Qazaq Banki-нің филиалдары мен құрылымдық бөлімшелері жабылады

23
Фото: kursiv.kz

Алматы. 14 тамыз. 7kun.kz – Qazaq Banki өз филиалдары мен құрылымдық бөлімшелерін жабатынын  жариялады.

KASE мәліметінше, қаржы институтының директорлар кеңесі Алматы және Астана қалаларында филиалдардың жұмысын тоқтатуға шешім қабылдаған. Сондай-ақ бұл тізімге Жамбыл, Алматы, Ақтөбе және Атырау облыстарындағы банк филиалдары да кіреді.

Ал, банктің Қарағанды ​​облыстық филиалы мен Шымкенттегі кеңсесі операцияларды тоқтатады. Еліміз бойынша жалпы саны сегіз бөлімше 1 қыркүйекте жабылады.

Еске сала кетсек, 31 шілдеде Ұлттық банк «Qazaq Banki» акционерлік қоғамының жеке тұлғалардан депозит қабылдау және жеке тұлғаларға банктік шот ашу туралы лицензиясын 28 қыркүйекке дейін тоқтатқан болатын.