Қазақстанда нан өндірісін субсидиялау тоқтатылды

Қазақстан Үкіметі 2016 жылдың 1 қаңтарында республикадағы нан өндірісін субсидиялау бағдарламасынан бас тартты. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Аталған шешім 2015 жылдың қараша айында экономиканы модернизациялау туралы мәселеге қатысты мемлекеттік комиссиямен бірге қабылданды.

Басты мәселе салмағы 600 грамм, жеткізу құны 55 теңге, ал дүкендегі бағасы 60 теңге болатын әлеуметтік нанға қатысты болып отыр.

Бұған дейін үкімет бөлкенің өзіндік бағасымен қоса субсидиялауды 2009 жылдан бастап қолға алған. 2014 жылы субсидия көлемі төмендей бастады. Алғашқы кезеңде субсидия құны бидайдың тоннасына 14 мың теңгені құраса, 2015 жылдың қазан айында 5 мың теңге болды. Алайда нан бағасы еш өзгеріссіз қалды. Ал 2015 жылдың соңында субсидия көлемі екі есе арзандап, 2,5 мың теңге болды. Ал 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап субсидиялау бағдарламасынан толық бас тартты.

Соңғы 5-6 жылда мемлекет нан бағасын тұрақты ұстап тұру мақстатында 6-8 млрд теңге жұмсаған.

Фото: nur.kz