Қазақстан «Жібек жолы» кемесін жалға алған ресейлік компаниямен келісімшартты бұзуы мүмкін

Қазақстан. 5 шілде. 7kun.kz – Қазақстан «Жібек жолы» кемесін жалға алған ресейлік компаниямен келісімшартты бұзуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Егер кеме Қазақстанда және халықаралық құқықта қабылданған құқықтық нормаларға сәйкес келмейтін тасымалдаумен айналысатын болса, әрине, бұл келісім бұзылып, кеме кері қайтарылады», – деді Өскенбаев.

Айта кетейік, 3 шілдеде Түркияда Украина астығын тасымалдаған «Жібек жолы» кемесі ұсталғаны хабарланған болатын. Украина Бердянскіден украин астығын тасымалдап жатқан Ресей туын көтеріп жүрген кемені ұстауды сұрап, Түркияға жүгінген еді. Кейін кеменің қазақстандық екендігі белгілі болды.