Алматы. 28 мамыр. 7kun.kz – Ресей президенті Владимир Путин бүгін Қазақстанға келеді. Ертең Нұр-Сұлтанда өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты, деп хабарлайды ресейлік БАҚ.
Айта кетсек, Еуразия экономикалық кеңесінің кезекті отырысы ЕАЭО жөніндегі келісімге қол қойылудың 5 жылдығына орайластырылған. Жиында Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының өзекті мәселелері мен одан әрі дамуының перспективалары, соның ішінде цифрлық күн тәртібі қарастырылмақ.
Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақтың 2019-2020 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағыттары талқыланады.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





