жоспарлап отыр.

«Облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі купондардың бүкіл айналым кезеңінде белгіленетін болады», — делінген KASE-де жарияланған құжатта.

Айналым мерзімі 604 млн облигация 15 жылды құрайды. Бұл ретте үшінші жылдан бастап номиналдың жылдық 9% төленеді.

Облигацияларды орналастыру нәтижесінде алынған барлық қаражат Цеснабанк активтерін сатып алуға жұмсалады.