Президент Сенатқа Д.Ақышевты Ұлттық банк төрағасы қызметіне тағайындауға келісім беру туралы өтініш білдірді

816

Президент Сенатқа Данияр Ақышевті Ұлттық банк төрағасына тағайындауға келісім беру туралы өтініш білдірді.  Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қ.Келімбетовты Ұлттық банк төрағасы қызметінен босату туралы шешім қабылдағанын және жаңа басшы ретінде ұсынып отырған Данияр Ақышевтың тәжірибесі мен біліктілігін атап өтті.

-Ол Қазақ мемлекеттік басқару академиясын үздік бітірген. 18 жылдан астам Ұлттық банкте жұмыс істеді. Оның ішіде 7 жыл төраға орынбасары болды. Қазіргі уақытта Президент Әкімшілігінде жұмыс істейді. Елдегі экономикалық мәселелер мен жалпы жағдайды жақсы меңгерген, — деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол Ұлттық банктың мемлекеттік қаржыны басқарудағы басты элемент болып табылатындығын да айтты.

-Қазір банк және теңгеге деген сенім азайды. Бұған жол беруге болмайды. Елде теңге өтімділігінің тапшылығы сезілуде, экономиканы несиелендіру көлемі азайып жатыр. Мұның барлығы нашар көрсеткіштер, олармен жұмыс істеу керек. Д.Ақышевтың білімі мен тәжірибесі бұл тапсырманы орындауға көмектесетіндігін білемін. Парламент Сенатынан елдің қаржылай жүйесінің игілігі үшін осы шешімімді қолдауын өтінемін, — деді ол.

Ескерту.Тақырып пен алғашқы абзацтағы сөйлем «Президент Сенатқа Д.Ақышевты Ұлттық банк төрағасы қызметіне тағайындауға келісім беру туралы өтініш білдірді» деп түзетілген. Қате нұсқасының сілтемесі салынып кеткен. Кешірім өтінеміз.