Қазақстан банктерінің несие портфелі 13,65 трлн теңгені құрады

несие
Фото: 24.kz

Алматы. 20 тамыз. 7kun.kz – 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша қазақстандық банктерде 90 күннен астам мерзімі өткен несиелер көлемі 8,5%-ға артып, 1,28 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Ranking.kz хабарлайды.

Несиелік портфельдегі NPL 90+ деңгейі бір жыл бұрынғы 8,8%-бен салыстырғанда өте қауіпті 9,4%-ды құрады (ҚР ҰБ рұқсат етілген шегі — 10%).

Сондай-ақ, алғашқы алты айдың қорытындысы бойынша Қазақстан банктерінің несие портфелі 13,65 трлн теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,2%-ға көп.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың шілдесінде 90 күннен астам мерзімі өткен төлемдері бар қазақстандық банктердегі уытты несиелер жыл ішінде бірден 5,7% -ға өсті деп хабарланған болатын.