Қазақстанда бөлшек сауда көлемі артып келеді

сауда
Фото: new-retail.ru

Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz – Еліміздегі бөлшек сауда көлемі 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда 10069,7 млрд теңгені құрады немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 6,5%-ға көп.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (29,5%), Астана қаласына (11,6%), Шығыс Қазақстан (9,1%) және Қарағанды облыстарына (8,9%) келеді.