Қазақстанда кедейлік деңгейі анықталды

кедейлік
Фото: susanin.news

Алматы. 20 желтоқсан. 7kun.kz – 2018 жылдың III тоқсанында Қазақстанда кедейлік деңгейі 4,6% құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңінен 2,7% төмен, — деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

Бұл көрсеткіште Түркістан (12,6%) және Маңғыстау (5,6%) облысы айтарлықтай мәнге ие.

Ақмола облысында кедейлік деңгейі  5,4% болып отыр.

Ең төмен көрсеткіш — Астана (1,0%) қаласында тіркелді.