Қазақстанда нан бағасы 11,3%-ға өсті

нан
Фото: bfm74.ru

Алматы. 7 қараша. 7kun.kz — Қазақстанда жыл басынан бері ақ нанның бағасы 11,3%-ға өсті. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінде хабарлады.

Ведомство бағаның айтарлықтай өсуі Орал мен Атырауда байқалғанын атап өтті. Бұл қалаларда құны ширек есеге артты. Сонымен қатар, ҰЭМ мәліметтері бойынша, Алматы, Семей және Петропавл қалаларында нан қымбаттаған жоқ. Ал Нұр-Сұлтанда айырмашылық тек 0,7%-ды құрады. Басқа қалаларда бағалар кем дегенде 9%-ға өзгерді.

«Министрлік бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға жол бермеу мақсатында ұн мен әлеуметтік нан өндірушілерге олардың әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау белгілерінің бар екендігі туралы 46 хабарлама жолдады. Хабарламаларды орындамаған жағдайда монополияға қарсы орган бұзушылық фактілерін анықтау тұрғысынан тергеу бастайды. Бұдан басқа, нан бағасын көтеру туралы жария мәлімдемеге байланысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға алып келетін іс-әрекеттер жасауға жол бермеу туралы жеті ескерту енгізілді», — деп түсіндірді ведомствода.

ҰЭМ-де, сондай-ақ, көмір бағасының өсуі туралы түсініктеме берді. Ведомствоның мәлімдеуінше, негізгі көмір өндіруші компаниялардың құны бұрынғыдай қалды. Бұл ретте, статистика комитетінің деректері бойынша, отынның осы түрін өндірушілердің бағасы жыл басынан бері 4%-ға -қ аңтар айында тоннасына 5,1 мың теңгеден қыркүйек айында тоннасына 4,9 мың теңгеге дейін төмендеді (ҚҚС, сауда және өткізу үстеме бағасы, көлік және басқа да шығыстарды есептемегенде).

«Көмірді сақтау қоймаларынан тікелей халыққа сататын өңірлердегі көтерме-бөлшек сауда жеткізушілерінің бағасы тауарды тасымалдауға жұмсалатын шығындардың артуына байланысты біршама өсті. Сонымен қатар, көмірді сату көлемі коммуналдық-тұрмыстық көмірге деген жалпы сұраныстың кемінде 10%-ын құрайды», — деп нақтылады ведомствода.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың әл-ауқатына алаңдаушылық білдіріп, әлеуметтік нан мен көмір бағасының өсуіне жол бермеуді тапсырды. Сонымен қатар, қазақстандық шенеуніктер де астық мәселесін көтерді.