Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі ұзартылуы мүмкін

Алматы. 29 шілде. 7kun.kz – Бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі бір жарым жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Бұл туралы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының бас директоры Нұрсұлу Кемел айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Қазіргі уақытта әлеуметтік кодекс аясында бала күтімі бойынша төлемдердің мерзімін бір жарым жылға дейін ұлғайту қарастырылуда. Ол талқылау мен талдау кезеңінен өтіп жатыр», – деді Нұрсұлу Кемел.

Сондай-ақ жұмысынан айырылғаны үшін төленетін төлемді табыстың 40%- нан 45%-ға дейін арттыру мәселесі қарастырылуда.

«Бүгінде жұмысынан айырылу бойынша төлем 40% ауыстыру коэффициентін, яғни соңғы екі жылдағы орташа табыстың 40%-ын қолдана отырып тағайындалады. Халықаралық ұсынымдар бойынша кемінде 45%. Бұл ұсыныс әлеуметтік кодексті әзірлеу деңгейінде қарастырылуда», – деді ол.