Қазақстан заңнамасын бұзған ресейлік дәрігер елден шығарылды

Алматы. 3 қазан. 7kun.kz – Алматы қаласы көші-қон қызметі басқармасының мәліметі бойынша 23 қыркүйек күні ресейлік азамат Р. Алферов шекара қызметінің қызметкерлеріне «Қордай авто» бақылау-өткізу пунктінде тапсырылған, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Наурызбай аудандық сотының 2021 жылғы 27 шілдедегі шешімімен Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция бөлімінің арызы бойынша Қазақстанның заңнамасын бұзғаны үшін Ресей азаматы Роман Алферов Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарылды. Сот шешімін өз еркімен орындауға 10 күн мерзім берілген, алайда осы уақыт ішінде шетелдік азамат әртүрлі жолдармен сот шешімін орындаудан жалтарған, яғни бірнеше рет кассациялық шағым берген, стационарда емделуде болған. Сонымен қатар ол Қазақстанда болған кезінде бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке және бір рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған», – деді Алматы қалалық көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

kozachkow телеграм арнасының хабарлауынша, пластикалық хирургтің қолынан екі пациент мерт болған.